Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 321-330 |
Страницы: « 1 2 ... 31 32 33 34 35 ... 175 176 » |
Облыстық «Ақ жол» газетінің «Еңбек туы» атауы кезінде Әкпарбек Доспамбетов деген майдангер тілші болып қызмет етті. Өмірі тілшілікпен өтті. Білімі газеттің қандай жұмысына да болса, жарарлық еді. Ағамыз осы қиямет-қайым ауыр жұмыстың барлық қыр-сырына жетік болатын, журналистиканың барлық жанрында қиналмай жаза беретін. Ол жылдары журналист ілкімділігінің, икемділігінің бір өлшемі – аудармашылық қабілет-тін. Әбекең бұған да жүйрік-тұғын. Ағамыз мінезді адам еді. |
Мойынқұмда Болатхан Әліқұлов деген ақын бар еді, марқұм болды. Жақсы азамат, жуас жігіт еді. Қу арақ кімді шешен, кімді көсем етпеген. Артық ауыз сөзі жоқ Болатханды да сайратқаны бар бірде бұл жынды судың. Ертеректе журналистік тірлікпен Мойынқұмның «Көктерек» кеңшарына барғаным бар. Жанымда «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің біздің облыстағы меншікті тілшісі, ақын Жақсылық Сәтібеков бар. Аудан орталығынан Болатхан қосылды. Мақсат – сол кезде дүркіреп тұрған шопан Шоман Шәріпбаев туралы очерк жазу. |
Әлі есімде… Бала кезіміз ғой. Бірде атам қатты ашуланды. Негізі ол кісі көп ашуланбайтын, ал ашулана қалса, бәрімізді қуырып жіберетін. Сол жолы әжеме ренжіді. Базардан мәсі сатып алған екен, онысын әжем жаратпаған ба… Әйтеуір төрде отырған атам шарт кетіп, қолындағы шәй кесемен әжемді жіберіп ұрды. Әжем де әбден әккі болып алған. Абайсызда атама жақпайтын сөз айтып қалып, енді соңы немен тынар екен деп іштей шыжбалақтап отырса керек. «Бір бәле келсе осыдан келер-ау» деп, атам сораптап отырған кесенің дастарқаннан көтеріліп, атамның аузына барып, қайтадан дастарқанға аман-есен келуінің бәрін көзінің қиығымен бағып отырған ғой. Кенеттен кесенің «маршруты» жалт етіп өзгеріп шыға келгенде әжем самаурынның жанына бұға қалды. Кесе дуалға тиіп, күл-талқаны шықты. |
Бала кезімде кіші інім Досболдың мінезі қызық еді. Әжеме қатты «табынатын». Былайша айтқанда, ол кісіден қатты қорқатын. Әрине, өзіміз де әжеміздің алдында батыр болдық деп айта алмаймын. Келін жұмсап, қолын жылы суға малып отыратын шағында шиеттей жас баланың ортасында жалғыз қалдырып, солардың түпсіз тірлігіне амалсыз көндіріп қойған тағдырына ренжи ме, әлде, сол кездегі жоқшылық заманға нали ма, әйтеуір бізге тым қатал еді. Түрі де сұстылау, бізді қабағымен-ақ зыр жүгіртіп жіберетін. Әлі күнге жақын ағайындар оны сыртынан «сот, прокурор әже» деп айтып отырады. |
Қайбір жылы тамылжыған тамызда біздің үйде бір үлкен той болды. Ол кезде бүгінгідей қаптаған мейрамхана жоқ, той өзіміздің бау-бақшада өтетін. Сол күні кешқұрым тойдың қамымен жүріп, інім өрістен келген малды асығыс қораға қамай салған ғой. Біздің қойлардың ішінде бір бөтен қошқардың да «қамалып» кеткенін байқамай қалыпты. Содан: «Бөтен мал бар ма?» дегендерге бәріміз бірауыздан «жоқ» дейміз. Есіктің алды абыр-сабыр адам болғандықтан шығар мал егесі жақынырақ келіп қораны көруге батпаған. Содан ауылды екі мәрте адақтап шыққан соң, қошқар иесі амал жоқ, сол күні қой баққан үйге барады. Ол баласын жіберіп, күндіз қой жайған сай-саланың бәрін аралап шыққан. Қошқар жоқ. «Иттің баласы, қойға дұрыстап бас-көз болмағансың, жұрттың малын жоғалттың, енді құнын төлейтін болдық», – деп әкесі баласын ашумен таяқпен жіберіп ұрған ба… Оған қошқар иесі араша түседі. «Мал ашуы-жан ашуы» деген, мұндай жағдай екі жаққа да оңай ма енді… Әйтеуір, сол күні қошқар табылмай, «не болса да ертең көрейік» дегенмен тарасады екі жақ. |
Кіріспе. «Атамыз Қонай батыр шалыс кісі болған екен», деп еске алады Дінмұхамед Ахметұлы естелігінде бабасы туралы. Димекеңнің ата-бабаларының «далалық тарихы» бойынша шежіре айтушылар Қонайдың шын мәнінде батыр болғанын дәлелдеп, көз жеткізе айтады. Ал, Димекең ата-бабаларына қатысты асыра сілтеп, мақтанып сөйлеуді ұнатпағандықтан төртінші атасы жөнінде «батыр шалыс кісі екен» деп қана қояды.Қазір бір қауым елге айналған Қонаевтар, яғни, Қонай әулеті жөнінде айтқанда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ескі нұсқаларының бірінде есімі еске түсетін Азынабай деген байдың болғанын білеміз. Азынабай бай атақты Зорбайдың (Ауызүсігеннің) жетінші ұрпағы. Атынан көрініп тұрғандай Зорбай шын мәнінде зор кісі, тұлға түр-түсі ерекше жаратылған дала қазағы еді. Қысты күні Талас, Балқаш, одан әрі Сарыарқа өңірінде жылқы тебіндетіп жүріп ауызын үсітіп алады. Содан ел ішінде «Ауызүсіген» атанады. |
Қостанайдың облыстық газетінде табан аудармай жиырма екі жыл көз майын тауысып, қалам сорып, ащы терге малшынып қызмет еткен жалынды күндерім есіме түссе жүрек тұсым кәдімгідей ып-ыссы боп, сағыныш сезім тұла бойды шарпып кетеді. Бал арасынша ләззаттана жинаған рухани игілік, жылдар өте келе көзі бітелудің орнына, тұма бұлақтай асаулана бұлқынып, көкірек көмбесінен молынан қарпуға ынтықтыра тартады екен... Иә, сондай қазыналы қамбадан сәті түсіп, ақтарылған мына бір суыртпақ сыр, бәлі, ұзақ жылдар тербеліп, иі қанып, күні жеткендей боп, күмбірлей құйылған еді. Әттең, бірақ тұтастай құмарлы қызық емес екен, жүректе беріштене түскен қайғы-мұңның қатпарлы қырғышының қылпа жүзіндегі шер-налалы, шерменде запыраны іспетті-ау, сірә!.. |
1985 жыл. 31 шілде. Көкше жеріндеміз. Машинада зайыбым Тиыш және екі қызым – Қарлығаш пен Ләйла бар. Көлік жүргізіп келе жатқан менің жанымда радиожурналист Жанатай Бекенов отыр. Әңгімеміз – «Балқадиша» әні туралы. Бұл хикаяны біршама білетін едім, сырттай ғана. Ал, 1980 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкшенің қария сөзді көнекөздерінен, Балқадишаны көрген-білген жандардан қилы-қилы әңгіме, дерек жинап, оған қызыға ден қойып жүргем-ді. |
Адам-тіршілігінің тұтқасы мен көркі, ақыл, ой байлығының қозғаушысы, өнер мен білімніңбесігі болған Жер-ананы кім ашты, жер үстіне бірінші қадам басқан адам кім? Мұны тарихта айтпайды, мен де білмеймін. Бірақ жер үстіне сол бір белгісіз адамның пайда болуынан кейін бүкіл тіршілікке, өнерге, өмірді өзгертуге бет бұрылғаны анық. Ол бет бұрыс адамның тамақ тауып жеуінен басталады ма, болмаса маңайын қоршаған өзінен күшті жыртқыштардан қорғану процесінен шым-шымдап өрби ме? Әйтеуір жер үстін адам келуімен біз жасап отырған өмірдің алғашқы тамшысы пайда болды десек қате айтпаған болармыз. |
Жаңа тақырып — біздің советтік өміріміздің шындықтары, әдебиетіміздің негізгі өзегі болуға тиіс. Міне, осы бір ең маңызды, ең ардақты міндетімізді орындау жолында біз, жазушылар қалың жұртшылық алдында, партиямыз алдында аса борыштымыз. Еңбек, ғылым майданындағы табыстар сонша көп, сонша биік, оның үстіне жүрісі нажағайдай тез, бүгін бір жаңалықты көріп болғанша тұс-тұстан басқа бір ғылым, еңбек жаңалықтары қабындап шыға келеді, сомдықтан әдебиетіміз алда болу үшін, өмір шындығын бұрып қамтып, бұрын жазу үшін жылдамдық керек, атқан оқтай тездік, шапшаңдық керек. |