Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 331-340 |
Страницы: « 1 2 ... 32 33 34 35 36 ... 175 176 » |
Есеп бергенде не жазып, не жазарыңды айту, өзіңнің шығармалық пландарыңды жариялау, әрине, есеп берер адамның қағидасы. Міне, осы қағидаға қосымша мен өзім қатынасып жүрген қазақ совет поэзиясы жайында өзімнің кейбір ойларымды да айтқым келеді. Біз совет жазушысы, ақындары ұлы бірлікпен коммунизм идеясын жырлаймыз. Сондықтан біздің арамызда да бөтен ағымдарға, теріс ауа жайылушыларға орын жоқ. Осы тұрғыдан қарағанда біздің әдебиеттің барлық жанрларында мызғымас тұтастық бар. Ол тұтастық бір адамның дене мүсініне ұқсас дейтін болсақ, поэзия екі көзіміздің бірі тәрізді. |
Жүсекең "Екі жиренді” жаздырған соң, режиссерім Ізбас Абдуллин екеуміз бұл ән жөнінде жазылған новелламды музыкамен көркемдеудің қамына кірістік. Фонотекада Теміржан Базарбаевтың "Екі жиренді” өзек еткен симфониясы, Сыдық Мұхамеджановтың Шәкен түсірген "Найзатас” фильміне "Екі жиренді” лейтмотив етіп жазған музыкасы бар. Және "Екі жиреннің” бірінші түрін шырқаған Жүсекеңнің, Ғарекеңнің үні бар. Соның бәрін новелланың баяндалу ығытына орай дәл беруіміз керек. Сол ой үстінде жүргенімізде, бір күні Сыдық Мұхамеджанов телефон соғып: "Бүгін түсте "Жаңадан жазылып алынған әндер” атты концерт берілді. |
Бір күндері "Екі жиреннің” екінші түрі үлкен симфонияға желі боп тартылды. Оны композитор Теміржан Базарбаев жазды. Шәкен бұл симфонияны әр кез сүйсіне тыңдап жүрді. "Екі жирен” жөнінде оның көңілі әлі де тынған жоқ еді. ”Найзатас” фильміне музыка жазған композитор Сыдық Мұхамеджанов "Екі жиренді” терең тебіреніспен лейтмотив етіп толғағанда Шәкен бір ұлы арманы орындалғандай шабыты тасып, осы фильмде өзі керемет ойнады. Бұл –Шәкеннің соңғы рөлі… |
Сол кештен кейін көп ұзаған жоқ, Суат Әбусейітов "Екі жиренді” радиоға жаздырды. Ән алғаш рет эфирден берілетін күні әнші Шәкеннің үйінде отырды. Тағы да екеуі ғана. Дастарқан жасаулы тұр. Екеуі ептеп коньяк ішті. Шәкен: «Әртістердің үйі осы. Мен де әртіс. Жеңгең де әртіс. Сен де әртіссің. Бірақ, бір айырмамыз – сенің келіншегің дәйім үйде ғой. Отбасын көңірсітеді де отырады. Сен концертіңді бересің. Гастроліңе шығасың. Бір күні үйіңе тау қопарғандай пұлданып-тұлданып, шаршап-шалдығып келесің. Жүзі жайнап, келін қарсы алады. Емін-еркін жуынып-шайынып, келіннің хош иісі бұрқыраған ақбұйра шайын ішіп, балаларыңды құшып-сүйіп,"өз үйім-өлең төсегім” деп рахаттанасың. Ал, біздің хал… Осы "Екі жиреннің” тұсында екі рет келдің. Екеуінде де жеңгең үйде болмай шықты. Өзімізше шүйіркелесеміз, енді, – деді сағатына әлсін-әлсін қарап қойып. |
Осыдан үш жыл бұрын… маужыраған мамырдың алғашқы күндері Шәкен демалысқа шыққан еді. Арқаны…, мамыр қымызын сағынып, Қарағандыға келді. Мұнда дос-жарандары көп. Екі-үш күн сол жайсаңдардың ортасында шашылып-төгіліп сейіл құрды. Бір күні Шәкен "Шахтатресте” инженер боп істейтін құрдасы Сейітті өзі орналасқан "Қарағанды” қонақ үйіне шақырып алды да: – «Осы жолы Баянаулаға да барсам ба, деген ойым бар еді, сабындай бұзылдым. Қарқаралыны, Шайтанкөлді көргім келеді. Кент тауы да есімді алады. Мұның бәрі көкейімде жүрген болашақ фильм түсірілетін чудо жерлер ғой», – деді. |
Алматыға көктем келді. Алатаудың боз мұнарға бөккен етегі құстар үніне тамылжып, жібек самал лыпылдап, хош иіс көкірек жарды. Наурыздың екінші жартысында Шәкен Москваға барып қайтты. Көңілді оралды. Өзі идея беріп, сценарий жаздырып, соны фильм етуді қуаттап, әлекке түсіп жүрген әуресінің бәрі ойдағыдай шешілді. Одақтық кинопрокаттағы мәселелері де сәтті орындалды. Сондай бір желпіністі күні киностудияда отырып "Екі жиренді” еске алды. Іле Суатқа телефон соқты. Ол пианист Кацманға кеткен екен. Консерваторияның телефонын тауып алды да, Кацманмен қолма-қол сөйлесті. – О, Шәке, аман…, аман, – деді сасқалақтап, күле сөйлеген Кацман. – Нанайын ба, нанбайын ба, менімен маэстро Айманов сөйлесіп тұр, а? О, ғажап! Тәңір сыйы бұл! |
Арада күндер өтіп жатты. Шәкен Суатты күтпеген жерде талай рет кездестірді. Көбіне киностудияда. Қат-қабат тірлік арасында Суатты тыңдап та жүрді. Тыңдаған сайын: "Кел… тағы да кел,” – дей берді. Суат та еркінсіп: "Гонорарым, аға…” дейді күмілжи еркелеп. Шәкен қолына қандай ақша түссе де ойланбастан ұстата салады. Суат осыған дәндеп алды. Бірде түс мезгілі… қасында сейіл құрып, жүрген жолдастары бар, Суат киностудияға келді. Ол кіргенде Шәкен кабинетінде бір орыс жігітімен шахмат ойнап отыр екен. Басын көтермеген күйі: – Ә, Суат. Шұбат… Түйенің қымызы, айта бер, шаруаңды? – деп мырс етті. |
1958 жылдың қысы. Саратовтың қар жамылған орманды алқабы артта қалды да, "Москва– Алматы” жүйрік поезы иен жазыққа көсілте салды. Москвада екінші онкүндікті зор абыроймен дуылдата өткізіп, қайтып келе жатқан қазақстандықтардың қуанышында шек жоқ десе де болғандай-тын. Олардың бәрі мәз еді, мол сүйініш құшағында еді. Бірін-бірі ардақтап, сөздері, күлкілері, әзіл-қалжың, ықылас-пейілі бір-біріне бек жарасып, мерейлері тасыды. |
Арада бір апта өтті ме, өтпеді ме, «Махаббат вальсі» Роза Бағланованың орындауында радиодан шалқыды. Жиі-жиі берілді. Көп ұзамай ресторандарда, перронда, студенттер жатақханасында шырқалды. Отырыс-жиындарда сүйсіне сөз етіліп, жұрт таңдай қағысып, таңырқады. Сол күндердің бірінде Бекен «Есік» қонақ үйіне келді. Осында ана жолы өзімен бірге орналасқан жігіттер бар еді, солардың бірі аңқылдақ Сапар кездесе кетті. Ол жігіт оған бір хат берді де: «Сыртта жолдастарым күтіп тұр еді, ғафу ет!» деп кетіп қалды. Бекен сәл аңырып, конвертті асығыс ашты. «Інішек Бекен! Сенімен жүздескім келеді. Менің адресім конверттің сыртында, үйге кел. Мұхтар Әуезов» деген жазуды оқыды. Бекен өз көзіне өзі сенбеді. Аң-таң боп тұрды да тездетіп отырып демалыс үйіне қайтты. Әнуарбек сыртта жүр екен. Бекен оған қолындағы хатты үнсіз ұстата салды. Әнуарбек хатқа үңіліп, таңғала күлімсіреді. |
Келесі жылы, иә, 1956 жылдың шілде айында Әнуарбек пен Бекен Алатаудың сұлу қойнауындағы «Просвещенец» демалыс үйінде кездесті. Бекеннің Әнуарбекті іздейтін себебі – бұл бір аңқылдаған ақ жарқын жанды туған ағасындай көреді. Әбден бауыр басып қалды. Сонау Семейде жатып, телефон арқылы жиі-жиі сәлемдесіп, бар жағдайын айтып, хабарласып жүреді. Ал, Әнуарбек болса Бекеннің радиодағы әндерінің концерттерде берілу жағын дәйім қадағалап, бәйек болады. Аға мен інінің арасындағы ғайыбынан үйлесе қалған бір игі жақындық. Бекен осыны дәтке қуат етеді. Осы жолы бұл жердің ауасы ұнай қалса біраз күн демалатын да ойы бар еді. Сырттай қызығып жүретін жер. Шырша, қарағайы, қайыңы сіресе өскен терең шатқал. Қалың жыныс. Қыз бұрымындай орап, бұлқына тулап жатқан өзеннің салқын лебі, хош иісі бұрқыраған алуан гүлдер… Ұлы сәске кезінде осы төңіректің жым-жырт боп тынып, сүттей ұйып қалатын мамыражай сәті Бекеннің жанын сергітті. Қайдағы бір ұмыт болған тәтті қиялын оятты. Бекен көңілі желпініп: |