Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 301-310 |
Страницы: « 1 2 ... 29 30 31 32 33 ... 175 176 » |
Қазақ рухани әлеміндегі небір майталман тұлғалардың көптеген табыстары олардың шаңырақтарындағы отанасының кісілігіне тікелей байланысты болып келеді. Ондай апаларымыздың өз еңбектерін міндетсінбей, байқаусыз күйде, қалтарыста қалғанды жөн көретіні тағы бар. Бұл жолғы кейіпкерім − Қыздаркүл Пернебайқызы, жазушы Мархабат Байғұттың жан жары.Жазушы ағамыз еркелетіп «Қыздан» деп қояды. Ол кісімен алғашқы ұшырасуым әлі күнге есімде. «Лениншіл жаста» жұмыс істеп жүрген кезім болатын. Шымкент шаһарына жеке шаруаммен келгенімді айтқан едім. Махаң: «Үйге жүріп, жеңгеңіздің қолынан дәм татыңыз», – деді бірден. «Демек, ағамыздың жары жомарт жан екен ғой...», –дегендей ой қылаң берді миымда. Бес қабатты үйдің подъезіне аттап кіргеніміз де сол еді. Риясыз жымиған күйде бір келіншек баспалдақпен жайлап түсіп келе жатты. Жымиғанда да тура маған қарап жымияды. Махаң «ә» деп аузын ашып та үлгермеген еді. |
Жазушы, драматург, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Социалистік Еңбек Ері» атағының иегері Ғабит Мүсірепов әр жанрда жалпы саны 500-ден астам шығарма жазған. Жазушының шығармалары әлемнің 34 тіліне аударылған. Бірақ, біз бүгін Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығы туралы емес, пендәуи тірлігі, отбасылық өмірі, ғұмырдариясының баянды һәм баянсыз беттері туралы әңгімелеуді жөн көрдік. Жазушының бірінші әйелінің аты – Қаншайым. Ол бір байдың келіні болған көрінеді. Ауылда әскери қызметте жүрген Ғабең Қаншайымды алып қашып, үйіне әкеліп түсірген екен. Көп ұзамай, өзі Орынборға рабфакқа оқуға кетеді де, Қаншайым әке-шешесінің қолында қалады. |
Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. |
«Өлі риза болмай тірі байымайды» демекші, бізді таныстырған бөлемнің қарасы болатын. Сол бөлеміз, яғни Құмарғали аталарын соңғы сапарға шығарып салуға жиналған сегіз-тоғыз баласынан тараған немерелері, жиендері, шөберелері жылап-сықтағанда, сай-сүйегіңді сырқыратады. Құмарғали бөле өте қарапайым, кішіпейіл адам еді. Балалары мен қыздарының барлығы да институттарын бітірген, көбісі Атырауда тұрады. |
Оспан батыр Сіләмұлы бүгінгі ҚХР Шыңжаң өлкесінің Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданында туған. Оспанның батыр атағының шығуы – (1940-1951) жылдар арасы. 1940 жылы Есімқан, Ырысқан бастаған Көктоғай, Шіңгіл елі Шың шысай үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасағанда, сол топқа қосылып шыққан. Бұрын қарапайым шаруаның бірі болған Оспан соғыс барысында көрсеткен ерліктері арқылы батыр атанып, қос басқарып, көзге түсе бастайды. 1941 жылы Құбының құмын жалаңаш қоспен қыстап шыққан Оспан тобы небәрі жеті-ақ адам еді. 1942 жылы жаз маусымына ілінген соң-ақ әр тараптан, Қытай үкіметінен қорлық-зорлық көріп, қашып шыққандардың қосылуымен адам саны көбейе берді. |
Нұрбек асудың қырына жеткенше әбден сілесі қатып қалжырады. Ол еш уақытта адам баласының аяғы басып көрмеген қалың қарда оппалап малтығып келеді. Асуда ысқаяқ ызғырық денені түршіктіріп тұр. Нәр татпағанына міне, бір тәулік болып қалды. Тезірек етекке жету керек, онан малшылардың киіз үйлері кездесіп қалуы мүмкін. Асудан тау баурайы түгел жақсы көрінеді. Төменде, сонау шатқалда үлкен өзен ағып жатыр. Бірақ Нұрбек ешқандай адам тұрағының ізін көре алмады. Ол әбден болдырып тасқа отыра |
Жаңбыр құйып кетті. Қас қаққанша-ақ сай-саланы кернеген телегей-теңіз сел айғыз-айғыз арналармен құла берісті құлдилай жөнелді, лайсаң тасқын тайынша тастарды құзға құлата, шырқау шыршаларды түбірімен қопара келіп Байдамталға құйып жатыр. Арнасына сыймай арқыраған лай өзен шатқал ішінде сарқырай түседі. Қараңғы түсіп кеткен, сонда да қара қошқыл толқынның мезгіл-мезгіл жағадан лықсып асып жатқанын көруге болады. Толқын гүрілдеген екпінімен тасқа соғылады да, быт-шыты шығып, ыңырана |
|
Ол жарық дүниеге келгелі туған әкесін тұңғыш рет кинодан көрді. Бұл оның әлі ақыл тоқтатпаған, бестен алтыға аяқ басқан шағы еді. Оқиға қыстақ тыңту сыртында алыстан ағарып көрініп тұратын кашарда жүн қырқу маусымы басталған күні болды. Көлбеп жатқан кен жотаның етегінен басталатын наруан жол бойындағы үлкен кашар қамыспен жабылған, төбесін кейін шиферлағаны болмаса, қазірде де баяғы қаз қалпында. Бұл жаққа қурай «атына» мініп, жолдың екі бетін шаңғыта жортып, шешесіне еріп келетін оның әр сапары ойын-қуанышқа толы. Шешесі Жаһанкүл совхоздың почта бөлімінде телефонистка боп істейді. Жыл сайын жаз шығысымен жүн қырқуға араласатын. |
Талас алқабын жайлаған қырғыздар арасында бір аңыз бар. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі. Бір жігіт Талас өзенін көшіп өтпек болады. Өзеннің арғы бетінде сарғая күтіп қалыңдығы отыр. Жігіт соны түн жамылып алып қашпақ. Кешқұрым жігіт өзен жағасына кеп, айран-асыр қалады. Кемерінен аса шалқып өзен жатыр! Өткелдің із-түзі де жоқ. Сұлу қалындықтан айрылып қалам-ау деп қапаланған жігіт жағаны бойлап, жан ұшыра әрлі-берлі жүгіреді. Ақыры атым алып шығар деген тәуекелмен өзенге қойып кетеді. Сол сәтте ат сүрініп кетіп, қалпақтай ұшады да, асау ағын іліп ала жөнеледі. Ат суға кетеді, ал жігіт тал қармап жүріп, әрең дегенде құтылады. Сүйретіліп судан шығады. Зәре-құты қалмаған. Тісі тісіне тимей сақ-сақ етеді. Сұлу қалыңдық жайына қалады. Бетін күн батысқа беріп тізерлеп отыра кетеді де, алақанын жайып жіберіп жалбарына бастайды: |