Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 341-350
Страницы: « 1 2 ... 33 34 35 36 37 ... 175 176 »

Шілденің шыжып тұрған аяқ кезі…

Әнуарбек Байжанбаев біраздан бері Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» ро­­­ма­нының бірінші кітабын радиодан оқи бас­таған-ды. Бүгін соның кезекті бір үзін­дісін майда қоңыр үнімен балбырата оқып, ойлана толқыған күйі студиядан шықты да, дикторлар бөлмесіне кірді. Тамағы құрғап, шөлдеген еді. Бір стакан су ішті. «Қаталатып бара жатқан неткен күн бұл?» деп орамалымен тершіген бе­­тін сүртіп, терезені кеңірек ашып, аядай бөл­меде дегбірі кетті. Ауасы тарлық етті.

Барлық реферат | Просмотров: 1057 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Қолында жалғыз чемоданы бар жалғыз жігіт қала табалдырығын аттағалы тұрды. Жігіттің көз алдында бір шеті сонау түксиген тауға тіреліп, бір шеті жалпақ далаға шегініп мыңғырған үлкен қала жатты. Иін тіресе жалғасқан үйлер, өрмекшінің торындай айқыштанған көшелер, әредік-әредікте аспандап шошайған түтін мұнаралары, қаланың басы да, аяғы да жоқ мың-жыбыр тірлігі өз тынысы, өз ырғағымен жүріп жатты. Қала үстін не түтін, не тұман екені белгісіз салбыраған мұнар басқан. Автобус әлі келмепті. Көпшіліктің қасында қолында жалғыз чемоданы бар жалғыз жігіт емес, күні кеше ғана тұяғы астында жалпақ дала дөңгеленген Асау тұрды. Жылқы баласы қала тірлігіне аспаннан түскендей тосырқана қарайды. Қоршаған қала тірлігі жылқы көзінде қалай жұмбақ көрінсе, бұның осы ортаға қалай түсуі одан да зор жұмбақ. Жалпы ол ештеңе ұға алмай тұр, мынау төрт тұяқ тас көшеде жұқару үшін емес, жалпақ жазираны құшаққа алып көсілу үшін, керек емес пе еді! Жылқы, жылқы болғалы қанша заман.
Барлық реферат | Просмотров: 949 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Соңғы кездері Оқапты туған ауылы, ондағы қыр суреттері, әсіресе өзеннен балық аулап, жағадан шөп орған кездері көз алдын кес-кестейтін боп жүр. Таңғы таза ауада көк құрақтың бұрқыраған иісі қылы сыртқа қылтиған қоңқақ танауына шым-шымдап ке­ліп, сол шөпті уыстап ұстап, сол иісті құ­шырланып иіскегісі-ақ келеді. Мырс ете қала­тыны, міне, жарты ғасыр болыпты, қала­ның иісін иіскегелі. Тұрғын үй басқармасына сантехник-жөндеуші боп орналасқалы да осыншама уақыт өтіпті. Ауылдан әскерге аттанды. «Жауырының жалпақ әрі жүзуден алдыңа жан салмайды екенсің», деп Қара теңізге қалдырды. Үш жыл матростың алабажақ жейдесін киіп, теңізге қарап тұрып төзімі таусылып, елді сағынды. Ол да болса қазір аңсары ауып, армандап отырған Сыр суының сиқыры. Бала күнінен ағын суға тік шаншылып сүңгіп, жүзуден алдына жан салмай, арнаның арғы бетіне демалмай барып-қайтпаса, буырқанған Қара теңізде қызмет етуге қалдырушы ма еді. Бүгін ғана: «Туған жер, бәрі сенің арқаң», деп жетпіске кеп есін жиып, дір-дір етіп дамылдап отыр.
Барлық реферат | Просмотров: 951 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Бекен күндегіден ерте оянды. Ұйқы­сы шайдай ашылған. Сергек. Тез-тез киініп, аспай-саспай бипаздана жуынып, жүрісі де жеп-жеңіл… тіл ұшында: «жаным, деп маған үн қатқан» деген құштарлық, құмарлық сөз…осы сөзді іштей «Аһылата» айтқызған назды әуез еркелете жетелеп, ол сыртқа шықты. Алатаудың көкке тірелген шың басынан сарғайып атып келе жатқан алтын арай «Алтыбасар» әніндегі: «Астынан ақсаңдақтың шығарып сап» деген іңкәрлік сөзді заматта есіне түсіріп, осы көрініс Бекенді тырп еткізбеді. Ол таң нұрын алғаш рет көріп тұрғандай сұқтана қарады. Қоңыр көзі тұңғиық сырға тұнды. 
Барлық реферат | Просмотров: 741 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Бекен түс мезгілінде Нұтфолла Шәкеновті филармониядан тапты. Композитор Бақытжан Байқадамов екеуі концерттік залда рояльдің қасында әңгімелесіп отыр екен. Бекенді көрген сәтте Нұтфолла: – О, Бекенжан, оу, қа­шан келдің Семейден, а? Саламат па! Ел-жұртың аман ба? Бақа, бұл Жамақаев деген ініміз, – деп құшақтай алды.
– Ә, Жамақаев па? Білем… сырттай ғана. Әндерін тыңдап жүрмін, – дей бергенде бір қыз келіп: – Бақытжан аға, сізді телефонға! – деді.
Байқадамов шыға жөнелді.
Барлық реферат | Просмотров: 725 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1976 жылғы маусым айының орта тұсы. Ол кезде Катонқарағай аудандық радио редакциясының жауапты редакторы болып істеп жүргем. Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетінің 2-курсында сырттай оқимын. Бір күні аудандық атқару комитетінің төрағасы Ермак Абушаев өзіне шақыртты. Бардым.
Барлық реферат | Просмотров: 894 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

 (Қаз-қалпында)

…Ойда жоқ жердегі ұшырасу деп осындайды айтса керек. Троллейбус есігінің табалдырығында. Мен сыртқа шығып келе жатқам. Ентелеп ішке кірген ол күлімдеген қалпы кері түсті. Бір-бірімізді көрмегелі талай жыл. Шамасы, ширек ғасыр. Әй, қайдам одан да көптеу ме?! Заматында басыма жетіп келгені: "Дәл өзі. Аты кім еді, ә?..”.

Түс әлеті. Алматының шіліңгір шілдесі жер-көкті шыжғырып тұр. Бір жақсысы, аялдамада жүргін­ші­лер аз. Самбырлай ілгері адым­даған жүзтаныс ағай адамдардың аяғынан шеткерірек оқшауланып барды да, қапсыра құшақтап, қо­лымды ұзақ қысып жібермеді.

Барлық реферат | Просмотров: 728 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

  Содан бері қаншама жыл өтсе де, көкейімде дәл кешегідей сайрап тұр.

     Соғысқа біздің әулеттен төрт бірдей азамат аттаныпты. Екеуі ғана оралды. Балалардың үлкені менің әкем мен ең кенже көкеме топырақ алыстан бұйырды. Есімді біле бастағанда көргенім - үй толы бала, сосын бұрымдары тобықтарына түскен жас әйелдер еді. Анашымды мың әйелдің арасынан дәл ажыратамын ғой. Қалғандары жеңгелерім екен. Майданға аттанарда, төрт ағайынды жігіт не көрсе де, бірге көрсін деп, төрт отбасын бір жерге жинап кетсе керек. Сірә, түгел оралмасын сезген шығар.

Барлық реферат | Просмотров: 1291 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1976 жылғы маусым айының орта тұсы. Ол кезде Катонқарағай аудандық радио редакциясының жауапты редакторы болып істеп жүргем. Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетінің 2-курсында сырттай оқимын. Бір күні аудандық атқару комитетінің төрағасы Ермак Абушаев өзіне шақыртты. Бардым.
Барлық реферат | Просмотров: 899 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Александр Александрович Фадеев (партизандық лақап аты — Булыга; 24 желтоқсан, 1901 — 13 мамыр 1956) — орыскеңес жазушысыжәне қоғам қайраткерлері. Бригада комиссары (1942 жылдан бастап полковник). Бірінші дәрежелі Сталин орденінің лауреаты (1946). 1918 жылдан бастап КОКП-ның мүшесі.
Барлық реферат | Просмотров: 935 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 321-330 331-340 341-350 351-360 361-370 ... 1741-1750 1751-1756