Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 311-320 |
Страницы: « 1 2 ... 30 31 32 33 34 ... 175 176 » |
Сөнбейтін нұр Краковта. 1961 жылдың күзі. Польша Халық Республикасын аралап жүрміз. Бұл достық сапарда Варшава, Познань, Вроцлав қалаларында болдық. Қазақстаннан арнайы туристік топ боп шыққан адамдар бесеуміз. Болған қалаларда көргендеріміз — бақыт жолына түскен поляк халқының жаңа өміріндегі тамаша өзгерістер, бүгінгі советтік шығысқа деген олардың ынта-ықыласы жөнінде купе ішінде қызу пікір алысып отырмыз. Қай қалаға келсек те туған бауырларындай құшақ жая қарсы алады. Тіл бөлек, тұр бөлек. Бірақ жүрек бір, тілек бір. Сондықтан да тез ұғысады екенсің. Әп-сәтте шүйіркелесіп кетеміз. |
Жаңа жыл — 1970 жылдың бетін аштық. Бір жасқа есейдік, бір қадам ілгері бастық. «Есею», «қадам» деген ұғымдар былай алғанда тым қарапайым естіледі. Ал, сол шын мәнінде қарапайым ба? Есеюіміздің, ілгері басуымыздың табиғатына үңіле қарасақ, ғажайып сырлары бар. Бұл бір жылдың сыры болғанымен ғасырдың, дәуірдің сипаты. Біздің жылдарымыз бірімен-бірі сабақтасып, бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі биіктеп дәуірдің шежіресін құрайды. Биіктеген сайын тереңнен көтерілген теңіздің толқынындай өр келеді. |
Көктем сайын адам көзі гүлге құштар болатыны өзіңе мәлім. Сен екеуміз Бірінші Май келгенде де сөйтеміз: оның таңы қылаң берсе болғаны, үйде тағат тауып отыра алмай, дереу терезеге жүгіреміз, ерсілі-қарсылы ағылып жатқан халыққа қараймыз. Сол көп ішіндегі достарымыздың бірімен болмаса, бірімен кездесу, сырласу үшін сыртқа да шығып кетеміз. Парадта, санатта да ортақ ойды бірге толғаймыз. Бұрын-соңды жүзі таныс емес еңбеккермен де етене шүйіркелесе қалатынын бар-ау... Ол ол ма, тіпті ешқашан көрмеген, келешекте көрісе алмауын да ықтимал, әйтеуір өмірде барын көкірегін ғана сезетін әрі сүйетін бейтаныс досына да лебіз білдірсем деп шабыттанатын шағың осы Бірінші Май күні жиі кездеседі. Менің осы хатты жазуыма да тап сол бір соңғы сезім түрткі салды: сенің тұрағың дүниенің қай түкпірінде екенін білмесем де, осы хатты өзіңе арнап жазайын дедім. Әзірше менің білетінім — әйтеуір сен бір жерде еңбек етіп жүрсің (еңбек етпейтін адамға бұл хаттың ешбір қатысы жоқ). Сол себепті де сені досым деп, бір лебіз білгізбекті мақсат еттім. |
Көркем тірліктің көзі ашық, көкірегі сергек михнаткеші өзінің тоқсан жасын үздіксіз іспен тоғайтқанды қазақ интеллигенциясы өз шоғырынан көріп-білген емес. Ауық-ауық қатты сілкінетін таулар тарихындағы айтып келмейтін апат арты да өзінен кейінгі тылсым тіршілік жүйесіне көбіне берекелі биік пен еңіс, шұрайлы жазықтар жасап қалдырады. Әлгі мөлшердегі ата жасынын жартысын да бұйыртпай, тағдыр тәлкегіне душар еткен ақын-жазушыларымыздың ізін ала келгендерге алла тағаланың бұл да бір сондай рахымы мол, өнікті өтеуі шығар: «Тоқсанға һәм соған жетеқабыл аталар тізбегін көріп отырып, мен өмір заңының осындай жағын да ойлаймын. Өйткені, қарымды қаламгер толтырған тоқсаныңыз алдымен аузы дуалы, қаламы қағылез абыз арнасын кеңейтеді. |
Өмір аманатсыз болмайды екен! Алғашқы аманатты жан анамның аузынан ақырғы демі бітерде, жиырма жеті жасымда естіппін. Сүйегіне ілініп, қос жанары жылтырап, пышақтың қырындай жанылған жақтарын шодырайған иегі әрең қабыстырған күйі, кемсеңдеуге әл-дәрмені келмей жатып: «Қаламсабыңды тастама!..» – деп иегін соңғы рет қағып қалған. «Құлыным» деуші еді жарықтық, демі жетпей, сол тәтті атауын қармай алмады білем… Анамның осы аманат сөзін Ә.Нұршайықов дос-ағам мен туралы мерейтойлық (60 жас) мақала жазғанда эпиграф етіп алды. Демек, қаламсапты тастауға хақымыз жоқ екен! |
Біздің қазақ халқы сол Ұлы Отан соғысы жылдарында қай жерде мерт болғанын білмей, із-түзсіз жоғалтқан аға-бауырларын әлі күнге дейін сағына іздейді. Сағынышпен еске алып отырады. Соғыс сызы әлдеқашан естен шыға бастаса да, кеудедегі сартап сағыныш, о шіркін, әлі де үзілер емес. |
Көктемнің кезі еді. Нұртаза көкемнің базына бір үйір жылқыны қамаған біздің үйдің жігіттері тайларға құрық сала бастады. Шетінен ноқталап, алып қалды. Үйірді еркіне жіберді. Тайдың бәрін үйге алып келді. Түстік ішіп отырғанда Бектөре ағам «тайға мінесің бе?» деген. Біз асаулығын айтқанбыз. Ағаларым әр жерден шулап кетті. Әңгіменің тоқетері жігіттікке келіп тірелгенде бізге де айтатын сылтау қалмаған еді. Бірі асауды жүгендеп, екіншісі ер-тоқымын салып, тартпасын тартты да маған қарады. «Мін!» дейді. Қорқақсоқтап тұрып үзеңгіге аяқ салдық. Міндік. «Тізгінді мықтап ұста, таралғыға аяғыңды салма» деген. Қайдағы, кішкентай аяғымыз үзеңгіге жетпейді. Тізгінді мықтап ұстауға күшіміз кем. Ағам асаудың басын жібере салды. Өмірінде жүген көрмеген бәле оқалақ тигендей туласын келіп. Алдымен екі артқы аяғымен тік тұрды. Одан кейін күшін екі алдыңғы аяғына салып, мөңкіді. Осы тұста жел ұшырған қағаздай болып аттың екі құлағының арасынан біз де қалықтап бара жаттық. |
Адам ойсыз күн өткізбейді. Көңіл қалықтап, қиял шартарапқа самғайды. Бір ой бар, келді, кетті, із-түзсіз жоғалады, бір ой бар, қайта-қайта орала береді, көкейіңнен кетпейді. Аяқ астынан болмашы нәрседен тұтанып, кең өріс алып кететін ойлар да бар. Мен солардың кәдеге жарар-ау дегендерін тізіп жаздым. Мұндағы мақсат – мен білгенді ел білсін, білетіндерін еске түсірсін деген ниет. Өнер туындысының бір де біреуіне немқұрайды қарауға болмайды. Өнер өмірмен біте қайнасқанда ғана шыншыл. Өкінішке карай, кейде өрен туындыдан өлер туынды көп. Өкініштің көкесі – сол сұрқай шығармаларға көз үйреніп кететіндігі. Ал, мұның өзі ұлтымызға немқұрайдылыққа ұласса, мәңгүрттік, әне, сол. |
Халыққа керегі – шындық. Дәл қазір шындықты айтудан қашқақтау – бейшаралық. Кеңес Одағы кезінде басшы кадрларды Алматы жоғары партия мектебі жанындағы бір айлық курста оқытып, қайта даярлықтан өткізетін. Сол курсқа барғанмын. Оның оқу бағдарламасымен қоса мәдени-көпшілік жұмыстар бағдарламасы да бар. |
Алтын қор. Беделді адамдар – алтын қор. Мұны ақылды басшылар жақсы білген. Айтбай Назарбеков сондай басшы болған. Мойынқұм ауданын ұзақ жылдар табысты басқарған бұл адам жөнінде айтылар әңгіме көп. Айтбай Назарбеков мыжырайған жатаған үйлі Фурманов ауылын 70-80-жылдары сол заманғы әсем кентке айналдырған. Айтекеңе бұл істе дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев өлшеусіз көмек көрсеткен. |