Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 51-60
Страницы: « 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 290 291 »

Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағының, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады.
Барлық реферат | Просмотров: 1183 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қағаз ақша – атаулы құны бар ақша белгілері, яғни айналыста толымды ақшаны алмастыратын құн белгілері. Оны мемлекет өзінің шығыстарын жабу үшін шығарады. Қ. а. асыл металдармен қамтамасыз етілмеген, асыл металға айырбасталмайды және ұсақталмайды. Бағамы мәжбүрлі түрде белгіленеді;  Қ. а-ның бірнеше мәні бар: төлемнің заңды құралы – экономиканы, мемлекетті несиелендіру үшін және мемлекеттің алтын-валюта сақтық қорын молайту мақсатымен айналысқа шығаратын банкнота
Барлық реферат | Просмотров: 1079 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ, капитал экспорты – кәсіпкерлік қызметтің түрлі нысандарын жүзеге асыру және пайда алу мақсатымен капиталдың шет елдегі ұзақ мерзімді салымы. К. ш. ш. негізгі екі нысанға бөлінеді. Олар: тікелей және қоржындық инвестициялар. Тікелей инвестициялар қаражатты шет ел кәсіпорындарын (филиалдар, бөлімшелер, бірлескен кәсіпорындар) құруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар сатып алуға, акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе бақылау құқығын беретін мажоритарлық қатысу жолымен шетелдік компанияға бақылау орнатуға, шетелдік филиалдардың қызметін кеңейтуге, соның ішінде пайданы кері инвестициялау есебінен кеңейтуге жұмсау болып табылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1108 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

КАПИТАЛ (нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Барлық реферат | Просмотров: 2238 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАРЖЫ, финанс (ағыл. және фран. fіnances, орта лат. fіnantіa – ақшалай қаржы, аяқтау, төлем төлеу туралы бұйрық) – ақша қорын жасау және пайдалану барысындағы экон. қатынастар жиынтығы. Мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарының, жинақ қорларының қалыптасуы барысында ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі және қайта бөлінуі процесін, осыған орай туындайтын ақша қатынастарын сипаттайтын іргелі, жалпылама, көп мәнді экон. категория ретінде қарастырылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1936 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ,  қаржы рыногі – капитал несие берушілер мен қарыз алушылар арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары рыногінің бір бөлігі. Қ. н-н бастапқы және қайталама рыноктардың жиынтығы деп қарауға болады. Бастапқы рынок бағалы қағаздарды шығару сәтінде пайда болады, оған қаржы қорлары жұмылдырылады. Қайталама рынокта бұл қорлар бірнеше рет қайта бөлінеді. Қайталама рынок биржалық және биржадан тыс рыноктарға ажыратылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1829 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ, Халық банкі – аса ірі әмбебап коммерциялық банк; Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Банктің Қазақстанда 528 құрылымдық бөлімшесі, Ұлыбританияда (Лондон), ҚХР-да (Пекин) және Ресейде (Мәскеу) шетелдік өкілдіктері бар. Банк өз тарихын 1923 ж. тамызда Ақтөбе қ-нда мемл. еңбек жинақ кассасының ашылған кезінен бастайды.  1988 жылғы банк реформасы бойынша екі деңгейлі банк жүйесіне: орт. банкке және мамандандырылған банктерге көшу межеленіп, мемл. еңбек жинақ кассалары жүйесі халық пен заңды тұлғаларға қызмет көрсететін КСРО жинақ банкі болып қайта құрылды. 

Барлық реферат | Просмотров: 1507 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ – орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, салааралық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1076 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ, Қазақстанның ұлттық банкі (ҚҰБ) – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, айналысқа түсіру, бағалы қағаздар шығару және олармен түрлі операциялар жасаумен айналысатын республикалық орталық мекеме. Біздің республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. ҚҰБ 1993 ж. 13 сәуірде қабылданған "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” ҚР Заңына сәйкес КСРО Мембанкінің Қазақ респ. банкі негізінде құрылды. Республиканың банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңдық негіздері 1990 ж. 7 желтоқсанда қабылданған "Қазақ КСР-ндағы банктер және банк қызметі туралы” Заңда қаланды. ҚҰБ-нің атқарымдары мен өкілеттіктері ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” 1995 ж. 31 тамыздағы заң күші бар Жарлығымен белгіленді. ҚҰБ басқа елдердің орт. банктерімен және басқа банктерімен қарым-қатынаста Қазақстанның мүддесін білдіреді.
Барлық реферат | Просмотров: 1640 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қаржы саясаты – мемлекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін қаржыны ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі шараларының жиынтығы. Қаржы қорларын жұмылдыру нысандары мен әдістері жүйесінде, оларды халықтың әлеум. топтары, қызмет салалары арасында бөлуде, қаржы заңдарында, шығыс пен кіріс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясатына мемл. бюджет қызмет көрсетеді және ол экон. саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан ел экономикасы өркендеуінің басым бағыттарына байланысты түрде де, өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы және құрылым құрайтын мәні бар басқа да салалардағы, сондай-ақ, а. ш-ндағы мемл. сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып та қалыптастырылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1400 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 31-40 41-50 51-60 61-70 71-80 ... 2891-2900 2901-2903