Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - РЕФЕРАТ
05.02.2014, 23:47

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ, Қазақстанның ұлттық банкі (ҚҰБ) – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, айналысқа түсіру, бағалы қағаздар шығару және олармен түрлі операциялар жасаумен айналысатын республикалық орталық мекеме. Біздің республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. ҚҰБ 1993 ж. 13 сәуірде қабылданған "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” ҚР Заңына сәйкес КСРО Мембанкінің Қазақ респ. банкі негізінде құрылды. Республиканың банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңдық негіздері 1990 ж. 7 желтоқсанда қабылданған "Қазақ КСР-ндағы банктер және банк қызметі туралы” Заңда қаланды. ҚҰБ-нің атқарымдары мен өкілеттіктері ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” 1995 ж. 31 тамыздағы заң күші бар Жарлығымен белгіленді. ҚҰБ басқа елдердің орт. банктерімен және басқа банктерімен қарым-қатынаста Қазақстанның мүддесін білдіреді. ҚҰБ – дербес балансы бар заңды тұлға. Негізгі міндеттері – Қазақстанның ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оған ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысуды ұйымдастыру және валюталық қарым-қатынас, Қазақстанның экон. дамуы, және оның әлемдік экономикаға бірігуі саласында мемлекет саясатын әзірлеп, жүргізу; ақшаның, несиенің және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; банктердің салымшылары мен несиегерлерінің, сондай-ақ, банктер мен өзге де ұйымдардың қызметін реттейтін актілер қабылдау және олардың орындалуын бақылау жолымен шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар клиенттерінің мүдделерін қорғау міндеттері де жүктелген. Негізгі мақсаты – республикада бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ол үшін ақша-несие саясатын әзірлеп, жүргізеді; төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасайды.

Басқару органдары – Басқарма мен Директорлар кеңесі. Басқарма – басқару органы, Директорлар кеңесі (Директорат) – жедел басқару органы болып табылады. Басқарма құрамына 9 адам (төраға, оның орынбасарлары, ҚР Президентінен 1 өкіл және ҚР Үкіметінен 2 өкіл) кіреді. Директорлар кеңесінің құрамына төраға, оның орынбасарлары, төрағаның ұсынуы бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді. ҚҰБ ҚР Президентіне есеп береді. Ұлттық банкті Төраға басқарады. Оны Парламенттің келісуімен Президент 6 жылға тағайындайды. Төрағаның орынбасарларын да ҚР Президенті төрағаның ұсынуы бойынша 6 жыл мерзімге тағайындайды. ҚҰБ-нің мемл. билік органдарымен қарым-қатынасы заң актілерімен берілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырылады. ҚҰБ өз қызметінде тәуелсіз.

ҚҰБ-нің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі және алған таза кірісінен аудару арқылы кемінде 20 млрд. Қазақстан теңгесі мөлшерінде қалыптасады. Ол өз балансындағы мүлікті басқарма белгілейтін тәртіппен иелену, пайдалану және басқару құқығын дербес жүзеге асырады. ҚҰБ-нің сақтық капиталы жарғылық капиталдың мөлшерінде қалыптасады, таза кіріс есебінен толықтырылады және жүргізілетін операциялар бойынша басқарма белгілеген тәртіппен шығын мен зиянды өтеуге ғана жұмсалады. Оның меншікті қаражатына жарғылық қор, сақтық және арнаулы сақтық қор, өндірістік-әлеум. даму қоры жатады. ҚҰБ-тің күмәнды несиелер, депозиттер, бағалы қағаздар, есеп айырысу кезіндегі шығындар, есепшоттардағы қалдықтар, аяқталмаған құрылыс көлемі кіретін басқа да активтер, монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптар және әлеум. сипаттағы төлемдер бойынша арнайы сақтық қорлары ҚҰБ шығыстары есебінен, ал банк активтері бойынша жалпы сақтық қорлары оның бөлінбеген кірістері есебінен құралады.

ҚҰБ-тің қаржы жылы ішіндегі таза кірісі нақты алынған кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалады. ҚР Президенті ҚҰБ-нің жылдық есебін бекіткеннен кейін, алынған таза кірістің қалған бөлігі келесі қаржы жылына арналып респ. бюджетке аударылады.


Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 738 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar