Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі
06.02.2014, 21:26
Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағының, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады.

Халықты орналастыру - халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналастыру.

Халықтың қоныстануы - халықты елді мекендер бойынша орналастыру.

Бұлардың бір-бірімен тығыз екендігін дәлелде. Қалалық және ауылдық елді мекендер, соған байланысты қала мен ауыл халқы деп бөлінеді.
Қала халқы: қала — агломерация — мегаполис

1. Қала халқы: қала — агломерация — мегаполис. Кез келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді.
Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы.
Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық).

1) қаланың және халқының өсуі;
2) қалалық тіршіліктің өркендеуі;
3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис.

Қалалар Қазақстан жерінде ежелгі дүние кезеңдерінде қалыптасқан жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық саны өсті. Қала және қала типтес ауылдар көбінесе бір кәсіпорын маңында (зауыт, фабрика, кен орны) калыптаса бастады. Экономикалық дағдарыс тұсында көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 кала және 35 кент бар. Қалалар тұрғын санына, атқаратын қызметіне және елді модернизациялаудағы реліне қарай бөлінеді.

Қала қызметі - қаланың негізгі қызметі. Олар қаланы қалыптасатын және қалаға қызмет көрсететін салаларға бөлінеді.

Қаланы қалыптастырушы қызметі - негізгі. Бұл қаланың мамандығы, яғни сол үшін негізі қаланған. Ңаланы қалыптастыруға өнеркәсіп, көлік, сауда, әкімшілік, мәдениет, ғылым, туризм және әскери қызметтер жатады.

Қалаға қызмет көрсету - қаланың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Олар үй - коммуналды шаруашылық, қала көлігі, кейбір кәсіпорындар (мысалы, нан зауыты), сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету.

Қала халқының саны мен қызметі арасында тығыз байланыс бар. Қала ұлғайған сайын қызметі көбейе бермек. Керісінше қызметтің пайда болуы қаланың өсуіне әсері бар. Мысалы, Астана. Елді модернизациялауда ерекше рөлді:

1) Астана мен Алматы атқаруда.
2) Ұлттық мәні бар көмекші қалалар (облыс орталықтары).
Барлық қалалар мен кенттер - қалалық орналасу тармағын құрайды.

Енді өздерің байқағандай Қазақстанда ұсақ қалалар басым. Бірақ қалалықтардың 4/5 (халықтың 40%) үлкен қалада өмір сүруде. Олардың міндеті халықтың орналасуын жақсарту, өмір сүру деңгейін жоғарылату және мемлекетті модернизациялау, себебі кез келген қала (саны 100 мыңнан артық болса) айналасында агломерацияны қалыптастыруы мүмкін.
Агломерация (лат. aqqlomerare - қосылу) қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерадия негізгі қаладан (ядро) және серіктес қаладан (өндірістік, көліктік, сауда, туристік) тұрады. Арасында өндірістік, еңбек, мәдени байланыстар бар.

Агломерация екі жолмен қалыптасады. Бірінші жолы суға тамған май тамшысы сияқты біртіндеп жайылып, айналасындағы елді мекендерді өзіне қаратып алады. Нәтижесінде серіктес қалалар пайда болады. Бір ядродан тұратын агломерациялар да болады. Мысалы, Алматы агломерациясы керісінше Қарағанды көмір алабы негізіндегі агломерация. Бұл жерде әрбір шахта маңында жеке елді мекендер қалыптасқан болатын. Кейіннен бірнешеуі бірігіп Қарағанды қаласын қалыптастырды (әлі күнге дейін Қарағанды бірнеше аймақтардан тұрады). Уақыт өте келе үлкен металлургия комбинатының салынуы агломерацияның екінші ядросы Теміртау қаласының пайда болуына себепші болды. Сапалы жаңа агломерациялардың пайда болуы урбандалудың сапалы өсімі. Алдағы уақытта жаңа қалалар тек агломерация құрамында болады. Оған мысал болатын Үлкен Жоба «G-4 Сити». Алматы маңында 4 серіктес қала салу.

Орналасудың үшінші формасы - мегаполис (гр. meqas - ірі (үлкен) polis - қала). Агломерациялардың бірігуін мегаполис дейміз. Тұрғындар саны бірнеше ондаған миллионға жетеді. Мұндай жоғары үлкен қалалар Астана - Қарағанды, Алматы - Талдықорған, Шымкент - Тараз маңында, ірі көлік орталықтарында болуы мүмкін. Бұл қалалардың өсуіне себепші халықтың қолайсыз аймақтардан қалаларға көшуі, репатриация және реэмиграция.

Барлық халықтың ішінде қалалықтардың басым болуы қалалық өмір сүрудің басымдығын көрсетеді. Біздің елімізде урбанизация дедгейі соншалықты жоғары емес. Оның деңгейін жоғарылату - алдағы тұрған мақсат және елді модернизациялаудың бір жолы. Қазақстанда аз урбандалған аймақтарда (халықтардың үлесі 40%-дан аз) орташа урбандалған (40-60%) және жоғары урбандалған аймақтарда кездеседі (60% - жоғары).

Ауылдық халықтың орналасуы

2. Ауылдық халықтың орналасуы. Ауыл халқының негізгі

тыныс-тіршілігі егін егу және мал бағу. Сондықтан да олар осы ресурстарға тәуелді орналасқан. Ауылдар егін аймақтарынан және жайылымнан алшақтамау үшін кішігірім мекендер болып келеді. Олардың үлкендігі және тығыздығы орналасқан жерінің өнімділігіне де байланысты. Ауылдардың басым кепшілігі — ауыл шаруашылығына негізделген. Бірақ көптеген ауылдарда өндіріс орындары - сүт, қант, балық, ет және кекеніс консервілеу зауыттары бар. Сонымен бірге кейбір ауылдар - темір жол стансасы, курорт, орман шаруашылығы, қорықтар маңында да пайда болған. Ауылдық елді мекендер кебінесе табиғи жағдайларға байланысты, әсіресе аймақ ерекшелігіне қарай орналасқан.
Орманды дала және дала зоналарында - жер жырту және шабындыққа негізделген ауылдар. Көбінесе өзен-көл жағалауларында, оңтүстіктің тау етегіндегі ауылдар — суармалы егіншілікке бейімделген. Әсіресе өзен, қаналдар бойында көп шоғырланған. Шөл және шөлейт аймақтарда ұсақ ауылды мекендер мал жайылымына негізделген.
Ірі ауылдар - өзен жағалауында, ұсақ ауылдар - қыстақтарда орналасады.

Қазақстан ауылдары - күрделі әлеуметтік проблемаларды шешуде. Қалаға қарағанда жұмыссыз және кедей адамдар саны жоғары. Себебі көптеген ауылдардың инфрақұрылымының жоктығы - сапасыз жол, ірі қалалардан шалғайда орналасуы, кішігірім мекемелердің жабылуы, сапалы судық жетіспеуі, т.б.
Бұл проблема көбінесе экономикалық және экологиялық тұрғыдан болашағы жоқ ауыл дарга тән. Қазіргі кезде мемлекетіміз ауылды дамыту үшін қыруар қаржы бөлуде. Нәтижесінде Қазақстан ауылдарының сырт келбетінің жақсаруына әсерін тиғізуде (барлық жерде бірдей емес). Негізгі ауыл саясаты бірінші — болашағы бар ауылдарды жаңғырту, екінші - болашағы жоқ ауылдың тұрғындарын қолайлы ауыл немесе қалаға көшіру.

Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану
3. Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану. Сендер білетіндей халықтың орналасуы - кеңістіктегі халықтың қоныстануы. Негізгі әсер етуші процесс - табиғат, тарихи-экономикалық жағдайы. Алғашында өмір сүруге қолайлы аудандарға қоныстану басталды. Техниканың дамуына сай және халықтың көбеюіне байланысты қолайсыз аудандарда біртіндеп игеріле бастады. Қазақстанда тарихи қалыптасқан екі қоныстану аймағы бар. Солтүстік және Оңтүстік Алтай тауының етегінде бірігіп негізгі қоныстану белдеуі болып есептелінеді. Негізгі белдеуі 1 / 3 аумақты және халықтың 90%-ын алып жатыр. Негізгі экономикалық дамыған аудандар да осы белдеуде орналасқан (солтүстік, оңтүстік). Бұл белдеуде басты үлкен қалалар ауыл шаруашылық жерлері және өңдеуші өнеркәсіптер орналасқан.

Қазақстанның ішкі аймақтары маусымдық, вахталық (ауыспалы күзет) және кішігірім жерлерге шоғырланып қоныстану басым. Ең ірі ресурстар осы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде салыстырмалы түрде табиғат жағдайының қолайсыздығынан өмір сүру қиын. Соңғы жылдары халық негізгі белдеуде жинақталуда.

Бұл белдеуге ішкі және сыртқы көшіп келушілер де орналасуда. Болашақтағы агломерациялар негізгі белдеуде қалыптасады. Нәтижесінде барлық еңбек әлуетін мемлекетті модернизациялау бойынша жұмылдыруға мүмкіншілік жасайды.

Ендігі жерде халықтың облыстар және ірі аудандар бойынша орналасуына көңіл бөлейік.

Аймақтардағы халықтың орналасуы біркелкі емес. Оның өзі халықтың тығыздығымен де бірдей емес екендігін көрсетеді. Орташа тығыздық мемлекетімізде 6 адам/км2-нан келеді. Маңғыстау облысында 3 адамнан артық болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 20 адамға жетеді.

Халық және қоршаған орта

4. Халық және қоршаған орта. Халықтың тұрмыс-тіршілігі

- қоршаған ортаға әсер етуші ең негізгі фактор. Әсіресе үлкен қалалардың әсері жоғары. Қалалар табиғи ресурсты көп тұтынатын және көп ластаушылардың қатарына жатады. Қоршаған ортаға әр түрлі химиялық қосылыстар мен шаң-тозаңдарды шығарып, атқылап жатқан жанартауға ұқсайды. Ластаушы көздер жергілікті тұрғындардың денсаулығына үлкен зиян әкелуде. Сондықтан да қалалардың қоршаған ортасын жақсарту өзекті мәселелердің бірі.

Ауылдық жерлердің қоршаған ортаға әсері аз болғанымен алып жатқан аумағы ауқымды. Ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеудің салдарынан жердің өнімділігі төмендеп, топырақ эрозиясы пайда болып, су ресурстарының көлемі азаяды.

Сонымен, халықтың аумақтық орналасуында шекаралық белдеуге көбірек көңіл бөлу керек. Оның жаңаруы - белдеу бойында экономиканың тірегі агломерациялардың қалыптасуына мүмкіншілік береді.
 
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1179 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar