Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Капитал ҚАЗАҚША РЕФЕРАТ
05.02.2014, 23:51

КАПИТАЛ (нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда К. болады. К. айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі.
Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда К. ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда К-дың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, К-ын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.
Сауда мен өсімқорлық К. Қазан төңкерісінен бұрынғы кезеңде Қазақстанда да өзіндік ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Саудагерлер тауарды қарызға ұсынып, қарыз мал басымен есептеліп төленетін. Мыс., адамның бір мал басына тең қарызы болса, бір жылдан соң ол малды төлімен бірге қайтаруға мәжбүр болған. Сауда мен өсімқорлық К. тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндіріс саласына бармаған. Өндірістің өзі капиталистік ұстанымдардың негізінде қайта құрылып, қоғамдық шаруашылық терең әлеум.-экон. өзгеріске ұшырады. Мұндай жағдайда ақша К. ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салалардан гөрі, Маркстің тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілерді қанау арқылы пайда түсіруге жұмсалатын болды. К. түрлі нысандарда көрініс тапты.
К-дың бастапқы нысаны болып табылатын ақша К-ы – К. құнының ақшалай өлшемдік көрінісі, сонымен қатар ол қолда бар қаражат қоры. Маркстің теориясына сәйкес, К-дың екінші нысаны өндіргіш К. Оның негізгі қызметі – қосымша құн өндіру. Сауда К-ның міндеті – өндірілген тауарларды сатып өткізу. Нақты К. – тұрақты бағамен көрсетілген К. Ол негізгі және айналым құралдарынан тұрады. Негізгі құралдарға бірнеше өндіріс кезеңдерінде пайдаланылатын үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, аспаптар жатады, айналым құралдары өндірістің тек бір кезеңінде ғана толық тұтынылады немесе өңделіп өзгереді, оларға өзіндік немесе нарықтық құны бойынша бағаланатын тауар-материалдық құндылықтар (өндірістік босалқы қорлар, дайын өнім, т.б.), ақшалай қаражат (дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржы салымы, т.б) жатады. Қаржы К-ы кәсіпорынның нақты К-на меншік құқығын беретін бағалы қағаздар құнының ақшалай өлшемдік көрінісі. Ол акцияларды иелену немесе басқадай міндеттемелер арқылы (мыс., банк несиесі бойынша) кәсіпорындарды өзіне бағындырып, басқарады. Акционерлік К. акционерлердің салымдарынан құралатын, яки серіктестікке оның иелері салым түрінде толық пайдалануға берген барлық қаражат. 
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 800 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar