Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 290 291 »

Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі – Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Барлық реферат | Просмотров: 2366 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді.
Барлық реферат | Просмотров: 1384 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Онтологияның негізгі мәселелері. Болмыс (бытие) категориясы философиялық категориялардың арасындағы ең бастысы. Бұл ұғымға анықтама берсек, болмыс – бар болып отырғанның (сущее). өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу нақты өмір сүруді білдіретін категория.
Оған мағынасы жағынан жақын ұғымдар ретінде «космос», «дүние», «табиғат» ұғымдарын атауға болады, бірақ «болмыс» категориясы кең және ауқымды, мазмұны жағынан терең. Болмысқа қарсы категория – «болмыс емес» (небытие) немесе «болмау» (кейбір ғалымдар қазақ тіліндегі фило-софиялық әдебиетте «биболмыс» ұғымын да қолданып жүр).
Барлық реферат | Просмотров: 1404 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Лейбниц философиясы

1.Лейбниц – Жаңа Заман философиялық дәстүрін аяқтаушы;

2.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория;

3.Лейбниц гносеологиялық (таным туралы ілім) – рационализм мен эмпиризмді келісімге келтірудің талпынасы.

Барлық реферат | Просмотров: 2283 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Бақи дүние - дәстүрлі қазақы дүниетаным бойынша, аруақтардың мәңгілік мекені, яғни о дүние. Осы ретте ерекше ескерер жайт — күнделікті тілдік байланыста бақи сөзі қолданыла бергенімен негізгі категориялық мәнді ұғым - бақи дүние Бақи сөзінің тұрмыста жиі қолданыла беретіндігін тілдік үдерістегі редукционизм зандылығымен түсіндіруге болады. Демек бақи сөзі - бақи дүние ұғымының қолданысқа оңтайландырылып, қыскартылған нұсқасы. 
Барлық реферат | Просмотров: 1062 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Барлық реферат | Просмотров: 1350 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. 
Барлық реферат | Просмотров: 1612 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қытай философиясы – қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. І. ф-ның пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан бастау алады. І. ф. діннен гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь) жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін «Аспан асты» («Тянь ся») ұғымы қалыптасты. І. ф. екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), т.б. қалыптасты.
Барлық реферат | Просмотров: 1693 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.
Барлық реферат | Просмотров: 3707 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б.
Барлық реферат | Просмотров: 1679 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 ... 2891-2900 2901-2903