Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Қазақстан Халық Жинақ Банкі - РЕФЕРАТ
05.02.2014, 23:49

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ, Халық банкі – аса ірі әмбебап коммерциялық банк; Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Банктің Қазақстанда 528 құрылымдық бөлімшесі, Ұлыбританияда (Лондон), ҚХР-да (Пекин) және Ресейде (Мәскеу) шетелдік өкілдіктері бар. Банк өз тарихын 1923 ж. тамызда Ақтөбе қ-нда мемл. еңбек жинақ кассасының ашылған кезінен бастайды.  1988 жылғы банк реформасы бойынша екі деңгейлі банк жүйесіне: орт. банкке және мамандандырылған банктерге көшу межеленіп, мемл. еңбек жинақ кассалары жүйесі халық пен заңды тұлғаларға қызмет көрсететін КСРО жинақ банкі болып қайта құрылды. Оның одақтас республикаларда бөлімшелері болды. Қазақстанда бұл жүйе КСРО Қазақ жинақ банкіне айналдырылды. ҚР егемендік алғаннан кейін 1992 ж. КСРО Қазақ жинақ банкі негізінде ҚР-ның Жинақ банкі құрылды. 1993 ж. бұл банк "Қазақстанның Халық банкі” болып қайта құрылып, дербес заңды құрылымға айналды. Оның жарғылық капиталындағы ҚР үкіметінің үлесі 100% болды. 1995 ж. банк жабық тұрпаттағы акцион. қоғамға айналдырылды. 1998 ж. шілдеде Қазақстан Халық жинақ банкі ашық акцион. қоғамы болып қайта тіркелді. 1998 – 2001 ж. банк кезең-кезеңмен жекешелендіріліп, мемлекет өзінің банк капиталына қатысу үлесін түгел сатты. Осы сәттен бастап Халық банкінің әмбебап коммерц. банк ретінде дамуының жаңа кезеңі басталды. 2003 ж. акцион. қоғам болып қайта тіркелді. Халық банкі жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды банк қызметтерін көрсетеді. Олар: есептесу-кассалық қызметтері; банк салымдары және уақытша бос ақшалай қаражатты орналастыру бойынша қызметтер; жеке тұлғаларға шұғыл қажеттіктері, ұйымдастыру техникасын, автокөлік сатып алу, тұрғын үй салу және сатып алу үшін, емделу және демалу үшін несие беру; заңды және жеке тұлғаларға негізгі және айналым капиталын ұлғайту үшін қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие беру; сауданы қаржыландыру; төлем карточкаларын шығару және оларға қызмет көрсету; сейфтік депозитарий қызметін көрсету; бағалы қағаздармен, асыл металдармен, асыл металдардан жасалған теңгелермен операциялар жасау; ҚР-нда және ТМД елдерінде инвестициялау жөнінде кеңес берушілік және сарапшылық қызметтер көрсету; интернет-банкинг; атаулы банкинг, т.б. Банк Vіsa Іnternatіonal және MasterCard Іnternatіonal төлем жүйелерінің карточкаларын шығарады әрі Қазақстандағы төлем карточкалары рыногінің тұрақты көшбастаушысы болып табылады. Оның айналыстағы карточкаларының саны 1,4 млн. данадан асады, бұл төлем карточкаларын пайдаланушылардың 70%-дан астамы. 2003 ж. Банк Vіsa Іnternatіonal жүйесінің 1 млн. карточкасын шығаруға сертификат алды. Банктің төлем карточкалары торабына 373 банкомат, қолма-қол ақша беретін 900 пункт, банктің төлем карточкаларын төлеуге қабылдайтын 930 сауда және қызмет көрсету кәсіпорны бар. Банктің жарғылық капиталы жай және артықшылықты атаулы акциялардан құралады. 2003 ж. 1 қарашада банктің жарияланған жарғылық капиталы 112 068 888 дана акциядан құралды, оның ішінде жай атаулы акция – 87 326 888 дана; дауыс алу құқығын бермейтін артықшылықты атаулы акциялар – 24 742 00 дана. Банктің төленген жарғылық капиталы – 9 896 800 мың теңге. Мұндағы акциялардың 1,25%-ы жеке тұлғаларға, 98,75%-ы заңды тұлғаларға тиесілі, Банк акциялары, "Қазақстандық қор биржасы” ЖАҚ-нда айналысқа түседі. Банктің маркет-мейкері – "KІB ASSET MANAGEMENT” ЖШС. Тәуелсіз тіркеушісі – "Қор орталығы” ЖАҚ. Қазақстанның есептеме стандарттары бойынша 2003 ж. 1 қарашада банктің активі 253,3 млрд. теңге (1,7 млрд. доллар) болды; меншікті капиталы 28,3 млрд. теңге (191,5 млн. доллар); таза пайдасы – 4,3 млрд. теңге (29,1 млн. доллар); несиелік жалпы қоржыны – 167,3 млн. теңге (1,1 млрд. доллар); депозиттік базасы – 152,4 млрд. теңге (1 млрд. доллардан астам), оның ішінде халықтың мерзімді депозиті – 62,3 млрд. теңге (421,1 млн. доллар). Банкті дамыту жөніндегі стратег. шешімдер банк акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданады. Банктің басқарушы органдары – директорлар кеңесі және басқарма. Банк халықар. капиталдар рыногінде белсенді жұмыс істейді. Оның шет елдердегі өкілдіктері шетелдік қаржы ин-ттарымен тұрақты байланыс орнатқан, жаңа қарыз алысуға, банк клиенттерін тартуға жәрдемдеседі. Әлемнің 184 елімен корреспонденттік қатынасқа түседі. Алғашқы халықар. қарыз 1999 ж. тартылды. Халықар. қарыз тартуға қатысты ірі мәмілелерге 2002 жылғы (52 млн. доллар) және 2003 жылғы (150 млн. доллар) синдикатталған несиелерді жатқызуға болады. 2003 ж. банк Ресейдің "Промсвязьбанк” АКБ-мен (акцион. коммерциялық банк) 13 млн. доллар мөлшерінде синдикатталған сауда мәмілесін ұйымдастырды. Халық банкі ҚР Банктері қауымдастығына, Дүниежүз. жинақ банктерінің ин-тына (Words Savіngs Banks Іnstіtute) және Халықар. қаржы ин-тына (Іnternatіonal Іnstіte of Fіnance) мүше.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 699 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar