Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Қазақстан Республикасының Экономика және Бюджеттік Жоспарлау Министрлігі - РЕФЕРАТ
05.02.2014, 23:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ – орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, салааралық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасайды. 2002 ж. 4 қыркүйекте құрылған. Негізгі мінеттері: ҚР-ның әлеум.-экон. дамуының стратег. мақсаттары мен негізгі басым бағыттарын белгілеу; еліміздің әлеум.-экон. дамуын экон. талдау және макроэкон. болжамдау, реттеу және реформалардың барысын бағалау; стратег., индикативтік және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастырып, жетілдіру; мемлекеттің салық-бюджет және инвестиция саясаты мен халықар. экон. және қаржылық қатынастар саласындағы саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатымен тығыз байланыста қалыптастырып, іске асыру; мемл. активтерді басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемл. инновац. саясатты іске асыруға қатысу, т.б.

Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мемл. органдардың стратег. жоспарларды іске асыру жөніндегі қызметтерін талдап, үйлестіреді; стратег., индикативтік және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жұмыстарын жүргізеді; Үкімет бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орт. және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен стратег. жоспарлар негізінде қалыптастырады, олардың атқарылу мониторингін жүзеге асырады, қажет болған жағдайда оларды түзету жөнінде ұсыныстар енгізеді; әлеум.-экон. саясаттың басым бағыттарын қамтитын орта мерзімді индикативтік жоспарларды, мемл. инвестициялардың басым бағыттарын орт. және жергілікті органдардың қатысуымен әзірлеп, қалыптастырады; мемл. органдардың мемл., салалық бағдарламаларды әзірлеу және оларды лицензиялау мәселелері жөніндегі қызметтерін үйлестіреді; респ. бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын, мемл. бюджеттің алдағы үш жылға арналған болжалды көрсеткіштерін әзірлейді; респ. және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; стратег. жоспарларды іске асырудың барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды, инвестиц. ахуалды жақсарту шараларын әзірлейді, мемл. бағдарламаларды және басым инвестиц. жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвестициялар тартуға ықпал етеді; респ. бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын инвестиц. жобалардың экон. сараптамасын жүргізеді; мемл. қаржы мен мемл. меншікті басқару саласында мемл. саясаттың мақсаттары мен басым бағыттарын айқындауға қатысады; респ. және жергілікті бюджетттерге түсетін түсімдерді болжамдайды, респ. және жергілікті бюджеттер үшін бірыңғай бюджеттік сыныптамалар мен қаржылық есептіліктің бірыңғай нысанын әзірлеп, бекітеді; мемл. және мемлекет кепілдік берген қарыз алу саясатын әзірлейді, мемл. және мемлекет кепілдік берген борыш пен қарыз алуды жоспарлайды, оның мониторингін жүзеге асырады; мемл органдардың халықар. ынтымақтастық жөніндегі  жұмыстарын үйлестіреді, халықар. қаржы және экон. ұйымдармен, донор елдермен, рейтингілік агенттіктермен ынтымақты іс-қимыл жасайды; атқарушы билік органдарының құрылымдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олардың қаржы-экон. атқарымдары мен өкілеттіктерін анықтайтын нормативтік кесімдерді әзірлеуге қатысады; респ. бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемл. органдардың штат кестелеріне талдау жасайды; еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды іске асыруға жұмсалатын шығыстарға есептемелер жүргізіп, оларды жоспарлайды; облыстардың, Астана және Алматы қ-ларының жергілікті атқарушы органдары ұсынған болжалды көрсеткіштерді: жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді, осы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаржы жылының соңында қалған борышының көлемін, осы борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың көлемін келіседі.

Министрліктің қарамағында "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Шаруашылық басқармасы”, "Арнайы бағдарламалардың ғыл.-әдістемелік орталығы” респ. мемл. қазынашылық кәсіпорындары, "Экон. зерттеулер ин-ты” респ. мемл. кәсіпорны жұмыс істейді.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1074 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar