| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 891-900 |
Страницы: « 1 2 ... 88 89 90 91 92 ... 290 291 » |
|
"Жеке адамға табынушылық" - деген заман ұзақ жылдар бойы құлаш жайып, еліміздің көп аймақтарын ауыр қасіретке душар етті. Тарихымызға түскен қара дақтар жан-жақты зерттелмегеннен кейін дүниетанымымыз орны босаған ақтаңдақтарға айналды. Шындық шырқырап құлын дауысы естіліп жатса да жалған айыппен халқымыздың миллиондаған азаматтары жазықсыз жапа шекті. Сталиндік зұламаттың қазақ жеріне қалдырған ескерткіші – Қазақстан түрмелер мекеніне айналды. Жоспар бойынша құрылған алғашқы жеті лагерьлік аймақтың біреуі - Қазақстан болды. ГУЛАГ жүйесі орналасуға тиісті КСРО-ның 25 облысының 7 облысы Қазақстанның (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) үлесіне тиді. |
|
Астанаға әкелінген құжаттардың ішінде қазақ хандығының басқару ережелері, Жарғылары, рулардың қоныстану аумағы, қазақтардың губернаторларға жазған шағымдары, Хан сарайының штат кестесі секілді ұлтымыздың тарихының ақтаңдақ тұстарын ашатын бірнеше құжаттар сақталған. Әсіресе құжаттардың ішіндегі 1806 жылы жазылып, Орынбор әскери губернаторының Кеңсесінде тіркелген «Ішкі Орданың Хан Кеңесінің штат кестесі» деген құжат бізге осы уақытқа дейін беймәлім болып келген құнды дүниенің бірі. Бұл құжаттың тарихи маңыздылығы «қазақтарда әкімшілік басқару жүйесінде бірізділік болмаған» деп сайрап жүріп, қазақ хандығын ертегідегідей хан мен қырық уәзірінен басқаша кейіпте елестете алмайтын ұлт тарихын қаралаушылардың ауызына құм құяры анық. |
Ежелден халқымыздың төл заңдары болғаны анық. Қазақ хандығының іргесін қалаушы бабаларымыздың бірі Қасым хан қазақ халқының әдет-ғұрыптық ереже тәртібіне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып, зор «Жарғы», яғни заң жасады. Кейін келе жұрт оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Бұл заңға кірген ережелер: Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу). Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза қолдану). Әскер заңы (қосын құру, аламанның міндеті, қара қазақ, ердің құны, тұлпар ат). Елшілік жоралары (майталмандық, заңгерлік, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік). Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті). |
|
Өткен басылымдарда «Арийлер. Олар кімдер?» деген мақалада зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авестаға» негізделіп, Арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия болғанын дәлелдейтін деректер келтірген болатынбыз. Енді сол ойымызды жалғастырып, «Авестада» кездесетін Орталық Азиядағы кейбір географиялық атамаларға тоқталайық. Видевдаттың бірінші бөлімінде Спитама Заратуштра пайғамбарға Ахура-Мазда тәңірі өзі жаратқан үлкенді-кішілі 16 ел туралы әңгімелейді. Олардың біріншісі: «Арианам-Байда (Арианам Вайджа) – «арийлықтар елі», «арийлықтар аймағы» деп айтылатын жер аты. |
|
Арийлер мәселесі жөнінде бірден-бір ғана сүйенетін жазба деректер – «Ригведа» және «Авеста» кітаптары. Осы туындылар – арийлер деп аталатын этностың тарихы мен тұрмысы сәулеленген зороастрийлердің қасиетті кітаптары. Б.з.б. VI-IV ғасырларда «Авеста» парсы тілінде жазылса, б.з. XIII-XIV ғасырларында оның парсы тілінде жазылған нұсқасы бізге жеткен. Парсы тілі үндіеуропалық тілдер тобына жатады. Морфологиялық жолмен зерттегенде дүниежүзіндегі барша халықтардың тілдері грамматикалық құрылысының ұқсастығы бойынша 10 үлкен тіл тобына бөлінеді. Солардың бірі – үндіеуропалық тілдер тобы. Бұл топқа Еуропаның жергілікті халықтарының тілдері түгел кіреді. Соның ішінде парсы (Иран) тілі де бар. Осы лингвистикалық бірлікке сүйеніп, «Авестаның» бізге жеткен нұсқасы парсы тілінде болғандықтан, Еуропа ғалымдарының басым көпшілігі арийлердің шыққан тегі Алдыңғы Азия (Отаны) деп, Еуропа құрлығындағы үндіеуропалық тіл семьясына жататын барлық этностардың ежелгі бабалары арийлер болатынын қағаз бетіне толтырды. Олардың негізгі сүйенетін деректері – шығарманың парсы тілінде жазылуы. |
|
Қазақ халқының жоңғар агрессиясына қарсы қажырлы күресі, жалпыхалықтық қайғы мен өкінішпен қатар, қазақ батырларының жеңісі мен ерлігін дүние жүзіне әйгілі етіп, ұлы апат жылдары мен сын сағатта халықтың рухын көтеріп, бірігуіне әсерін тигізді . Халық есінде қалған бұл жылдар - көптеген эпикалық аңыздар мен тарихи әңгімелер туғызды. Сол қайғы-қасіретке мол кезеңнің ең жарқын, әрі әйгілі оқиғасы - арал маңындағы Қарақұмда өткізілген Кіші және Орта жүздің халық қалаулылары қатысқан құрылтай болды. Бұл жиында күшті жауға қарсы қазақтардың әскери күштерін біріктіру мәселесі қаралды. Құрылтай туралы естелік, бізге орыс саяхатшысы Яков Петрович Гавердовскийдің 1803 жылы Солтүстік Арал маңында болып, әйгілі Қарақұм форумына қатысқан адамдардың балалары мен немерелерінің аузынан жазып алған қолжазбасы арқылы белгілі болды. |
|
Ғалым Ұлытау аймағында болған кезінде Кеңгір өзені бойында салынған Қамырхан, Алашахан. Болғанана, Домбауыл кесенелерінің сыртқы көріністерін қағазға түсірген. Бұл кесенелердің күйдірілген кірпіштен жасалғандығына, олардың мықты болу үшін кірпіштерінің қалауының өзіндік тәсілінің болғандығына да көңіл аударған. Ал кесенелердің сырты түрлі-түсті сырмен сырланған дейді. Әсіресе, Алашаханның кесенесіне, құрылыс жүйесінің қалай салынғандығына ерекше сипаттама берген. |
|
Халқымыздың біртуар ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов ғылымның барлық салаларынан жетік білімдар болған десек, артық айтқан болмаймыз. Ол туралы әдебиетшілер, тарихшылар, философтар, т.б. көптеген ғылым салаларының маман-ғалымдары айтып жүр. Шығыстану саласында оның қосқан үлесі зор. Оны көрнекті шығыстанушы Н.И.Веселовскийдің мына сөзінен анық байқаймыз. «Ш.Ш.Уалиханов как блестящий метеор, промыкнул над нивой востоковедения» деген еді. Бұл пікірді ғылымның археология саласында айтуға болады. Амал не, ғалым өмірден ерте кетіп, басталған ғылыми бастамалары аяқсыз қалды. Бірақ бүгінгі таңда егемендігіміздің арқасында ғалымның бастаған істері, әсіресе, «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында толығымен іске асуда. Мен өзімнің бұл мақаламда ғалымның археологиялық ескерткіштер туралы жазғандарына тоқталып өтпекпін. |
|
X ғасырға дейін Фараб пен Отырар қалалары қатар аталып жүреді де, кейіннен бірақ атаумен Отырар деп аталатын болды. 1219 жылы Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында барлығы бір орталыққа біріккен Отырар қаласы болды. Ескендір Зұлқарнайын заманынан Шыңғыс хан жорығына дейін Отырар өлкесіне қатысты ауыр соғыстар мен қала халқын қырғындау, қаланы қирату сияқты мәліметтер тарихта кездеспейді. Әрине, басшылардың ауысуы, династиялардың ауысуы, өлкенің қолдан-қолға өтуі сияқты тарихи оқиғалар болып тұрғанымен, қалаға үлкен зияны келгені туралы дерек жоқ. Бұл бір жағынан қаланың экономикалық маңыздылығын көрсетсе, екінші жағынан сол кездегі ел билеушілерінің адамгершілік қағидаттарын жоғары ұстанғанын көрсетеді. |
|
Грек тарихшысы Арриянның (б.д. 87-145ж.ж.) «Александр жорығы» атты шығармасы Ескендір Зұлхарнайын туралы жазылған көптеген шығармалардың ішіндегі ең сенімді еңбек. Себебі бұл еңбек көзкөргендердің – Лагтың ұлы Птоломейдің және Аристобулдың ұлы Аристобулдың әңгімелері мен Александрдың Шығысқа әскери жорығы туралы олардың хроникалык жазбаларының деректеріне сүйеніп жазылған. Енді осы Арриянның «Александр жорығынан» алынған мына бір мәліметтерді қарастырып көрейік. Онда былай делінген: «Ал оның өзі Танай өзенінің бойында қала тұрғызып, оған өзінің есімін тақпақ болады. Оның ойынша, бұл жер келешекте өсетін қала тұрғызғанға қолайлы еді, себебі скифтердің, өзеннің арғы бетінде тұратын варварлардың шабуылына тойтарыс бере алатын елдің қалқаны болу мүмкіндігі бар еді. |

