| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 901-910 |
Страницы: « 1 2 ... 89 90 91 92 93 ... 290 291 » |
|
Египеттегі мойнақ Африка мен Азия мемлекеттерін бір-бірімен жалғастыратын болса, Босфор Азия мен Батыс Еуропаны бір-бірімен байланыстырады. Дербент Шығыс Еуропа елдері мен Батыс Азияны, ал Отырар өлкесі Шығыс Азия мен Батыс Азияны қосқан. Бұл Батыс Азия мен Орталық және Шығыс Азия арасын табиғи шекара Сырдария өзені бөліп жатты. Сондықтан да осындай өте маңызды сауда жолдарының күре тамырында орналасқан қалалар Византиялық Константинополь – кейінгі Стамбул, Египеттік Каир мен Александрия қалалары ғылымы-білімі, өнері, байлығы өте қарыштап дамыған ірі қалаларға айналды. |
|
Зивие – сақ патшасы жерленген көне қабір орны (б.з.б. 7 ғ-дың соңы). Солтүстік-батыс Ирандағы Саккыз қаласына таяу жердегі Зивие ауылының маңында орналасқан. Қабірді 1947 жылы жергілікті тұрғындар кездейсоқ тапқан. Әуелі қолдан-қолға тарап кеткен көптеген бағалы бұйымдар қайта жиналып, олардың негізгі бөлігі Тегеран музейіне тапсырылды, біразы Еуропа мен Американың ауқатты адамдарының жекеменшік коллекцияларында қалды. Табылған заттарды француз археологы Р.Гиршман (1895 – 1979), орыс ғалымы М.И. Артамонов (1898 – 1972), т.б. зерттеп, әр түрлі сипаттамалар мен талдаулар жасады. Кездейсоқ ашылғандықтан қабірдің көптеген ерекшеліктері анықталмаған, оның ішінде дәл неше адам жерленгені де белгісіз. Қабірді ашқан адамдардың берген мәліметтері бойынша, мұндағы негізгі мәйіт, яғни бай сақ патшасының мүрдесі қолдан құйылған ауыр, сәнді табытпен жерленген. |
|
Кайнозой, кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos – жаңа, zoе – өмір) – Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген, неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ.). Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді. Палеоген кезеңінде тектоник. белсенділік артқан. Оның басты себебі – оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің (қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістан аумағы) Еуразия құрлығымен соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі палеогеннің аяғында күрт төмендеген (қазіргіден 400 м шамасында төмен болған). Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге жеткен. Палеоцен мен эоцен дәуірлерінде Гренландия Еуразиядан бөлініп |
|
Қайта жаңғыру дәуірі Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дөуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта жаңғыру дөуірі мен Реформацияны қамтиды. «Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дөуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғыру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды. |
|
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. |
|
Көшпенділер саудасы — сауда мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда да жасады, бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады. Қалада тауар айырбасының негізгі үш бағыты: елдер арасындағы, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып жатты. Сол кездегі халықаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді, оның дамуында соғдылар мен түріктер маңызды рөл атқарды. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өткен. Оның Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін учаскесінің суреттелгені мәлім. Испиджабта одан солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шықкан. |
|
Көшпелілікті зерттеу тарихы Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда "көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы" деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды "тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы" деп есептеді. |
|
Түріктер заманындағы жерлеудің сипатты белгісі — адамды атымен бірге жерлеу ғұрпы. Түрік заманынын Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісудағы обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері — тастан немесе топыраққтан уйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Өлік жерден сопақша етіп қазылған шұңқырға жерленген, өлікпен бірге киім- кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. |
|
Көшпенділердің материалдық мәдениеті Көшпенділердің материалдық мәдениеті- Қазақстан аумағында түріктердің саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелердің беттерінен кездеспейді деуге болады, олардың орнына, әдетте, жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Алайда, мұның өзі көптеген жергілікті тайпалар бір- бірімен әбден араласып, сіңісіп кетті деген сөз емес. Олар, сөз жоқ, Батыс түрік қағанаты халқының көпшілігін кұраған, археологиялық зертгеулердің дәлелдегеніндей, өздерінің мәдениеті мен өнерін сақтап қалған. Шаруашылық кәсібі, тұрмыс салты бойынша түріктерге жақын болғандықтан, олар түрік қағанатының, одан соң Түргеш және Қарлұқ мемлекетінің құрамына сінісіп кеткен. |
|
Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты. |

