Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 881-890
Страницы: « 1 2 ... 87 88 89 90 91 ... 290 291 »

1. Жанғазы. Қолдағы мағлұматқа сүйенер болсақ, Жанғазының тегі былай: Өзбектен Әз Жәнібек, Әз Жәнібектен Тойқожа, Тойқожадан Барақ, Барақтан Жәнібек, Жәнібектен Қасым, Қасымнан Қайып (Ғайып), Қайыптан Әбілғазы, Әлімдерге де ықпалы жүрген – Әбілғазыдан Жанғазы. Кем тұтынғандары болар, халық Жанғазыны Мәненбей деп атандырған. 

Жанғазының арғы аталары туралы өзге де нұсқалар бар. 

2. Раманқұл. Алты кішкененің бірі Құттықтан Кенжеғұл, Кенжеғұлдан Таттыбай, Таттыбайдан Қосбармақ, Қосбармақтан Сырлыбай мен Раманқұл.

Барлық реферат | Просмотров: 850 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

1990 жылдың тоғызыншы қаңтарында осы Бабажан бекінісінің орнын арнайы барып көргем. 

Қала шаруаға болсын, ол жақ, бұл жақ қатынасқа болсын оңтайлы жерге орна­­ласқан. Көне Жанкенттің оңтүстік баты­сын­да шамамен 10-15 шақырымдай. Жері тегіс, егістікке де, жайылымға да қолайлы. Қор­ғанның іргесінен басын Жылуаннан алатын Ақсалма арығы ағып жатыр. Басын Солжаға арна­сынан алатын Жылуан кезінде теңізге барып құйған. 

Барлық реферат | Просмотров: 766 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Шапқыншылардың шекараға жақын келіп, тоқайласқан жері – осы Бабажан бекінісі. Бұл қолды басқарушылар құрамында Бөрі Тәукин, Елікей Қасымов, Алданазар да бар. Кешегі еліне қорған болуға тиісті Жанғазының ұлы Алданазар Қамыстыбастағы қазақтарды шапқан. 

Бұның алдында Жанғазы хан орыстар жаққа шығып кеткен Жанқожаға бірнеше рет қорқытып хат жазып, дарияның сол жағына, демек Хиуаға өтуді ұсынған болатын (АВПР қоры. Бас мұрағат. 1-9 іс. 681-683 беттер). 

Барлық реферат | Просмотров: 850 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Есет Көкіұлы (1667–1749 жж.) – батыр, қолбасшы, би, тархан, қоғам қайраткері.

Өз заманында қазақ елінің басында болып жатқан шешуші оқиғалардың бел ортасында жүрді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі.

Шыққан тегі – Кіші жүздің Жетіруының ішіндегі тама руынан. Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы.

Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан жоңғардың Батыр қоңтайшысының 50 мыңдық әскеріне 600 жауынгермен карсы тұрып, шайқасып жатқанда 20 мың әскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде осы Көкі батырдың да болғандығын, сонда оның шеп бұзып, үлкен ерлік көрсеткенін жазады.

Барлық реферат | Просмотров: 1693 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған батыстағы Ғұн (сиуңну) империясының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орыны бар тарихи ірі тұлға. Оны Еуропа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы» деп те атайды. 

Ежелгі қытайдың әулеттік шежіре тарихы - «Хан кітабынан» («Хәншудан») қытайлықтар есімін білмегендіктен, «Солтүстік чәниүй» деп атап кеткен Солтүстік Сиуңну мемлекетінің билеушісінің жаңаша жыл санаудың 92 жылы Хән империясы мен сиәнбилердің біріккен күшінен ойсырай жеңілгеннен кейін, батысқа қарай ығысып кеткені белгілі. Міне, осы сиуңнулар бірден бірге ығыса отырып, ІІ ғасырда Еділ мен Жайықтың ортасында жаңа ғұн ордасының шаңырағын көтереді. Олар кейін күшейе келе IV V ғасырларда Қара теңіз жағалауы мен Еуропаның біраз бөлегін өздеріне қаратып, үлкен далалық империяға айналады.

Барлық реферат | Просмотров: 4156 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Ақ Орданың ханы болған. П. Савельев, А. Ю. Якубовский, П. П. Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан - Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды. Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и гузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы - Тоқа Темір - Өз Темір - Қожа Бәдік - Орыс хан) болып саналады.

Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.

Барлық реферат | Просмотров: 963 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарына қарай патша үкіметі қазақ даласындағы хан билігін түбегейлі жоюға әрекеттер жасады. Осындай әрекеттерін толығымен жүзеге асыру үшін отаршылдардың көзіне анық көрінген алғышарттар бар еді. Атап айтсақ, қазақ хандарынынң билігі әлсіреді, халық ханнан гөрі орыстың басқарушыларын таныды, хандар да өз ісімен орыстың шенеунігі тұрғысынан ғана өздерін көрсете алды және қазақ жерінде бас-басына хандар тағайындап, ыдырату саясатын бекем ұстады. 1812 жылы Бөкейді хан сайлап, 1815 жылы Уәлиді хан етіп екіжақтылыққа әкеп соқтырды. Сонымен қатар, отаршыл империя 1820 жылдары орта жүз бен кіші жүз жерлерін өздерінің әкімшілік басқаруына ыңғайлы етіп бөліп тастаған еді. Ол кезде француздармен соғысты аяқтап болған Ресей өзін мықты әскери держава ретінде көрсетіп, ендігі босаған әскери күшін отарлау саясатына пайдалануға әбден болатынын білді. 
Барлық реферат | Просмотров: 766 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Кемеңгер Тұмар әжеміз немересі Аспара өлген­нен кейін тағы бір мүшел өмір сүріпті. Құ­рыш патшамен соғысқанда жасы алпыс бірде де­лінген жәдігерде. Ал қаңлының одан соң кейін­гі қазақтың адам жасын санау дәстүрінде ананың құрсағына ұрықтың дарыған күнінен бас­тап дүниеге жаратылғанға дейінгі аралықтағы 9 ай – 1 жас болып есептелінеді. Олай болса, әжеміз қаңлы мен парсының соғысы кезінде алпыста. Оған бір мүшелді қоссақ, жетпіс екі жас болады. Демек, Тұмар әжеміз жетпіс екі жасында дүниеден қайтқан. Нисан айының басы, ерте көктем еді делінген (нисан – сол кезде қабылданған Вавилон календары бойынша сәуір айына сәйкес келеді). Тағы бір жүрек елжіретерлік жолдар бар. Қаңлының анасы Тұмар қыс түсердің алдында ел ағаларын жинап, ардагерлердің елінен хабар келді, биыл Өлі қалаға қарай көшті түзеңдер деп айтты делінеді. Ардагерлер елі – тылсымға кеткен бабалардың аруақтары. Нисанның көк жауыны селдетіп тұрғанда, ардагерлер келіп Тұмар ананы алты қанаты бар ақ атқа мінгізіп, қош айтысып Бенгуташтан ары асырып алып кетті делінген.
Барлық реферат | Просмотров: 847 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Қамбар – қаңлының ең азулы күшті руларының бірі болған, қисарымен өмір бойы билікке таласып, талмай күрескен. Атадан балаға көшкен жаулық, ақырында асқына келе екі рудың арасындағы ешқашан бітіспейтін қанды кекке ұласады.
Қамбардың басына бір рет ажал төнген екен. Парсының армиясы талқандалып, Құрыш өлгеннен кейін қаңлының әскербасылары «Қамбардың тұқы­­мын құртайық» деп серт қойысады. Істің насырға шапқанын сезген қамбарлар, дәл сол кезде бүкіл қаңлының біріккен әскерін басқарып отырған Тұмарға тарту-таралғысымен елші жібереді. Бір қы­зығы Сасан тарихшылары өздерін тарихшы емес «көшірмешіміз, хатшымыз» деп атайды. Яғни, олар тарихты жазбаған – бұрыннан бар жә­ді­­герлерді кө­шіріп құрастырған. 
Барлық реферат | Просмотров: 1013 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Кезінде детективтің атасы болып саналатын әйгілі ағылшын Конан Дойль өзінің кейіпкері Шерлок Холмс жайындағы хикаясын күрмеп, нүктесін қойғанда, оқырманнан, әңгімені ары қарай жалғастырсаңыз деген талап-тілек жауып кетіпті. Біз де сондай күйде отырмыз. Тұмар әже мен Құрыш патшаның соғысын әңгіме еткен көлемді мақала («ЕҚ», «Қондыгер-қаңлы», 8-11 қаңтар, 2013 ж.) оқырманның көңілінен орын тауыпты. Көптеген, мүлдем танымайтын адамдар осы тарихи баянды ары қарай жалғастырсаңыз екен. Тұмар әжеміздің, Қаңлы әулетінің одан кейінгі тағдырын білгіміз келеді деп тілек айтты. 

Совет заманында, орасан идеологиялық зорлық-зомбылықтың кесірінен қазақ тарихи мектебі қалыптаса алмай қалды. Сол себепті, тек қазақ оқырманына ғана бағышталған бұл шағын еңбекті жазғанда, басынан теңдесі жоқ даңқты тарих кешкен ұлы нәсілдің бүгінгі ұрпақтары, қалай болғанда да шындықты білуі керек, ақиқатты тануы керек деген ой ғана тұрды көкірегімізде.

Барлық реферат | Просмотров: 776 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 861-870 871-880 881-890 891-900 901-910 ... 2891-2900 2901-2903