Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 911-920
Страницы: « 1 2 ... 90 91 92 93 94 ... 290 291 »

Көшпенділердің қолөнері
Көшпенділердің қолөнері — алдыңғы орта ғасырлардағы қалалардың сауда-қолөнер орталықтары ретінде дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығу үрдісіне және негізінен алғанда байлар мен ақсүйектерге кызмет ететін қолөнер өндірісінің едәуір кеңеюіне байланысты болды.
Біздің қолымызда алдыңғы орта ғасырлардағы қалада қолөнердің ұйымдастырылуы туралы деректер жеткіліксіз, ол негізінен алғанда бізге дейін жеткен дайын өнім бойынша ғана мәлім. Бұлар ең алдымен керамика, металдан, сүйек пен тастан жасалған бұйымдар. Тоқымашылық, теріден, жүннен, киізден бұйымдар жасау сияқты қолөнер туралы түсініктің жайы мардымсыз.
Барлық реферат | Просмотров: 1309 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Мин империясы – 1368 – 1644 жылы Қытайда билік құрған мемлекет. Моңғолдар билеген Юань әулетінің орнына құрылды. Қытайлардың моңғолдарға қарсы ұзаққа созылған күресі (1350 – 56) нәтижесінде дүниеге келді. Астанасы алғашқыда – Нанкин, 1421 жылдан Пекин қаласында болды. Әулеттің негізін салған Чжу Юаньчжан (Тай-цзу) (1368 – 98 жылдары). Ол империяны қатаң тәртіпке негізделген әдіспен басқаруды жолға қойып, мемлекеттік қызметке орналасудың үш сатылы жүйесін енгізді (1382 жылы). Мин империясының билеушісі Хуэй – ди (1398 – 1402 жылдары) ақсүйектердің құқығын тежеуге тырысты. Чжу-Ди (1402 – 24 жылдары) 1421 жылы мемлекет астанасын Нанкиннен Пекинге көшірді. 
Барлық реферат | Просмотров: 1042 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Мистика (грек. mystіkos – құпиялы) – дүниеге діни-идеалистік көзқарас. Оның негізінде табиғаттан тыс күштерге сенім жатыр. М. иррационализм мен аскеттілікпен тығыз байланысты және оған эзотеризм, яғни құпиялылық тән. М., ең алдымен, рухани әлемді жеке психол. тәжірибе арқылы тануға ұмтылу, осыдан туындайтын амал-әрекеттер, жан мен тәннің жаттығулары болып табылады. Нәтижесінде адамға даналық, ғажайып қабілеттер (сәуегейлік, емшілік, магия) дариды, оның жаны мен тәні кемелденіп, төңірегіндегі адамдар оны әулие деңгейіне көтеріп дәріптейді. М. аскеттілікке көп мән береді (тәнді, нәпсіні ауыздықтау, дүниеден алшақтау). Таным жолдары тұрғысынан М. рационализмге, схоластикаға қарсы тұрады, өйткені оның жақтаушылары ақылдың шектеулігін айтып, Құдайды тану үшін адам санасының тереңінде жатқан иррационализм (сезім, интуиция, түйсік) бөліктерін оятып, іске қосу керек деп есептейді. М. ежелгі заманнан бастау алады. Ежелгі Грекия-дағы М-ны Пифагор, Платон секілді философтар айқын бейнеледі. Филон, Гермес Трисмегисттің эллинистік ілімі,
Барлық реферат | Просмотров: 1502 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Крест жорықтарының себептері
VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.
Барлық реферат | Просмотров: 2000 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі М-тер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет М. философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол М. қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғ-дың ортасынан бастап М. этногр. материал ретінде зерттеле бастады. Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) "Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде М-тер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) М. – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін М. – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау.
Барлық реферат | Просмотров: 2785 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақстандық тарих ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарындағы ұлттық кеңестік мемлекеттің дүниеге келуі және қазақстандық партия ұйымдарының құрылуы секілді нақты оқиғалармен тығыз байланысты. Жоғарыда аталған оқиғалардың баршасы І.М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары» (А., 1990) деп аталатын жұмысында егжей-тегжейлі қарастырылды. Республиканың ғылыми саласы ұйымдық құрылысының негізгі кезеңдері мен формаларын атап өтейік. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) 1920 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен Ағарту халық комиссариатының жанынан, одан соң 1921 жылдың 1 желтоқсанынан РК(б)П ОК жанынан бөлім құқығында құрылған «Истпарт» (Қазан төңкерісі тарихы және Коммунистік партия тарихы жөнінгі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия) деп аталған құрылым Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1645 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

"Зафарнама" (парсы тілінде - "Жеңіс кітабы") - Низам әд-Дин Шамидін шығармасы. Әмір Темірдің өмір тарихы туралы қолжазбаның ресми сақталып қалған, екі тұрде редакцияланған нұсқасының алғашқысы. 1402 - 04 жылдары парсы тілінде жазылған. Низам әд-Дин Шами Бағдаттан 1393 жылы қоныс аударып, Әмір Темірдің сарайына қызметке ауысады. Сол себепті ол осының алдындағы жылдарда болған оқиғаларды тек ауызша және жазба деректемелерге сүйеніп жазуы ықтимал. "Зафарнама" Әмір Темірдің тапсыруымен жазылып, шығарманың атын да өзі қойған. Автор деректеме ретінде Әмір Темірдің көзі тірісінде онын қолбасшылық өмір тарихын (бізге жетпеген) және жекелеген жорықтарының күнделіктерін (бұлардың ішінде бізге жеткені Гийас әд- Дин Әли Йездидің "Темірдің Үндістанға жасаған жорығының күнделігі" ғана) пайдаланған. 
Барлық реферат | Просмотров: 952 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Киев қаласы славян мемлекеті Киев Русінің астанасына айналды. Бұл мемлекет IX ғасырда құрылған болатын. Киев кінәздігінің жері бірте-бірте өсе берді. XI ғасырда Киев Русі Балтық теңізі мен Қара теңіздің, Днестр мен Еділдің аралығын алып жатты. Құдіретті кінәз Ярослав Мудрыйдың аты алысқа жайылды. Онымен одақ құру үшін Еуропаның көптеген елдерінен қымбат сыйлықтар алып, елшілер келіп жатты. Бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын Ярослав Мудрый кезінде салынған үйлер Киевте және басқа қалаларда күні бүгінге дейін түр, олардың ең бірегейі - София соборы. Ол дала көшпелілерімен болған қанды шайкастың орнына салынған. Киев «орыс қалаларының анасы» деп аталды. Оның корғандары Днепрдің биік жағасында айбаттана бой созып, шіркеулерінің алтындатқан күмбездері күнге шағылысатын. Еңісте, айлақ қолтығында алыс- жақын елдерден келген жүздеген кемелер мен қайықтар тұратын.
Барлық реферат | Просмотров: 1107 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Англияны Нормандардың жаулап алуы.
Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде Британияға германдықтардың ағылшын-сакс тайпалары барып қоныстанды. Олар алғашқы кезде өзара қырғи қабақ соғыстар жүргізіп отырған жеті корольдік құрды. IX ғасырда олар бірікті. X ғасырдың аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. Оны алғаш даниялықтар жаулап алды. Англия бірлестігі тек XI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдар өзара қырқысып, әрі корольмен қактығысып, жауласып отырды. 
Нормандардың Англияны жаулап алуы.
Барлық реферат | Просмотров: 1954 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

XI ғасырда Франция бірнеше ірі феодалдық иеліктерге бөлінді. Олар: Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитания герцогтіктері; Анжу, Тулуза, Шампань т.б. графтықтары. Герцогтер мен графтар корольдің бағыныштылары болғанымен, олар іс жүзінде корольге бағынбады.
Король иелігі домен деп аталды. Ол Париж бен Орлеанның төңірегінде болды. Корольдің иелігі көлемі мен халқының саны жағынан герцогтер мен графтар иеліктерінен аз болды. XII ғасырдан бастап корольдер әр түрлі жолдармен өз иеліктерінің көлемін ұлғайта түсті. Король өз иелігін басқа жерлерді жаулап алу, тиімді үйлену, мұрагерсіз мырзалардың жерін косып алу, антын бұзған бағыныштының жерін тартып алу арқылы ұлғайтып отырды.
Король II Филипп Август (1180-1223) ағылшын корольдерінің Франциядағы иеліктері - Нормандияны, Анжуды, Аквитанияның біраз бөлігін тартып алып, өз доменіне косты. Француз королінің доменіне Тулуза графтығы да қосып алынды. IV Көркем Филипп король (1285-1314) өз доменіне Шампань графтығын қосып алды.
Барлық реферат | Просмотров: 2151 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 891-900 901-910 911-920 921-930 931-940 ... 2891-2900 2901-2903