Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 871-880
Страницы: « 1 2 ... 86 87 88 89 90 ... 290 291 »

Қазақтар үш кезеңде ауған еліне көшіп, бір ғасырдан ұзақ сонда тұрды. Саяси биліктің саяси ұстанымына олармен кейде тату, кейде қату өмір кешті. Қазақ елі тәуелсіздігін жария еткенде ақ түйенің қарны жарылып, жүздеріне бақыт нұры жауды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркияның Стамбул қаласында шетел қазақтарының өкілдерін қабылдаған кезде елдің өтініші бойынша Елбасының тікелей нұсқауымен тарыдай шашылған Ауған қазақтары Түркия, Иран, Сауд Арабия елдерінен 1993 жылы елге оралуға мүмкіндік алды. Олардың көпшілігі Жетісай, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Қаскелең қалаларында тұрады.

Барлық реферат | Просмотров: 812 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Мәдени семантиканы жасай отырып, мәдениеттің түрлі салаларын белгілік-таңбалық талдау – мәдениеттану ғылымының ерекше саласы. Яғни әрбір жеке мәдени бірліктің мағынасын айқындайды. Мәдениет белгілері мен таңбалары санада туындайды. Десек те, ол санаға практикадан, қисын (немесе антилогика), сұлулық (немесе ұсқынсыздық), өнеге (немесе өнегесіздік) заңдылық-тары бойынша құрылған болмыстан енеді.
Барлық реферат | Просмотров: 1127 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Осы қантөгістен кейін Даман аралына қарай қосымша күштер шоғырландырыла бастады. Оған Забайкал әскери округінің бөлімшелері жұмылдырылды. Солардың арасында біздің кейіпкеріміз, осы округке қарасты зымыран әскерінде борышын өтеген Дүйсенғали Қалдыбай да бар еді. Әлгі қиян-кескі ұрыс болған кезде Қытаймен шекара жаққа қалай тап болғанын оның өз сөзімен баяндаймыз.
– 1968 жылдың қараша айында сол кездегі Семей облысының Аягөз ауданынан 20-30 бала әскери борышымызды өтеуге аттанған едік. Облыс орталығынан бізді жан-жаққа бөліп жіберді. Керейбай Мұхамедиев, Серікхан Мұсабеков және мен – үшеуміз Забайкал әскери округінің зымыран әскерінен бір-ақ шықтық. Мұнда бәрі құпия сақталады екен. Біз зымырандарды күзеттік. Ол жерде қызмет еткен, тіпті кіріп-шыққан адамдардың өздерінен «Осы көргенім туралы 25 бойы тіс жармаймын» деген тілхат жаздырып алады. Алда-жалда аңдамай аузыңнан шығып кетсе, басың кетеді. Сол жерде бірнеше ай жүргеннен кейін қытайлар шекараға басып кірді деген суық хабар жетті. Сөйтіп, 1969 жылдың 4 наурызында біздің полктен 30 шақты сарбазды алып кетті. 
Барлық реферат | Просмотров: 875 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

1969 жылғы наурыздың 2-сіне қараған түні 500-дей Қытай әскері Кеңес Одағымен шекарада (Хабаровскіден оңтүстікке қарай 230 шақырым қашықтықта) орналасқан Даман аралына кіріп алған. Олар аралдың биігірек тұрған батыс жағалауына орналасады. Бұларды кеңес шекарашылары таңертеңгі сағат 10-нан кейін ғана байқап қалады. Сол кезде Даманға 30 шақты қарулы адамның жылжып келе жатқаны жөнінде хабар жөнелтіледі. Осыдан кейін ол жаққа жергілікті заставаның 32 жауынгері аттанған. Қытайлар шекараны бұзғаны туралы ескертуді тыңдамай, тіпті оқ атқаннан кейін қиян-кескі ұрыс басталып кетеді. Екі жақ та бір-біріне берілместей кейіп танытады. Кеңес шекарашыларына, тіпті жақын маңдағы Нижнемихайловка ауылының тұрғындары көмек көрсетіпті. Олар жараланғандарды сыртқа әкетіп, жауынгерлерге оқ-дәрі жеткізіп отырған. Осындай жанқиярлық және жаппай ұйымдасқан әрекеттің нәтижесі шығар, түске қарай Қытай әскері шегіне бастайды.
Барлық реферат | Просмотров: 766 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

ІХ-ХІ ғасырларда өмір сүрген Оғыз мемлекетінің орталығы Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Жаңа Ғұзия (Жанкент) оғыз даласын Хорезм, Мәуереннахр және Қорасанмен байланыстыратын дәліз есебінде болды. Сырдария бойындағы оғыз жағбуына қараған қалалар керуен және өзен сауда жолдарындағы маңызды бекет қызметтерін атқарды. Бүгінге күнге дейін оғыз астанасының орны сақталған. Ол — Арал теңізі маңында Қазалы қаласына жақын жерде орналасқан Жанкент қалашығы. Осы археологиялық ескерткіштің жанында тағы екі ірі қаланың орны бар. Біріншісі – Күйіккескен-қала, екіншісі – Күйік-қала деп аталады. Жаңадарияның бойында Жент қаласының орны жатыр.
Барлық реферат | Просмотров: 1708 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

«Қазақстанның тарихы осы жерді кейінірек мекендеген, бірқатары еркінен тыс қоныстанған басқа этностық топтардың да тарихы. Еліміздің көпэтносты сипатын қалыптастыруда бұл үдерістерді біз объективті түрде зерделеуіміз қажет. Қазақстанның тарихы – біздің ортақ тарихымыз», – деп Мемлекеттік хатшы атап көрсеткеніндей, еліміздің көпұлттылығы бүгінгі күннің және болашақта да негізгі мәселелердің бірі екені айқын. 

Қазақстандықтар тоталитарлық жүйенің алмас қылышының жүзінде болғаны, қатал жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын тәлкек еткені мәлім. 

Барлық реферат | Просмотров: 827 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатында сақталған құжаттармен жұмыс істеуге бұған дейін Франция мен АҚШ зерттеушілері ғана рұқсат алған екен. Енді қазақ ғалымдардың алғашқы тобы осы мұрағаттағы қазақ тарихына қатысты деректермен танысып, көптеген құжаттардың көшірмесін елге алып келді. Сондай-ақ зерттеушілер Шығыс Азия институтының, Пекин кітапханасының мұрағатындағы деректермен танысқан. 

Астанадағы Орталық коммуникация қызметі ұйымдастырған брифингке қатысқан ғалымдар осы сапар барысында қазақ тарихына қатысты көптеген тарихи ескерткіштер мен жазба деректердің табылғанын хабарлады. 

Барлық реферат | Просмотров: 691 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, философы, тарихшы, композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шықты. Сонда "Қазақтың түп атасы" деген тақырыпта өлең шумақтарын арнаған..

Айтайын енді Оспанды түрік жайын.

Түріктің Сақа деген бір табы еді ол,

Тауына Гималайдың барыпты ол.

Барлық реферат | Просмотров: 954 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Бабажан қырғыны кезінде Хиуаға, одан Ресей жа­ғына өтіп, елді алатайдай бүлдіріп жүрген белсенді сұлтандардың бірі – Ермұхамед (Елікей) Қасымов. 

Хиуа қызметінде жүрген сұлтан Елі­кей Жанқожаға бірде орыстарға шабалық, бірде орыстарға салық төлеме, бері өт деп­ хат жазады. Бұл жайттан хабардар бо­лып отырған орыстар едәуір дүрлігеді, Елі­кейді көзден таса етпей мықтап бақылауға ала­ды. 

Қазақтардың ішкі ауанын барлап қайтуға жіберілген губерния хатшысы Житков 1847 жылы Хиуаның ықпа­лын­дағы сұлтан Елікей Қасымов бергі беттегі 1000 үй төртқаралар мен шөмекейлерді арғы бетке алып кетуге азғырып жүр деп мәлім етеді. Сұлтанның сөзіне еліккен шөмекейлердің бірсыпырасы сол жылы әрі өткенмен келесі жылы бергі бетке қайта ошарыла көшіп келген. 

Барлық реферат | Просмотров: 896 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

Біраз уақыттан кейін, соғыс аяқталған соң Қайының баласы Сүлеймен елін алып қайтады. Жолда  Евфрат дариясынан өту барысында, өзі суға кетіп мерт болады. Аман қалған төрт жүздей үйді Сүлейменнің баласы Тұғырыл Арыз маңына алып келіп, сол маңда тоқтайды.

Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғырыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрған. Салжұк әскерінің жартысы қаңлыдан құралған болатын. Бұл жер бейліктерге бөлініп кеткен бұрынғы Салжук мемлекетінің жері болатын. (Бейлік – «бей», яғни билеуші деген сөзден шыққан). Осы бейліктердің бірі – Кония сұлтандығының жері-тін.

Барлық реферат | Просмотров: 1061 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 06.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 851-860 861-870 871-880 881-890 891-900 ... 2891-2900 2901-2903