Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 541-550 |
Страницы: « 1 2 ... 53 54 55 56 57 ... 175 176 » |
«Аппалон дәрігердің, Аклепийдің, Гигиел мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атын атап, оларды куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы өнерді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма, ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. |
− Аманхан аға, − деді студент жігіт жалынышты сөйлеп, − «высшматтан» апай зачет қоймай қойды. − Неге?, − деді көзілдірігінің үстінен тесіле қараған жалпақ бет, қоңқақ мұрынды жігіт ағасы. − Білмеймін, басқа балалардың бәріне қойып берді де, маған келгенде қырсығып отырып алды. − Берген тапсырмаларын түгел орындадың ба? − Жоқ, жұмыстарым болып, сабағына көп қатыса алмап едім. − Қалғандары қалай алды?, − деді Аманхан алдында жатқан қағаздардың біріне сүйкете қолын қойып жатып. − Олар постоянно сабағына қатысып жүргендер. |
Түн қараңғылығын жамылып, жалбыр шашты бiреулер той жасап жатыр. Адамдарға ұқсамайды. Ергежейлiлер елiнен келген елшiлер сияқты, бойлары бiр-ақ тұтам. Өздерiнше ән айтып, би билеп, той көрiгiн қыздыра түскен. Ортадағы лаулай жанған отты айнала қоршай, бақадай талтаң басып, серкедей секең қағып, секiрiп жүр. Мәз-мәйрам. Қойша жамырап, қозыша маңырап, ду-ду, гу-гу етедi. Үстi-бастарын түк басқан қыз кейпiндегi екi албасты Болатбектi қос қапталдай құшақтап алған, сиырша жаланып, кенеше жабыса түседi. Ол сытылып шықпақ боп, алға қарай ұмсынса, қасындағы қандықол қарақшы иығынан басып, тырп еткiзер емес. Бiр кезде сәл босанып, орнынан тұра бергенi сол едi, сақал – шашы жалбыраған бадырақ көз бiреуi бар дауысымен аузы-басын қисайта баж ете қалды. |
...Қараңғы көшемен белi иiнағаштай иiле түскен қария қос қолдап ұстаған таяғына сүйене, қалт-құлт етiп, әрең жүрiп келедi екен дейдi. Ол жақындаған сайын Жаңыл оны шырамыта түсiп, ақыры өз енесi екенiн таныды. — Апа, сiз бұл жақта неғып жүрсiз?- деп ұмтыла бергенi сол едi, енесiнiң қолындағы таяғы сынып кетiп, етпеттей құлап түстi. — Апа-аа-аа! |
Нұрбек көрер таңды көзiмен атырды. Терезенiң сынығынан аңқылдаған салқын желден үй iшi азынап тұр. Суықтан бойы тiтiркенiп көрпе астында бүрiсе түседi. Шырмауықтай шырмаған ауыр ойдан арыла алар емес. Басы мең-зең. Төрде жатқан әйелi мен қыздары алаңсыз ұйқы құшағында. Нұрбек олардың ысырылып қалған көрпесiн жапқысы келiп, басын көтеруi мұң екен, тұла бойы дуылдап қоя бердi. — Ой, жаным-ай! Құдай-ау, мұнша сорлататындай не жазып едiм!.. |
Азаннан берi себелей жауған ақ жауын түс ауып, түр қаша бастаған шақта аяқ астынан екпiнiн күшейтiп, селдете жөнелдi де, тасырлата ойқастап барып лезде тына қалды. Шаң-тозаңнан тәнi кiрлеп, жүдеу тартқан сайын дала жаңа босанған жас келiншектей терлеп-тепшiп, буырқана бусанып, балбырай түскен. Көк аспанда бiрiн - бiрi қуалаған қара бауыр бұлттар түйдек-түйдегiмен көкжиекке қарай жөңкiле көшiп барады. Тас төбеден ылдилай құлаған сары шашты күлiмкөз күн қос қолымен бетiн жауып жасырынбақ ойнаған жас баладай шоғыр бұлттың артына тығыла қалады да, бiраз уақыттан соң басын қылтитып, езуiн ыржитып шыға келедi. |
Ентелей басып келiп, сыртқы есiктiң темiр тұтқасын жұлқылай тартып қалды: — Шеше... шеше...- дедi ауызғы бөлменiң табалдырығынан аттай бере барылдақ дауысымен айғай салып,- Шеше деймiн... қайдасың? — Не боп қалды, құдай-ау!- Елең ете қалып, үрпие қараған Зекен апаның қолындағы сыпыртқысы сусып барып еденге түсiп кеттi.- Не... не боп қалды? Тыныштық па, әйтеуiр... — Жә... жә...жәй... Тын...ыш...тық...- дедi тұтыға сөйлеп. — Қайда жүрсiң, қарағым-ау! Түнi бойы алаңдап, көз iлмедiм ғой. — Мараттың үйiнде бол...дық,- дедi ол қысқа қайырып. |
Терезеден шашырай төгілген күн сәулесінің қызуы қайтып, бөлме іші алакөлеңкеленіп келеді. Қалихан тозығы жеткен темір төсектің үстінде шалқалай түсіп кітап оқып жатқан. Астында жырым – жырымы шыққан көнетоз матрац пен ескі құрақ көрпеден басқа ештеңе жоқ. Қозғалған сайын торы созылып төмен түсіп кеткен темір төсек шиқ – шиқ етіп, шиқылдап қоя береді. Қозғалмайын десе, жата – жата тесіле бастаған жамбасы шыдатар емес. Көзі де талып, ауыра бастады. |
Сен Аяулым десе, аяулы едің – ау!.. Атыңа затың сай еді!.. Біз екеуміз беймезгілде кездесіп , бейуақытта қоштасқан ғашықтар... жо.. жоқ... бейбақтар едік!.. Бүгін тағы түсіме кірдің. Сол бәз – баяғы қалпың... Жымиясың , күлесің , еркелейсің... Тағы да жасырын кездесіп жүрміз. Мүлде басқа әлемде... Жұмақ па деймін... жап жасыл дүние. Мәуелі бақ. Самсаған жеміс ағашы... Адам Ата мен Хауа Анаға ұқсаймыз... |
— О, жанымның жапырағы сол, монтиып жатысын қарашы!..- Елубай төр жақтағы құрақ көрпенiң үстiнде құндақтаулы жатқан нәрестесiн қолына алып, мейiрлене иiскедi.- Тәттiсiн-ай, өзiнiң!.. — Байқаймын, сенiң махаббатың балаға ауып кеткен сияқты. Бiздi көзiңе де iлгiң келмейдi-ау, түге!- дедi артынша үйге кiрген әйелi Гүлғайша екi иығынан ентiге дем алған сары самаурынды жаюлы тұрған дастарханның шетiне қойып жатып. — Сен де осы қай-қайдағыны шығарасың да жүресiң. Жасыңа жетпей ақылыңнан алжаса бастағансың-ау деймiн. Жақсы көрсем, өз балам емес пе! |