Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 531-540 |
Страницы: « 1 2 ... 52 53 54 55 56 ... 175 176 » |
Саламаттың бұл қалаға көшіп келгеніне небәрі екінші күн. Әлі айналасындағы көрші-қолаңдарын да танымайды. Оның үстіне жүктерін де біржақты етіп жайғастыра алмай жатса, кеше шешесіне көмектесіп жүрген көрші әйел келіп бұған үйімді қарап бере тұршы дейді. «Уақытым жоқ, ренжімеңіз», − деп айтуға оқталып барып тоқталды. «Екі сағатқа ғана», − деп ол да қиылып тұрып алсын. Уәж айтып көріп еді, шешесі: |
− Адамзат баласы, қасірет! Қасірет! Халық түсінбей тұр. Аса таяғы шошаңдаған дәруіш олардың арасында жүгіріп жүр. Мен де мектептен шыққан болатынмын. Елдің бәрі мәдениет үйінің алдына жиналып қалыпты. Жолым осылардың үстін басып өтетін болғандықтан жиылып тұрған жандардың санын көбейтіп, қастарына келіп тұрдым. − Қарғыс атты бізді! Қарғыс атты! Ұғасыңдар ма пенделер, бізді қарғыс атты! |
Түнгі сағат үштер шамасы. Екі көшенің қиылысындағы қалың өскен ағаштың ішінде арам ниетпен отырған үшеудің ұйқысы келе бастады. Аузын айқара ашып, ұйқысы келгенін білдірген Володяның соңын ала Рамиль де алдында отырған Сашаның басын жұтып жіберетіндей құмарлана есінеді. Бұлар үшін бүгінгі күн тым қырсық болып тұр. Әншейінде осы уақытта қойны-қоныштары қымбат алқа-жүзікке, асыл бұйымдарға, ең ақыр аяғы тәуір-тәуір деген соңғы стильмен тігілген модадағы киімдерге толушы еді. Содан кейін үшеуі ағаш арасымен жатақханаларына қарай зытып отыратын. Саша күнделікті түсіп отыратын осыншалықты заттардың бүгін қолдарына біреуінің де ілікпегеніне налығандай басын терекке сүйеп, мұңға батып отыр. Сәлден соң Рамиль Володяға жүзін бұрып: |
− Масқара, таң атып кетіпті ғой! Көзін ашып алғандағы Нұрханның аузына түскен алғашқы сөзі осы болды. Жастығының астында жатқан қол сағатты алып қарап еді, тоғыздан кетіпті. Дереу атып тұрып, төсегін жинастыруға кірісті. Одан кейін жуынатын бөлмеге барып, беті-қолын шала-пұла жуған болды. Түндегі жазған мақаласын, жазу үстелінің үстінде шашылып жатқан басқа да қағаздарын қоңыр сөмкесінің ішіне тоғыта салды да, кәстөм-шалбарын киіп, сыртқа қарай асыға басып беттеді. Адам баласы бір сәтке де ой ойламай тұра алмайды емес пе. |
Есігі енді жабыла берген лифтіге кіріп үлгермейтін болғандықтан қолымдағы қара былғары сөмкемді көлденеңінен аузына қыстыра қойдым. Роликтерімен жәй ғана сырғи жабылып келе жатқан есік менің сөмкеме тірелді де кері қарай серпілді. Үһ, кіріп үлгердім-ау, әйтеуір. Өзі жетімдер үйінде өскендіктен бе, әлде жалтыр бас атамның құрған мемлекетінің кезіндегі шолақбелсендісі болғандықтан ба, аудиторияға кіре сала сабағын «құдай жоқ, оны бар деп менің басымды қатырмай-ақ қойыңдар. Ал егер ол бар болса неге шешендерге тәуелсіздік алып бермейді? Шешендер де мұсыламандар ғой...» деп бастайтын атеис философтың кезекті мылжыңын тыңдағым келмей қашып шыққам. Енді артымнан қуып шықса да таба алмайды. |
− Әй, қыз, тез жинал, үйге кетеміз, мұндай жетімге қызымды тегін бергенше байсыз ұстап отырғанымның өзі артық. Ел-жұрттың өсек сөзі мені өлтіріп болды, − деп, қара кемпір қызына бағанадан бергі айтып отырған әңгіменің соңғы түйінін зіл тастап, бұйрықпен айтты. Бұның әңгімесін елемегендей Нағима да бір нүктеге қадала қарап, ойланып отырған. Енді шешесінің шындап кетіп бара жатқан сыңайы бар. Тамағын қырнап, шешесінің бетіне тіктеп қарады да: |
(әңгіме) − Сен өзі сүйісе аласың ба? − Өз ойындағыны қашаннан ашық айтатын қалалық жезөкше қыз ауылдың көзінде иман нұры тұнып тұрған қара домалақ жігітінің жүзіне күле қараған. Әжуасы басым келбетпен. Жігіт үндемеді. Ол арқанды орындықтан айналаға ойлана көз салып отырған еді. Жанындағы қыздың не айтқанын естімеген де сияқты. − Мен сенен сұрап тұрмын, − деді жезөкше тағы да сөзін нығырлай түсіп, − сүйісе аласың ба? − Көмейі бүлкілдеп, бірнәрсе «дәметіп» тұрған тәрізді. |
(әңгіме) Шиқылдай келіп тоқтаған шетелдік мәшиненің есігіне Сейфуллин көшесінде тұратын бір топ жұмыссыз жандар ентелей келіп, қарай қалысты. Бәрінің көкейінде жалғыз сауал. Ол: «Қандай жұмыс екен?» деген сұраулы сөйлем еді. Бұл жерде тұратындар үшін жұмыстың еш ауырлығы жоқ. Тек ақшасын дұрыс төлесе болғаны. Мейлі. Вагон-вагон көмір, тонна-тонна цемент болса да көрсеткен жеріне жеткізіп береді. Оныншы қабатқа мөшек көтеріп шығару да бұларға түк емес. Бірақ үйіне апарып жұмысын істетіп алып, келіскен ақшасын төлемей қоятын қаныпезерлер де жетіп артылады. Әсіресе атақты, дүйім елге танылған, әнші, өнер адамдары осылай қорлағанда бұл байғұстар күйініп кетеді. |
(әңгіме) Қасен әдеттегісіндей бүгін де үйіне ішіп келген. Үйге кіре сала ұрынарға қара таппай көзімен айналаны шола қарап шықты. Әйелі теледидардан көзін алмаған күйі телміріп отыр. Күйеуінің келгенін елемегендей. Осы сәтте бұның арқасы қозып, жыны ұстай қалды. – Ей, қатын, неменеге ғашығыңды көргендей телебизірге жабысып қалдың! Ол үндемеді. «Сөйлесем тағы да бір бәлеге қалармын», – деп ойлаған болуы керек, әншейінде ауыз жаппайтын әйелі бұл жолы ләм-мим демеді. Бұрындары «ә» десе «мә» деп тұратын әйелін ұрудың мүмкіндігі мол болушы еді. «Маған тіл қайтаруды қайдан шығардың!» деп немесе «Сен қатынға тіл шығайын деген екен, көрсетейін мен саған!» деген сылтаулармен байқұсты көкала қойдай сабап салатын. Сосын айызы қанғандай бір масаттанып қалатын. |
(әңгіме) Күйеуі орнынан көтеріліп, киімдерін шабаданға сала бастады. Селсоқ қимылмен. − Талқаның таусылмай табытқа түспейсің. − Түсінігі тарлар топас тұжырым тудырады. Бір-бірін сөзбен шарпып өткеннен кейін екеуі де үндемей қалды. − Жаным, тағы да ойланып көрші, мүмкін райыңнан қайтарсың, − деді күйеуі әйеліне қиыла өтінген жалынышты үнмен. |