Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 551-560 |
Страницы: « 1 2 ... 54 55 56 57 58 ... 175 176 » |
- Нұрманжан!... Ау, Нұрманжан !...- Әжемнің әуезді дауысынан оянып кеттім,- Ерте күнді кеш қылмай, тұра ғой енді. Атаң бағана шығып кеткен. Күтіп қалатын болды. Мінезін білесің ғой, тулап жүрмесін! Әжем қанша дызақ қағып, шыр-пыр еткенімен, менің құлағыма кіріп - шығар емес. Таңғы ұйқыны қимай, жылы төсектен тұрғым келмей, көрпемді одан сайын тас бүркене түсем. "Кетіп қалса екен,- деп қоямын ішімнен,- ұйқымды бір қандыратын!" Кенет, есіме атамның "Түс әлетінде Қоңырәулие үңгіріне кіріп-шығамыз!" деген уәдесі түсіп, арсалаңдай орнымнан атып тұрдым. |
Ол сүзіле қарайды, мен оған сүзе қараймын... Айдай жүзi албырап, наздана күлiмсiрейдi. Көзiн жыпылықтатып, кiрпiгiн қағып-қағып қояды. — Есiмiң Елана ма, жоқ әлде, Елена ма? — деймiн аузыма қапелiмде жiбi түзу сөз түспей. — Елана,- дейдi сызылып. — Ел... ана... — Иә, Елана.... Неге бұлай қойғанын айтсам, күлмейсiз бе?.. — О, не дегенiң!.. |
- Ай... жаным-ай!.. Қатқылдау шыққан дауыстан шошып оянып, орнымнан атып тұрдым. Атам құс төсекте сұлық жатыр. Кеберсiген ерiндерi жыбыр-жыбыр етiп, демiн iшiне тарта жұтына бередi. Жағы суалып, сүйектерi ырсиып шығып кеткен. Өңi боп-боз. Iшке қарай сұғына түскен шүңiрек көздерi көлкiген көлшiктей көлегейленiп, болымсыз жылтырайды. Қабарған қабағына мұң ұялап, сөлмiрейген сөлсiз жүзiнен қайғы құшып құсаланып жатқаны сезiледi. - Бір жерiңiз ауырып жатыр ма? – дедiм жанына жақындап. |
Кетбұға ноянның татарлар арасындағы орны ерекше еді. Оның сөзі, батырлығы және ісі әрдайым есепке алынып отыратын. Ол ержүрек, батыл, қамалдарды қиратуда, жат жерлерді басып алуда нағыз соғыс шебері еді. Парсы жері мен Иракты жаулап алған Кетбұға ноян болатын. Оның шайқастары туралы таңғажайып әңгімелер айтылатын. Тарихшы Ибн Тәңірберді. Монғолдар сияқты мәмлүктер де даланың еркін ұлы еді, ал әскери талантқа келсек, қыпшақ Құтыз бен Бейбарыс найман Кетбұғадан кем түспейтін. Лев Гумилев. |
Төр көрпенiң үстiне жамбастай жантайған Нұһ пайғамбар оң қолына қыса ұстаған сырлы тостағандағы сусыннан әлсiн-әлсiн ұрттап қойып, үн-түнсiз ойға шомып отыр. Басына сұр жыландай сумаңдаған суық ойлардың бiрi кiрiп, бiрi шығып, еңсесiн езе түседi. Бiр уақ бойын сергiтiп, көңiлiн тыныштандырғысы келгенiмен, жаны жай таба алар емес. Тар бөлмеге ауа жетпей тұрғандай, жүрегi қағып, тынысы тарыла бастады. Күрсiнiсi де күшейе түскен. Қолындағы тостағанды қалай қатты қысып жiбергенiн өзi де байқамай қалса керек, бырт етiп сынып кеткенде шошына селк ете түстi. |
Бір миллионнан аса халық тұратын Алмалы шаһарының екі тұрғыны төсекке таңылып, аурудың азабын тартып жатқалы да бірер айдың жүзі болды. Жата-жата жамбастары тесіліп, аурудың үстіне ауру жамағандай, удай ашып, шыдатар емес. Уақыт өткен сайын күш-қуаттары да кеміп, сөнер шамдай әлсіреп барады. Бұ фәнидегі татар дәмдері таусылып, көп ұзамай бақи дүниеге аттанатындарын іштей сезіп, өлімге әбден мойынсұнып, ажал сағатын асыға күтіп жатыр. Екеуі де іштерінен білгенін айтып, Жаратқаннан жандарын қинамай алуын сұрап, жалбарына түседі. Еттерінен тақа арылған, қабырғалары ырсиып, қу сүйектері ғана қалған. Әр тайған әжімді жүздері қан-сөлсіз, аппақ қудай қуарып кеткен. |
Қуарған қу даланы шаңға көміп, ұзыннан - ұзақ шұбатылған көш келеді. Ат мінген, түйеге жүк артқан, жаяу – жалпылаған адамдар көші. Алдыңғы жақтағы қатарынан сегіз ат парлай жегілген алтын күймеде осы көштің көшбасшысы Малбұқа көсем қалғып – мүлгіп отыр. Қасындағы айдай сұлу жас тоқалы сырттағы түр – тұлғасы келіскен жас уәзірге сүзіле қарап, терезеге телміре түседі. Сезікті секірер дегендей, қайта - қайта күйеуіне көз қиығын салып қояды. Алдарында қасқалдақтың қаны құйылған құмыра мен алтын табаққа салынған құлжаның басы тұр. |
Күз.Қыркүйек айы.Жылауық аспанды қара-қошқыл бұлт торлап,күрең күздің жаңбыры жерге тырс-тырс тамады.Тамшыларда көктемнің не жаздың ерке тамшыларындай қара жолдың үстінде секеңдемей,қорғасындай зілмауыр салмақпен,жерге бырш-бырш жабысадыЖай ғана тамбайды,жол-жөнекей ағаштар басында қалған,сарғайа барып қоңырқай тартқан жапырақтарды жұлып түсіп,жерге жаныштайды.Жазғы жауын иісіндей емес,жан сарайын ашпайды.Жер жарықтық,жаңбырлы жаздың ылғалына тойынған ба,жауын суын бойына сіңірмейді. |
Аппақ далада қарайған екі ноқат көрінеді. Бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Үлкені қаракер ат мініп, қарсақ ішік киіп, қарына сойыл ілген жас жігіт.Кішісі сол жігіттің қара тазысы. Ақ қарды алғаш басқан тазының күшік мінезі әлі басыла қоймаған тәрізді. Біресе жапалақтай жауған қарды қауып, біресе тұмсығын қарға тығып-тығып жіберіп, басын шайқап отыра қалады. Ерте көктемде нағышысының ауылына барған Жексен осы күшікті қояр да қоймай алып кеткен болатын. |
-Көшпеймін ! Қой әлі төлдеп болған жоқ,үкіметтің малын қырар жайым жоқ-Төлеуханның дауысы қатқыл шықты.-Қой күйекте болғандықтан жаппай төлдеп жатыр.Екі-үш күн дамылдап қалғанымыз рас,бірақ әлі де коздайтынына сенімдімін. Не керек ақыры жоғарыдан айтылған бұйрық бойынша,бір жағы зоотехник Ұзақбайдың «бір күндік жер ғой»деген қылқылынан мезі болған қойшы жүгін түйіп,қараша үйін жықты.Жас қозыларды енесіне жамыратып алып,машинаға үймен қоса артып жіберді.Келіншегі Күләш екі баламен қоса машинаға жайғасты.Баласы жұрт ауыстырайын деп жатыр дегенді естіп,орталықтан Нұрхан қарияда атарбасымен осында келіп түстеніп отырған.Баласы екеуі қойды жая отырып, жаңа жұртқа бет түзеді |