Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 521-530 |
Страницы: « 1 2 ... 51 52 53 54 55 ... 175 176 » |
Өткен ғасырда болған оқиға. Бұл ғасырда да болуы бек мүмкін. Ол жанжарын іздеп жүріпті-мыс. Жігітағасы. Жасы жиырманың екеуінде. Мінген жарау аты шалдығып, «далаға қонғанша, молаға қон» деген өсиет бойынша қарасы мол қорымға түнеген. Түнде түс көріпті. Түсінде аян беріліп, Бәленшекенің бесігіндегі сәбиімен некелесетінін біліпті. Бәленшекенің үйіне барса, әйелі қыз босанған екен. Түнде сол үйге құдайы қонақ болыпты. Жиырма екідегі тепсе темір үзер соқталдай жігіт, бұл қызды күте алмайтынын біліпті. Солайша, Жаратқанның жазуына қарсы келіп, бесіктегі сәбидің жүрегіне пышақ ұрып қашып кетіпті. Одан соң, одан соңғы әңгімені кейін айтайын. Автобус іші... Қапырық. Ән. Әуен. Сапырылысқан халық. Алматы. |
Алматы түні. Суық. Пальтосының жағасын көтеріп алған жігіт такси ұстап тұр. «Сен мені сағынбайсың ба?» Бұл әуеннің иірімдеріне келген тұста бар дауысын салып, нақышына келтіріп айтуға тырысады. «Сен м-ен-і са-ғын-ба-йсың ба?» — Ой кешіріңіз? Театрға екі жүз теңге. — Отыр. |
Тас ұйқыда мастығы буып, бастырылып қалыпты. Басын әрең көтерді. Кенезесі кеуіп жатыр екен. Сүйретіле тұрып, ас бөлмеге барды. Май сіңіп қалған үстел нан қоқымдарынан көрінбей, жүрек айнытады. Жуылмаған ыдыс-аяқ тау болып үйіліп жатыр. Майлық көгеріп кеткен. Сағат тілі тоқтап қалғалы қашан. Уақыт та сонымен бірге тоқтағандай... Қай ай, қай күн екенін есіне түсіре алмады. Әйтеуір даланың жылымық таңы есінде. Терезенің ар жағы түн, көзге түртсе көргісіз қараңғылық, бер жағы тозақ. |
Екеуміз оқыста бағдаршам түбінде жолықтық. Жұрт аяғы басылып қалған сәт еді. «Аға...» деп менен бір көшені сұрадың. Сауалыңның соңын естімеген едім, сенің Айдың өзі қызғаныш туғызып, Күн көзін алмай қарайтын нұрлы жүзіңе байланып қалғанмым. Сен мендегі бір түрлі сезімді аңғардың да, бірден бағдаршам көрсеткен жасыл түске өте бердің. Бағытым басқа еді. Бірақ соңыңнан бірге ердім. |
Санамды өлім торлап алды. Қалай өлем? Асылып па, әлде жүрегіме пышақ сұғып алсам ба екен? Жоқ, бәлкім машинаммен құйындай құйғытып келіп бір ғимаратқа соғармын а? Білмеймін, білетінім әйтеуір өлуім керек. Үйдегі ұрыс-керіс, жанжал, таусылмайтын дау мені әбден мезі етті. Қазір тек өлім туралы ойлайтын болдым. Өлім. О, Құдірет. Бұл жалғанда жер басып жүргім келмейді жаным. Ешкімді көргім де келмейді. Жалықтым, бәрінен шаршадым. Жерініп біттім. |
«Кеңсай» саяжайына келіп тоқтаған алпысыншы нөмірлі автобустың ішінен бір топ адам түсті. Күн кешкіріп қалған. Қанша жаз мезгілі дегенмен де бойды шымырлатар сәл салқындық бар. Көкке оранған Іле Алатауының жондана біткен белестерінен танауды қытықтаған түрлі жұпар иістер аңқиды. Автобустан ең соңғы болып шыққан Арман аялдамадағы дүкеннен бір бөлке нан мен қалбырға салынған балық алды. Сосын өзі жарық дүниеге келмей тұрып салынған, бұл күндері асфальт деген аты ғана болмаса, затының жұқанағы да қалмаған қара жолға түсті. |
І-раунд. Рингке көтеріліп келе жатып, көк бұрыштағы қарсыласыма ұрлана қарадым. Жоқ, бұрынғыдай емес. Денесінің шиыршық атып жинала түскендігі көзге бірден ұрып тұр. Буылтық-буылтық білегі, қоладан құйғандай тырсиып тұрған кеудесі залдың айқыш-ұйқыш жарығына еркін шомыла жалтылдап, адамның үрейін ұшыратын ерекше бір серпінмен жұлқынады. Резеңкелі арқаннан өте бере рингке шығар алдындағы жаттықтырушымның соңғы пысықтап айтқан сөзін есіме алдым. |
Қара домбыраның қоңыр үнімен қабыса шыққан әншінің әсем дауысы төгіліп тұр. Үкілі сәукелесі, етек-жеңі бүрмеленіп, кеңінен пішілген көйлегі, белін қынай буынған көк түсті камзолы − бәрі өзіне құйып қойғандай, мінсіз бойына жараса кеткен. Қарақаттай мөлдір қара көздері де сол баяғыдай нұрланып, лағыл тастай от шашып, жалындап тұр. Тек қос ішекті қағып тұрған оң қолының шылдыр шүмек саусағына көзім түскен кезде ғана көңілім су сепкендей басылып, пәс тартып қалды. Әрине, үйленетін жастан баяғыда-ақ асты емес пе. Оның несіне ренжимін, қайта қуануым керек шығар. Жанарымның мәңгілік жадында сақталып қалған Жадыраның балаң бейнесін дәл алдымдағы сахнада тұрған әнші келіншекпен салыстырдым. Өзгере қоймапты. Күлген кезде екі езуінде пайда болатын әдемі қос шұңқыр, тамсана сөйлегенде жарасымды ырғақпен қастарын көтеріп қоятындығы, ренжіп қалса ұрты томпайтып, астыңғы ерінін салпайтып шығаратыны... ары қарай есіме түсіргім келмеді. Жанымда отырған ұлымды қолынан тартып, жүр шығамыз деп ымдадым. Ол қозғала қоймады. Концертті көргісі келіп, көңілі құлап тұр. Ұлымның қолынан тартып, сүйрей жөнелдім. |
Өзімнен үлкен қой терісінен тігілген сөмкемді сүйретіп Талдыбақ ауылына аяңдап келем. Сонда интернат бар. Жазалымын. Хандық дәуірді аңсаушы деп мектептен қуылдым. Еңбекшілерге арналған концертте «Колхоз таңы» әнін айтудың орынына, ұмытып қалып, көпшіліктен ұялғасын аңдаусызда әжем жаттатқан «Алпамыс батыр» жырын жатқа соғып жіберіппін. Ендігі жүрісім, міне... Өзекте - өкініш. |
|