Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 351-360
Страницы: « 1 2 ... 34 35 36 37 38 ... 175 176 »

Соғыс уақытындағы шығармашылығы

Соғыс жылдары Алексей Толстой соғыстың бірінші күнінен (1941 жылдың 27 маусымында – «Біз нені қорғаймыз») бастап, 1945 жылдың қысының аяғында қайтыс болғанға дейін 60-тар шамасында публицистикалық материалдар (очерктер, мақалалар, үндеулер, батырлар жайындағы суреттемелері, соғыс операциялары) жазады. Алексей Толстойдың соғыс туралы танымал туындысы «Отан» («Родина») очеркі.

Барлық реферат | Просмотров: 1110 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Түріктер заманындағы жерлеудің сипатты белгісі — адамды атымен бірге жерлеу ғұрпы. Түрік заманының Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісудағы обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері — тастан немесе топырақтан уйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Өлік жерден сопақша етіп қазылған шұңқырға жерленген, өлікпен бірге киім- кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. VI — X ғасырлардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зерттелді. Бұлар — Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровка, Качира және Боброво-1 және 2 қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар.
Барлық реферат | Просмотров: 761 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина,Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар.
 
Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет,Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.
Барлық реферат | Просмотров: 1717 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады.
      Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1233 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Барлық реферат | Просмотров: 3645 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Бірата - екі-үш ұрпақтан (ата - әке - бала) тұратын патронимиялық құрылым. Төрт ұрпақтан тұратын мұндай агнаттық құрылым сирек те болса кездесетін. Дегенмен, біратаның басым көпшілігі жоғарыда айтылғандай екі-үш ұрпақтан құралды. Біратаны ата балалары деп те атай береді. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихнамасында шаруашылық ауыл (орыс. хозяйственный ауыл) деген атпен белгілі. Дәстүрлі қазақы ортадағы материалдық және рухани игіліктің басты өндірушілері, яғни экономикалық және рухани (мәдени, ғұрыптық және т.б.) қарекеттің бірден бір корпоративтік субъектілері болды.
Барлық реферат | Просмотров: 828 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері.

Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған.

Барлық реферат | Просмотров: 4034 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.
Барлық реферат | Просмотров: 2233 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - өңдеу, тәрбиелеу] -

·         әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени қүбылыстардың жиынтығы;

·         нақтьшы белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен (жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны және т.б.;

Барлық реферат | Просмотров: 2113 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Армения телевизиясының тарихы (1950 ж) — КСРО Министірлік Кеңесі одақтас республикаларда 27 бағдарламалық орталық және 5 таратушы станция жасау туралы шешім қабылдаған 1955 жылы 5 қыркүйектен басталады.

Таратушы станцияның құрылысы Ереван қаласында басталды, ал Арменияның телевизия жөніндегі комитетінің бірінші директоры Каграманов Нерсес болды. 1956 жылдың 29 қарашасында Шлепчан Нара Армения телевизиясының алғашқы әуе толқынын ашты. Онда бейнефильм және Мәскеудегі Армения өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертіне арналған сюжет көрсетілді.

Барлық реферат | Просмотров: 1034 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 331-340 341-350 351-360 361-370 371-380 ... 1741-1750 1751-1756