Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Александр Александрович Фадеев қазақша ақпарат
04.01.2014, 12:11

Жастық шағы

Александр Александрович Фадеев (партизандық лақап аты — Булыга; 24 желтоқсан, 1901 — 13 мамыр 1956) — орыскеңес жазушысыжәне қоғам қайраткерлері. Бригада комиссары (1942 жылдан бастап полковник). Бірінші дәрежелі Сталин орденінің лауреаты (1946). 1918 жылдан бастап КОКП-ның мүшесі.

Жастық шағы

А. А. Фадеев 1901 жылы 24 желтоқсанда Кимри ауылында (қазіргі Тверь облысындағы қала) дүниеге келді. Жазушы кішкентай кезінен бастап өте дарынды бала болып өседі. Төрт жасында әпкесі Таняны қалай оқытқанын бақылап отырып, әліпби үйренді. Сонымен қатар, жазушы төрт жасынан бастап әртүрлі кітаптарды оқып,таңғажайып ертегілер мен әңгімелер құрастырды. Қаламгер кішкентай кезінен бастап Джек ЛондонМайн РидФенимор Купер сынды әлем әдебиеті классиктерін сүйіп оқыды. 1908 жылдан бастап Фадеевтің отбасы Оңтүстік-Уссурийск өңіріне (қазіргі Примор өңірі) көшіп, балалық шағы мен жас кезі осы өңірде өтті. 1912 – 1918 жылдары Фадеев Владивосток Коммерциялық училищесіне оқуға түскенмен, бұл оқуды аяқтамай, өмірін революциялық жұмыстарға арнауды жөн көрді.

Революциялық қызметі

Жазушы Владивосток Коммерциялық училищесінде оқып жүріп, большевиктер комитетінің астыртын жұмыстарына белсене араласты. 1918 жылы партияға мүшелікке өтіп, «Булыга» лақап атын қабылдады. Партиялық қызметі белсенді жүріп, партия үгітшісі болды. 1919 жылы Қызыл партизандарының Ерекше Коммунисттік қатарына қабылданды.
19191921 жылдары Қиыр Шығыстағы жауынгерлік қақтығыстарға қатысып, осы кезде жараланады. 13-ші Амур полкының комиссары және 8-ші Амур атқыштар бригадасындағы посттарда қызмет етті. 1921—1922 жж. Мәскеу тау-кен академиясында білім алды. 1921 жылы КОКП-ның Х съезіне делегат ретінде қатысып, Петроградқа аттанды. Кронштад көтерілісін басу үшін құрылған топта қызмет етіп, екінші рет жарақаттанды. Ем қабылдап, әскерден қайтқан соң Фадеев Мәскеуде қалды.

Әдебиетке алғашқы қадам

Александр Фадеев өзінің ең алғашқы тырнақалды «Разлив» атты шығармасын 1922—1923 жылдары жазды. 1925—1926 жылдары бастап жазған «Разгром» романынан кейін Фадеев кәсіби жазушы болуды мақсат тұтты. «Разгром» романы жас жазушыға атақ пен абырой алып келді[2] . Алайда, жазушы осы жұмысынан кейін әдебиетке көп көңіл бөле алмады. Себебі, осы тұста Фадеев әдебиет және қоғам қайраткері, Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясының көшбасшысы қызметтерінде болған еді.

Кейінгі шығармашылығы

Жазушының жас шағында туған «Разгром» және «Последний из Удэге» романдары Уссурийск өңірінде жазылды. «Разгром» романының басты идеясы, проблематикасы партия басшылығы, таптық күрес, кеңес үкіметінің орнауы жайына арналады. Басты кейіпкерлері - қызыл партизандар, коммунисттер (мысалы, Левинсон). Ал қаламгердің «Последний из Удэге» романы – Ресейдегі Азаматтық соғысқа арналып жазылған, аяқталмаған роман.

Сонымен қатар, Фадеев социалисттік реализм тұсындағы әдебиеттің дамуы жайында көптеген очерктер мен мақалалар жазды.

Фадеев КСРО әдебиетін 20 жылға жуық уақыт басқарып келді. Сондықтан болар, халық жазушыны «Жазушылық министр» деп атап кеткен. Жазушының соңғы жазылған «Черная металлургия» романы аяқталмай қалды. Себебі, түрлі қоғамдық жұмыстарға араласқан Фадеев шығармашылық жұмыстарға аз көңіл бөлді. Қаламгердің 50-60 авторлық бет шамасында іргелі туынды жасау жоспарында бар еді. Алайда, жазушы өлгеннен кейін, қаламгердің қолжазба нұсқаларынан 3 баспа табақ көлемінде 8 бөлімнен тұратын жинағы «Огонек» журналына басылып шықты.

«Жас гвардия» романы. Шындық пен жалған

«Жас гвардия» романының идеясын В.Г. Лясовскийдің кітабынан және М. Котовтың 1944 жылғы «Сердца смелых» шығармаларынан алды деген пікір бар. Ұлы Отан соғысы біткен соң (1941—1945) Фадеев Донбасстағы герман фашисттері басып алған территорияда астыртын қызмет еткен жас гвардия туралы роман жазуға кірісті. Фашисттер олардың көбін өлтіріп тастаған еді. Роман – «Жас гвардия» деп аталды.

1943 жылы ақпан айының ортасына қарай, кеңес әскері Краснодонды жау қолынан босатқан соң, қаладан қашық жерде № 5 шахтаның орнында фашист әскерлері қинап өлтірген жас гвардияшылардың мәйіттері табылды. Осы оқиғадан соң «Правда» газетінде Александр Фадеевтің «Бессмертие» атты мақаласы жарық көрді. Осы мақаланың негізінде жазушы «Жас гвардия» романын жазды.

Кітап алғаш рет 1946 жылы жарық көрді. Фадеев осы романы үшін өте қатты сынға ұшырады. Кеңес үкіметінің құзырлы органдарында, КОКП ОК органында, «Правда» газетінде, тіпті Сталиннен қатаң ескертулер алды.

Фадеев: «Мен жас гвардияшылардың шынайы тарихын жазған жоқпын, роман жаздым. Бұл ойдан шығарылған көркем шығарма болуы да мүмкін» дейді.

Соған қарамастан, 1951 жылы жазушы романның екінші нұсқасын бастырып шығарды. Бұл нұсқада жазушы көптеген өзгертулер мен түзету жұмыстарын жасап, оқиға желілерінде коммунисттік партияның басқаруына, ықпалына көп тоқталады.

Романның алғашқы нұсқасының желісі бойынша «Жас гвардия» фильмі түсірілді. Аталмыш фильм де өңделген нұсқа бойынша қайта түсіріліп шықты. Алайда, фильмді басынан аяқ қайта түсіру – кітапты қайтадан жазып шығудан да қиын еді.

1980-шы жылдардың аяғына қарай «Жас гвардия» романы партия тарапынан идеологиясы дұрыс деп қабылданып, қолдау тапқан роман болды. Роман КСРО оқыту бағдарламасына еніп, 1950—1980 жылдары білім алған кез келген оқушыға жақсы таныс еді.

Қоғамдық-саяси қызметі

Көп жылдар бойы Фадеев түрлі дәрежедегі жазушылық ұйымдардың басшысы қызметінде болды. 1926—1932 жылдары Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясында идеолог–басқарушылардың бірі болды.

КСРО Жазушылар одағында:

·         1932 жылы Ресей Пролетариат Жазушыларының Ассоциациясы жабылған соң КСРО Жазушылар одағын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мүшесі;

·         1934—1939 — ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары;

·         1939—1944 — хатшы;

·         1946—1954 — бас хатшы және басқарма төрағасы;

·         1954—1956 — басқарма хатшысы.

Бүкіләлемдік Бейбітшілік Кеңесінің вице-президенті (1950 жылдан бастап). 1939—1956 жылдары КОКП ОК-нің мүшесі; 1956 жылы КОКП ОК-нің ХХ съезінде мүшелікке үміткер болып қабылданды. 1946 жылдан бастап КСРО жоғарғы кеңесінің 2-4-ші шақырылымдарының депутаты және Ресей Федерациясы жоғарғы кеңесінің 3- ші шақырылым депутаты.

1942—1944 жылдарда Александр Фадеев «Литературная газета» басылымында редактор, «Октябрь» журналының ұйымдастырушысы және редколлегия мүшесі болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Фадеев Кеңесақпарат бюросында және «Правда» газетінде әскери корреспондент қызметінде болды. 1942 жылы қаңтарда жазушы репортаж жасау үшін Калинин фронтының ең қауіпті жерлерінде болып, ақпарат жинады. Осы жылдың 14 қаңтарында Фадеев соғыста көрген ойларын «Правда» газетінде «Зұлым-талқандаушылар және жасампаз адамдар» атты мақаласында бүкпей айтты. «Боец» очеркінде жазушы қызыл армия солдаты, өлгеннен кейін Кеңес одағының батыры деп мойындалған – Яков Падериннің жауынгерлік бейнесін суреттеді: 1941 жылы Калинин үшін шайқаста, жау дзотының алдында (жер қазып үстіне бөренелер салынған атыс орны) Падерин ауыр жарақаттанғанына қарамастан, дзот ұңғысын өз денесімен қалқалады.

Азаматтық ұстанымдары. Соңғы жылдар бедері

Александр Фадеев КСРО жазушылар одағының төрағасы болғанда үкіметтік шаруалар мен партия шешімдерін өз өмірінде әріптестері — М. М. ЗощенкоА. А. АхматоваА. П. Платоновтарға қарағанда көп пайдаланды. Кеңес үкіметінің жазушылары Зощенко мен Ахматованы әдебиетші ретінде жоюға алып келген 1946 жылғы Ждановтың тарихи үкімін қостаушы және іске асыру мақсатында құрылған топтың ішінде біз сөз етіп отырған Фадеев те болды. [9] 1949 жылы Александр Фадеев «Правда» газетінде «Театр сыншыларының антипатриоттық тобы туралы» деген атпен жарияланған бағдарламалы мақаланың авторларының бірі болды. Аталмыш мақала «Космополитизммен күрес» атты бірлестіктің құрылуына негіз болды.

Алайда, 1948 жылы Фадеев КСРО жазушылар одағының қорынан бір тиынсыз қалған М.М. Зощенкоға ақшалай көмек көрсетуі туралы өтініштер айтқан. Сонымен қатар, қаламгер билікке жақпаған— Б. Л. ПастернакН. А. ЗаболоцкийЛ. Н. Гумилёв сынды әдебиетшілерге шын ықыласымен көмек көрсеткен болатын. Андрей Плотоновтың емделуіне оның жұбайына бірнеше рет жасырын түрде ақша берген болатын.

Қалмгердің мінезіндегі, жалпы өміріндегі, іс-әрекеттеріндегі екіге бөлінушіліктің соңы өте үлкен дағдарысқа алып келді. Өмірінің соңғы жылдары жазушы ұйқысыздық ауруына ұшырап, ішкілікке салынды. Кейіннен «Барвиха» шипажайында емделуден өтті.

Илья Эренбург бір сөзінде Фадеев туралы былай дейді:

Фадеев ержүрек, бірақ тәртіпті солдат. Ол бас қолбасшының құқықтық құзыретін ешқашан ұмытқан емес.

Фадеев Хрущев жылымығын қабылдаған жоқ. Осы оқиғаға байланысты 1956 жылы КОКП ОК-нің ХХ съезінде кеңес әдебиетшілерінің көшбасшысының қызметі Михаил Шолоховтың тарапынан қатаң сынға ұшырап, Фадеев КОКП орталық комитетінің мүшелігіне өтпей қалды. Ол тек мүшелікке үміткер қатарына сайланды.  Фадеевті кеңес жазушыларының ішіндегі репрессияның себепшісі деп айыптады. КОКП ОК-нің ХХ съезінен соң Фадеевтің өз ары алдындағы кінәсімен күресуі шегіне жетті. Қаламгер өзінің ескі досы Юрий Либединскийге: «Өз арым азаптады. Қанды қолмен өмір сүру қиын, Юра» деген екен.

Өлімі

1956 жылы13 мамырда Александр Фадеев Переделкинодағы саяжайда өз тапаншасынан атылып өлді. Жазушы туралы қазанамада жазушының өзін-өзі өлтіруінің ресми себебі –алкоголизм деп көрсетілген. Шындығында, өзіне қол жұмсардан екі апта бұрын А. А. Фадеев ішкілікті қойып, «шамамен бір апта бұрын әртүрлі адамдарға хат жазып, өлімге дайындалған көрінеді» (Вячеслав Всеволодович Иванов).

Фадеевтің анасының жанында жерленуі туралы қалауына қарамастан, Новодевичье мазарында жерленді (№ 1 учаскесі).

Қаламгердің өлер алдында КОКП ОК-не арналған хатын ҰҚК алғаш тек 1990 жылы ғана жариялады. Хат қысқаша мына үлгіде болды:

…Менің қаламгерлік өмірім өзінің бар маңызын жойып бара жатыр. Сондықтан мен өтірік пен жалаға, арамдыққа толы өміріммен аса зор қуанышпен қоштасамын. Менің үш жылдан бері жазып жатқан көптеген өтініш-арыздарыма қарамастан, билік басындағылар мені қабылдамады. Мені анамның жанында жерлеулеріңізді сұраймын.

— Известия ЦК КПСС. № 10, 1990. С. 147—151. КОКП орталық комитетіне арналған А.А. Фадеевтің өлер алдындағы хаты. 13 мамыр, 1956 жыл

Жеке өмірі

Фадеевтің ата-анасы мамандығы бойынша фельдшер еді, бірақ өмірде олар кәсіби революционерлер. Әкесі — Александр Иванович Фадеев (1862—1916), анасы — Антонина Владимировна Кунц.

Фадеевтің бірінші әйелі – Валерия Анатольевна Герасимова, екінші әйелі (1936 жылдан бастап) КСРО халық әртісі— Ангелина Степанова болды. Ангелина Осиповнадан жазушының Александр және Михаил атты екі ұлы болды. Одан бөлек, 1943 жылы Фадеевтің Маргарита Алигерден Мария Александровна Фадеева-Макарова-Энцесбергер деген қызы туылды (1991 жылы өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болды).

Ел жадында

Фадеев атымен аталады:

·         Примор өңіріндегі Булыга-Фадеево ауылы;

·         Липецктегі Фадеев көшесі;

·         Винницадағы көше, (Украина);

·         Мәскеудегі Фадеев көшесі;

·         Тверь қаласындағы Фадеев көшесі;

·         Владивосток қаласындағы көше және көркем әдебиет пен публицистикалық әдебиет муниципалды кітапханасы; Кітапхана 2010 жылғы күрделі жұмыстардың барысында жабылып қалса да, ескерткіш тақтасы сақталып қалды. Бүгінгі таңда ғимаратта Сбербанктің бөлімшесі орналасқан. Жазушыға арналған ескерткіш тақтасы Фадеевтің өзі оқыған ДВФУ-дың (Қиыршығыс федералды университеті) әкімшілік ғимаратында орналасқан (Владивосток қаласы. Суханов, 8);

·         Чугуевка ауылындағы Фадеев көшесі мен мұражай;

·         Жазушының туған қаласы – Кимрадағы Фадеев жағалауы көшесі

·         Фадеев атындағы балалар кітапханасы (Кимра қаласы)

·         Фадеев атындағы Краснодон қалалық кітапханасы

·         Тверь облысының Редкино ауылындағы көше (қайнары: "ХХ ғасырдағы әдеби өңіртану. Тверь, Тверь мемлекеттік университеті, 2008 ж. ISBN 978-5-7609-0479-9)

·         Гомельдегі Фадеев көшесі

·         Краматорскідегі Фадеев көшесі

·         Севастопольдағы Фадеев көшесі

·         Таганрогтегі Фадеев көшесі

·         Уссурийскідегі Фадеев көшесі

·         Самарадағы Фадеев көшесі

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 863 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar