Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 361-370 |
Страницы: « 1 2 ... 35 36 37 38 39 ... 175 176 » |
Армения баспасөзі, радио, теледидары — Арменияда кітап бастыру ісі Венецияда 1512 жылы шықкан "Парзатумар" ("Түсіндірме календарь") атты тұңғыш армян кітабынан басталады. Алғашқы армян баспаханасы 1567 жылы Константинопольде құрылды, кейін Римде (1584), Парижде (1633), Лейпцигте (1680) армян баспаханалары ашылды. Армян тілінде тұңғыш географиялық карта 1696 жылы шамасында Амстердамда, армян журналы "Аздарар" ("Хабаршы") 1794 жылы Мадраста (Индия), армян газеті "Аревелян цануцманц" ("Шығыс хабарнамасы") 1815 жылы Астраханда шықты. Шығыс Армения Ресейге қосылғаннан кейін (1828) армян тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдар Ереванда, Петербург, Астрахан, Тбилиси, Бакуде басылып шығарылды. 19 ғасырдың 2-жартысында "Мету Айастанн" ("Армения арасы", Тбилиси, 1858-86) газеті мен "Масяц Агавни" ("Масис көгершіні", Париж, Феодосия, 1855-65), "Мурч" ("Балга", Тбилиси, 1889-1907) журналдары шығып тұрды. |
Қарағанды облысында мәдениет пен өнер ұйымдарының кең ауқымды жүйесі жұмыс істейді, 2009 жылдың I жартыжылында олардың саны 701-ге жетті, соның ішінде мемлекеттік жүйедегілер саны - 643 нысан. Мемлекеттік жүйеге кіретіндер: 339 кітапхана, 244 клуб үлгісіндегі ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 17 мұражай, 2 концерттік ұйым, мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция, хайуанаттар бағы, 10 мәдениет және демалыс саябағы, кинопрокат, көрме залы. |
Тастауық. Жас кезінде көне музыкалық аспап тастауықта ойнаған қарияларды да кездестірген едік. Бұл аспапты да үскірік сияқты саздан жасаған. Берік болуы үшін сазға жылқы қылын немесе жүн қосқан. Оның қалай жасалатынын өз көздерімен көрген адамдар бізге мүның бәрін әңгімелеп айтып берді, суреттерін сызып көрсетті, ойнаут тәсілдерін де айтты. Осы мәліметтерге сүйене отырып тастауық аспабын жасадық. |
Аза күй, реквием — қаралы характердегі көп дауысты хорға арналған топтамалық шығарма, қазақ халқының күй өнеріндегі қайғылы оқиғалармен байланысты шыққан күйлердің түрі. Аза күй ел басындағы, не жеке адамның өміріндегі қаралы жағдайларды муз. арқылы жеткізеді. Бұл тақырып аңыз, тарихи жоқтау, жылау, қоштасу, көңіл айту, жұбату сияқты күй жанрларында кездеседі. Халықтың рухани қазынасында осы тақырыптағы халық күйлері мен жеке күйшілердің күйлері сақталған. "Ақсақ құлан — Жошы хан” аңызында Жошы ханға баласының мерт болғанын күйші «Естірту» күйі арқылы білдірген. Ел тарихында "Зар заман” деп аталған кезеңде қазақ руларының бытырап, қандастарымен қоштасуыына арналып жазылған "Ел айрылған”, "Қазақ пен ноғайлының қоштасуы”, "Ноғайлының зары” күйлерінен орын алған. |
Мәдениеттану үшін әрекетті дерексіздендірілген жасаушы, ал халық деп сансыз топты алу көп нәрсе бермейді. Мұны айтып тұрғанымыздың себебі бар. Өйткені әлі күнге дейін мәдениет, сана, рух, әлеуметтік тұтастық қоршаған ортаға, қауымдық болмыстың тіршілік тынысына байланысты дамып отырды деген пікірлер кездеседі. Бұлай болған жағдайда мәдени тұлға енжар, сылбыр, көнбіс, тарихи қуыршаққа айналып кетеді. Біз бұл жерде мәдени тұлға деп тарихи-мәдени процестің субъектісін және оның ұжымдасу бітімдерін алып отырмыз. Генетикалық-туыстық бірлік арқылы да, қарым-қатынастық байланыстардың негізінде де, жалпы типологиялық ұқсастықтардың нәтижесінде де пайда болған ұйымдасушылық типтері әрбір этномәдениеттің өзіндік болмысының төлтума белгілеріне жатады. Оларды айқындау үшін формациялық тәсілдің беретіні аз. Бұрынғыдағы «көшпелі феодализм» (академик Б.Я. Владимирцев) немесе «патриархалдық феодализм» (П. Румянцев) ұғымдарының қазақ мәдениетінің әлеуметтік типтеріне онша жанаспайтындығы туралы соңғы кезде жеткілікті айтылды. |
Үскірік. Саздан жасалынған тағы бір музыкалық аспап — үскірік. Ол да ерте заманнан белгілі болған. Алайда соңғы жүз жылда қолданудан мүлде ұмыт қалған екен. 1974 жылы сентябрь айында бүл аспап Маңқыстау маңайынан табылды. Табылған аспапты жасаған шебер алпыстан асқан Балапаш Әнесов — Маңғышлақ облысы Маңқыстау ауданы, Емір совхозының түрғыны. Үскірікті ақсақалдың қызы, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті Хадиша Балапашева арқылы алдырттық. |
Халықтың дәстүрлі мәдениетін зерттеу оның негізгі қаңқасын ұстап тұрған бағыттаушы сілемдері мен категорияларын анықтаудан басталғанда ғана, талғамшыл көзді біршама қанағаттандыра алар қорытындылар беруі мүмкін. Сондықтан, тек осы шартты орындағанда ғана, көне мәдениеттің бізге жеткен қиындыларын еппен қиыстырып, біршама сындарлы пішін жасауға болады. Бұл үшін түрлі қилы салалары арасындағы көзге бірден түсе қоймас өзекті тіндерін суырт- пақтай келіп, ондағы әмбебап желім – «жөн» категориясының алатын орны мен маңызын анықтап алайық. Дәстүрлі мәдениеттің тарау-тарау құрамдас бөлімдері негізгі парадигма аясындағы бірнеше принциптер мен категориялар жиынтығынан тұрады. Біз өз мақсатымызға сәйкес «жөн» категориясын және оның әрекетті өрбіген әлеуметтік құндылықтарын ғана шолып өтеміз. «Жөн» категориясы, аты айтып тұрғандай, «қиядан шауып, қисынын тауып» үйлестірген адамның ішкі дүниесімен сыртқы дүниенің арақатынасында қылаудай қайшылық болмауын талап етеді. |
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Сипаттамасы Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады. |
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды. Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. |
Ғасырлар тоғысы — орыс мәдениетінің «күміс ғасыры» деп аталатын ерекше даму кезеңіне қолайлы жағдайлар жасады. Аз ғұмырының өте қысқа болғанына қарамастан «Күміс ғасыры» небәрі 20 жылдың ішінде дүниеге философиялық ой-толғамдардың тамаша үлгілерін берді, дәл осы уақыт шеңберінде орыс иконасы қайтадан жанданды, музыканың, театрдың, кескіндеме өнерінің жаңа бағыттары қалыптасты, поэзия үні жаңа сарында естілді. Міне, сондықтан да болар — «Күміс ғасыры» көркемдік жаңалықтардың, жаңа бағыттардың тұтастай бір дәуіріне айналды. Орыс мәдениетінің сахнасында өнердің әр саласының дарынды өкілдері пайда болды. Олар: А. Блок, К. Станиславский, С. Рахманинов, М. Цветаева, А. Ахматова, В. Иванов пен Г. Иванов, В. Мейерхольд және т.б. Шындығына келcек, осы ұлы жандардың өздері ғана бір дәуірге ғана емес, бүкіл бір халық мәдениетінің тарихына да жеткен болар еді. |