Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 291-300 |
Страницы: « 1 2 ... 28 29 30 31 32 ... 175 176 » |
Июньнің 7-сі күні орыс халқының ұлы ойшыл философы, кемеңгер сыншы, әдебиетшісі және демократ революционері В.Г. Белинскийдің өлгеніне 100 жыл толады. Белинский 37 жасында қайтыс болған. Саналы еңбек өмірі ұзақ дәурен кешпеген. Бірақ аз жылдық қадірлі еңбек кезеңінде соншалық өнімді өмір кешіп өткен. Тереңдігі мен молдығын теңіздей еңбек деуге болады. Осы еңбегінің үш түрлі ерекшелік сипаты бар еді. Ол: әлеуметшілік, ойшылдық, сыншылдық. Еңбектерінің барлығын халыққа пайда келтіріп, жәрдем ету үшін сарп еткен. Бұл - бір сипаты. Әрбір еңбегін қоғам тартысына арналған акт, үлкен әрекет есебінде түсінген. Бұл жағынан өзі туралы "Мен бұл әлемде алысушымын" деген-ді. |
Таудың жалтыр, ашық күні қуанта шықты. Биіктен қарағанда көкжиек шексіз боп кеңейіп, жырақтаған. Аспанда шаңқылдаған қыран ғана жүреді дегендей биікте отырмыз. Әуе таза, дүние жым-жырт. Биіктеген сайын үнсіз, мол сабырлы, кең тыныштық бар. Табиғат даналық танытады. Зор биіктің бәрінің басы ұзақ тыныштыққа шомып тұрса керек. Тегі, үлкен атаулының бәрі айғайсыз, дырдусыз болғандай. Өз күшін танығанға да, танымағанға да бір қалыпты тыныш қана, елеусіз қарайтын тәрізді. |
Дәл қазіргі күндеріміз күншуақты, әдемі бір әдебиет көктемі сияқты сезіледі. Шағырмақ күні маужырап, тусыған даласы өнбек-өспекті тілеп, ыңыранып, бусанып, ерекше бір еңбекке шақырып тұр. Дағдылы көктемде тракторын, соқасын МТС сайлайды. Көлік, аспап, азаматын колхоз қамдайды. Еңбек елі науқанын қарсы алуды біледі. Науқанымызда біз не етер екенбіз? Бошалаң колхоз, сылбыр МТС болмау — дәмеміз. "Дәме бар да дәрмен жоқтың" кебін кимесек дейміз. Одақ әдебиетінің биылғы жылы ерекше жыл болды. Өзіміз де жүрдік, көрдік. Ой-сезімімізді жел желпіп, күн еміренткендей. Дәл бүгінгі күннің құлақ күйіне барлық ішек-пернеңмен әзірленген сияқтысың. Көрген мен сезгеннің бәрін терінейік, іріктеп екшейік. Сонда социалдық жаңа мәдениет белгісіндей, заман белгісіндей боп, пролетариат стилінің бүгінгі көрнекті бір тұрғылары сияқтанып үш нәрсе ойға келеді. Бұның бірі — Мәскеудегі метро. Кеңес еңбекшісі Мәскеу қаласының астындағы саз, құмтас пен керішті ғана үңгіп жатқан жоқ. Ескі Россияның ғасырларын үңгіп, Иван Грозный Мәскеуіне шейін баратын тарих тоңын аударып жатыр1. |
Тың жайын ауызға алсақ, талай тың ойлар көңілге оралады. Ұлы Отан байлығын молайтатын, жаңадан табылып, ашылған кен қазынадай кең молшылық пен бұрын басталмаған байлық Отан игілігіне оңынан оралғанын ойлаймыз. Әрине, тынды айтқанда, Қазақстан көлемінде бүгінде арнайы аталатын Тың өлкесін еске аламыз. Соған жалғас тыңды игеру шарасы жалғыз ол өлке емес, Қазақстанның басқа барлық облыстарында да өзінің игі мол үлгісін тудырғанын білеміз. |
Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істегі нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті. Еңбек дүниесінің күні тумай, шөл ғасырлардың кер заманы меңдеп тұрған күндерде шығып, тарихи сын күндерде кері кетпей, өмірдің тарту, әуелгі адамның өзінде-ақ "оңай жол болайын" деген жоқ-ты. |
Апрельдің аяқ кезінде Семейде «Шаншар» журналының бірінші саны алынды. «Шаншар» — қазақтың тұңғыш күлкі журналы. Қазақтың аз да болса ілгері қарай басып келе жатқан өнер білімінің тұсында «Шаншар» мезгілімен шыққан журнал. Білімді елдің үлгісімен қазақ оқушысы аз танысқандай болып, осы күнде баспасөздің неше алуан түрлерін көріп келеді. Қазақ баспасөзі түр тауып молайған сайын оқушы да қалыптанып екшеле бермек. Бұрын біз қазақтың хат таныған баласының бәрі бірдей оқушы деп есептесек, осы күнде ондай көп оқушы бар деп санамаймыз. Бірақ оның есесіне саяси санасы артқан, сынап оқитын нағыз оқушы шыға бастады дейміз, бүгінгі шығып жатқан газеттер, журналдар мен пән кітаптарын көріп оқығаннан бері, әрбір жазылған сөздің құр ғана мағынасын ұғып қоюмен тоқтамай сынайтын да болып |
Бір топ төре1 бір ру елге өктемдік етем деп келіп, жанжал шығады. Ел төрелерді тегіс қырып салады да, өліктерін Суықсай деген сайға тастайды. Кейін, бірқатар заман өткен соң осы ел ішіне тағы бір төрелер келіп отырып, әңгіме үстінде талас шығады. Төрелер біз "ақсүйекпіз"2 дейді, ел оған күмән келтіреді. Сонда жаңағы елдің бір қарты өз кісілеріне айтыпты: "Жарандар-ау, оған да күмәнің бар ма? Қайтіп қана таласасың? Төре сөзінің шындығына Суықсай-ақ куә емес пе, тіпті? Сонда жатқан сүйектерін әппақ емес деуге қайсыңның аузың барады? Құдай қані!" — депті. |
Партия мен үкіметтің басшылығы арқасында, Ленин-Сталиннің ұлттық саясатының жүзеге асуының арқасында Қазақ республикасы өнер-білімі өскен елге айналды. Қазақ халқы 20 жылдың ішінде түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетін өркендетіп алды. Бұл 20 жылдағы мәдениет табысы — қазақ халқы талай ғасырлардан көшіп өтсе де, талай шарқ ұрып іздесе де бұрын таба алмаған, бұрын жете алмаған мәдениет еді. Түнек басқан ғасырлардан қазақ халқы өнер-білім туралы, мәдениет туралы ащы арманды ғана ойына сақтап келген еді. Сол арман орындалды, көсегесі көгерді. Бұны фактыдан көріп отырмыз. Сөзді цифрға берейік: |
Қазақ ССР тарихының өткен ғасырын еске алсақ, көзге толық, көңілге медеу үш адамды алдымен айтамыз. Олар — кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да, үш бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар үшеуі үш мұнарадай болған: Шоқан, Ыбырай, Абай. Бұл үшеуінің өмір, еңбек майдандары үш алуан болуымен қатар, үшеуін бір туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық – олардың нәр алған тамырынан, аналық топырағынан туған. Бұлардың бәрі де қазақтың киіз үйінде туып, өз елінің өкілі болып шығуымен қатар, тек қазақ халқының ғана тіл, өнер, тарихи мәдениет ерекшеліктерінің көлемінде қалған жоқ, туысы қазақ болса да, бұлардың өрісі, өсуі басқаша. Олар өздерінен бұрынғы қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті. Сол барысында шыны шұрайлы, анық аналық қазына тапты. Ол ұлы орыс халқының бүкіл дүние мәдениетіне үлгі шашқан нұр қазынасы еді. |
Бұл күнде қай халық тәртіпсіз, ғылымсыз, елеусіз қалыптан асып, алдыңғы дәрежеде жүрген халықтармен тізелесіп отырарлық теңдікке жетуі тездігінен болатын оңай жұмыс емес. Бұрынғы бір беткей айласыз, ғылымсыз қара күштің заманында ілгергі дәрежеге тез жету халықтың өз еңбегімен, басшының епті саясатымен ғана әзер болатын. Ал бұл заманда надан халықтың қатарға кіріп кетуіне себеп болатын жүз тараулы шарттар бар. Ол шарттардың бәрі де бас-басына терең оймен, еппен, қажымайтын қайратпен, малды, жанды аянбай сарп етерлік талап еткенмен ғана орнына келтіріп, одан кейін орыннан үміт қылуға болады. |