Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 991-1000 |
Страницы: « 1 2 ... 98 99 100 101 102 ... 175 176 » |
Катар мемлекеті – Парсы шығанағының Катар түбегіндегі мемлекет. Жер көл. 11400 км2. Халқы 724 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары – катарлық арабтар. Оған қоса пәкстандықтар, үнділер, ирандықтар тұрады. Ресми тілі – араб тілі. Тұрғындары, негізінен, мұсылмандар. Астанасы – Доха қ. Мемлекеттің саяси құрылымы – абсолютті монархия. Мемлекет басшысы әмір шейї Хамад бен Халифа әл-Тани (1995 жылдан) бүкіл билікті өз қолына шоғырландырған. Саяси партияларға тыйым салынған. Ұлттық мерекесі 3 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1971). Ақша бірлігі – К. риалы.
|
Вавилон, Вавилония – ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538).
|
Ағылшындар мен голландықтардың бәсекелесінде, Балтықта голландықтардың позициясы ерекше мықты болатын. Балтық теңізінің жағалауынан Батыс Еyропаға маңызды тауарларды: кемелік құрылыс ағаш, кенеп (кенептен, кендірден тоқылған мата және көптеген маңызды тауарларды таситын. Нақты мәліметтердің жетіспеуінен, Балтық саудасына ағылшындықтардың ену тенденциясын дәл анықтау қиын. Осыған екі көзқарас болып тұр.
|
Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), әл-Әмирәт әл-Араби әл-Муттахида – Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет. Құрамына Әбу-Даби, Дубай, Шараджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмірліктері кіреді. Жері – 83,6 мың км2. Астанасы – Әбу-Даби. Халқы – 4,4 млн. адам (2007). Арабтардан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Діні – ислам.
|
Армения республикасы – Кавказ тауларының оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Негізгі заңы – 1995 ж. 5 маусымда қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс. Жоғарғы атқарушы органы – Министрлер Кеңесі. Армения солтүстік-батысында Грузия, шығыс, солтүстік-шығысында Әзербайжан, оңтүстігінде Түркия, Иран мемлекеттерімен шектеседі. Жерінің аумағы 29,8 мың км2, халқы 3 млн. (2007), астанасы – Ереван. Халқының 93%-дан астамы армяндар.
|
Арктика — Еуразия және Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік шетін, Солтүстік мұзды мұхитты аралдарымен қоса түгел қамтитын жер шарының солтүстік полюс аймағы. Грек тілінде arktіkos солтүстік деген мағынаны білдіреді. Ол сондай-ақ Атлант мұхиты мен Тынық мұхиттың іргелес бөліктерін де қамтиды. Ауданы 27 млн. км2, оның 15 млн. км2-і мұхит суы. Арктиканың құрамына Ресей Федерациясының Мурманск, Архангельск, Түмен облыстары, Красноярск өлкесі, Саха (Якутия) Республикасы, Магадан облысының солтүстік аудандары, Канаданың Юкон, Солтүстік-батыс Квебек, Ньюфауленд аймақтары, АҚШ-тың Аляска түбегінің солтүстігі, Данияның Гренландия аралы, Норвегияның Шпицберген аралдары бөліктері енеді.
|
Бұқар Халық Кеңес Республикасы — уақытша ұйымдастырылған "қуыршақ" мемлекет, Буқарға Қызыл Әскері шабуыл жасап, Буқар әміршілігінің жойылғаннан соң құрылған еді. 1920 жылының қыркүйектің 2-сінде қүйымдастырылған еді. 1920 жылының қыркүйектің 14-інде республика болып жарияланды.
|
Кувейт, Кувейт мемлекеті — Батыс Азияда, Арабия түбегінің солтүстік-шығысы мен Парсы шығанағының 9-аралында (Бубиян, Кару, Файлак, т.б.) орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 17,8 мың км2. Халқы — 2,8 млн. адам. Оның 40%-ы кувейттік арабтар, 40%-ы кувейттік емес арабтар, 5%-ы үнділер мен пәкстандықтар, 4%-ы парсылар, т.б. Ресми тілі — араб тілі. Діні — исламның сүннит (70) және шиит (30) тармақтары. Астанасы — Әл-Кувейт. Кувейт — конституциялы монархия.
|
Куба, Куба Республикасы — Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2.
|
Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км2. Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады.
|