Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 1001-1010
Страницы: « 1 2 ... 99 100 101 102 103 ... 175 176 »

Молдова, Молдова Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км2. Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні.
Барлық реферат | Просмотров: 3017 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Моғолстан – 14-ғасырдың орта тұсынан 16-ғасырдың бас кезіне дейін Жетісу мен қазіргі Шығыс Түркістан жерінде өмір сүрген мемлекет. Шағатай әулеті билеген ұлыс ыдырағаннан кейін 1346(47) ж. Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған билеушілер тобы Тоғлұқ Темірді хан етіп сайлады. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат Моғолстанның шекарасын былай деп көрсетті: "Шығыс шеті қалмақтар жерімен шектесіп, Барыскөл, Емел, Ертісті қамтиды. 
Барлық реферат | Просмотров: 950 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Болгария, Болгария Республикасы – Балкан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Жері 110 мың км2. Халқы 7,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы болгарлар (85%), бұған қоса түрік, сыған, армян, грек, т.б. ұлттар өкілдері тұрады. Астанасы – София қаласы (1,5 млн.). Мемлекеттік тілі – болгар тілі. Халқының көпшілігі православие дінін ұстанады, 13%-ы мұсылмандар. Болгария – парламенттік республика. 
Барлық реферат | Просмотров: 3204 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Ангола Республикасы – Африканың оңтүстік-батысындағы мемлекет, президенттік республика. Заң қабылдаушы органы – Ұлттық Ассамблея. Атқарушы билік үкімет қолында. Жер көлемі 1246,7 мың км2,  халқы 16 млн. адам (2007). Астанасы – Луанда. Ірі қалалары: Бенгела, Уамбо, Лубанго, Маланже, Кабинда. Әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінеді. Олар батуконго және батыс банту этникалық топтарына бөлінеді. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халықтың 80%-дан астамы христиан дініне сиынады.
Барлық реферат | Просмотров: 1359 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Әзербайжан, Әзербайжан Республикасы – Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Негізгі заңы – 1995 ж. 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады). Атқарушы өкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі.
Барлық реферат | Просмотров: 1500 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка – Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың км2. Халқы 302 млн. Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. 
Барлық реферат | Просмотров: 4295 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Беларусь, Б е л а р у с ь Р е с п у б л и к а с ы – Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері – 207,6 мың км2. Халқы – 9,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы – белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%) мен поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы – Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік-аумақтық жағынан алты облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі – беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні – православие (70%). Ақшасы – рубль. Ұлттық мейрамы – үшінші шілдедегі Республика күні. 
Барлық реферат | Просмотров: 941 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Алтай Республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы ұлттық-мемлекеттік құрылым. Жоғары заң шығарушы органы – Эл құрұлтай, ол 4 жыл мерзімге сайланатын 27 депутаттан тұрады. Жоғары атқарушы органы – Үкімет, оны төраға басқарады. А. Р. Қазақстан, Қытай, Моңғолия жерімен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тыва, Хакасия республикаларымен, Кемеров облысымен, Алтай өлкесімен шектеседі. Орт. – Горно-Алтайск қ. Жер аум. – 92902 км2, халқы – 201,6 мың адам (1996). Батысынан шығысына дейін – 360 км, оңт-нен солт-ке дейін – 480 км. Ресми тілі – орыс және алтай тілдері. Жергілікті халқы алтайлықтар, барлық тұрғындардың 31%-ын (62 мыңнан астам адам) құрайды; қалған халықтың 62%-ын орыстар, қазақтар – 5%, украиндар – 1%, немістер 0,4%. Әкімш. бөлінісі – 10 аудан, 1 қала, 86 ауыл мен 2 кент. Валютасы – Ресей рублі. 
Барлық реферат | Просмотров: 1119 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Египет, Египет Араб Республикасы – Африканың солтүстік-шығыс бөлігі мен Азияның Синай түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1001,4 мың км2. Халқы 73 млн. адам (2007). Халқының 98%-ы – арабтар. Ресми тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін (көпшілігі мұсылман-сунниттер) ұстанады. Астанасы – Каир қаласы (13 млн. шамасында). Бұдан басқа ірі қалалары: Александрия, Порт-Саид, Мансур, т.б. Ел аумағы жиырма жеті мухафазға, олар марказаларға (округ), марказалар нахияларға бөлінеді.
Барлық реферат | Просмотров: 2418 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

Алжир — Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша әл-Жумхурия әл-Жазаирия Демократия аш-Шаабия) – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигермен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км2. Халқы 34 млн. (2007). Негізгі халқы – алжирліктер – 14,9 млн. адам. Халықтың 99%-ын мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы – Алжир қаласы. 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді.
Барлық реферат | Просмотров: 2439 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.04.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 981-990 991-1000 1001-1010 1011-1020 1021-1030 ... 1741-1750 1751-1756