Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 981-990 |
Страницы: « 1 2 ... 97 98 99 100 101 ... 175 176 » |
Мысыр, Ежелгі Египет – Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Біздің заманымыздан бұрынғы 4-мыңжылдық шамасында Ніл өзені бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т.б.) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Халық санының күрт өсуі аң және балық аулау арқылы тамақ табуды қиындатып, мал шаруашылығы мен егіншілік келіп шықты. Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болды.
|
Австрия, Австрия Республикасы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 83,9 мың км2. Халқы 8,3 млн. Астанасы – Вена қаласы Әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады. Халқының 98%-ы австриялықтар, дінге сенушілердің 84%-ы католиктер. Мемлекеттік тіл – неміс тілі. Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Мемлекет басшысы – федералдық президент.
|
Моңғолия Республикасы – Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет. Жер аум. 1565 мың км2. Халқы 2,6 млн. (1998). Этн. құрамына халха-моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), орыстар (2%), тывалықтар кіреді. Халқының негізгі бөлігі будда дінін, 4%-ы ислам дінін ұстанады.
|
Моңғол империясының заманында тамақ екі түрге бөлінген: «ақ» және «қызыл» болып. «Ақ» дегеніміз сүттен жасалған тағамдарды білдіреді, ақпен жаз кездері тамақтанатын. Жазда моңғолдардың ең көп ішіп-жейтін сүтті тағамы қымыз, яғни биенің ашыған сүті болатын. Ол қазір де моңғолдардың сүйіп ішетін сусыны. Жалпы моңғолдар сүттің өзін ішпеген, одан ірімшік немесе айран сияқты тағамдарды дайындайтын болған. «Қызыл» дегеніміз етті білдіреді, оны көбінесе қыстың кезінде көбірек жейтін.
|
МОНАКО (Monaco), Монако князьдігі – Оңт. Еуропада, Жерорта т-нің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аум. 1950 км2. Халқы 33 мың (2001). Этн. құрамының 47%-ын француздар, 16%-ын италия-лықтар, 16%-ын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды. М. 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвьелльден құралады. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 96%-ы христиан-католиктер.
|
Вьетнам, Вьетнам Демократиялық Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 330 мың км2. Халқы 85 млн. адам (2007). Астанасы – Ханой қаласы. Халқының 88%-ы – вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары мыонг, кхмер, таи, тхай, т.б. ұсақ халықтар. Ресми тілі — вьетнам тілі. Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады. Мемлекет басшысы – президент.
|
Византия, Византия империясы – 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын зерттеуші ғалымдар енгізген. «Византий» (грекше Byzantіon) деген Босфор бұғазы жанындағы біздің заманымыздан бұрынғы 680 ж. іргесі қаланған ежелгі грек қаласы. 324 ж. Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды.
|
Венесуэла, Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км2. Халқы – 28 млн. адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады.
|
Венгрия, Хунгария, Мажар Республикасы – Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 93 мың км2. Халқы 10,1 млн. адам (2007). Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы венгрлер. Қалғандары неміс, серб, хорват, румын, еврей, т.б. халық өкілдері. Мемлекеттік тілі – венгр (мадьяр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі католиктер (70%) және протестанттар (25%). Венгрия – парламенттік республика. Елді президент басқарады.
|
КАШМИР – Азиядағы Гималай мен Тибет таулары тоғысқан тұста орналасқан тарихи өлке. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Үндістан жерінде болған түрлі мемлекеттік құрылымдар құрамына кірді. 1586 ж. К. Моғол империясына енді (қ. Акбар), 1736 ж. оны ауғандар, 1818 ж. сикхтер басып алды. 1845 – 46 ж. 1-ағылшын-сикх соғысында ағылшын отаршылдары жаулап алды.
|