Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 971-980 |
Страницы: « 1 2 ... 96 97 98 99 100 ... 175 176 » |
Антарктида — Жер шарының оңтүстік полюсі саналатын құрлық. Жерінің аумағы 12,3 млн. км2, ал қайраңдық мұздықтар мен аралдарды қосқанда 14,0 млн. км2-ге жетеді. Жерінің 99%-ын қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 26 млн. км3.
|
Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 728 млн. адам. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км.
|
Халқының саны: 16.000.000 (2000ж). Халықтың 25%-ы қала тұрғындары. Орташа жас мөлшері 50 жас. Халықтың 46%-ы 14 жастан төменгілер. Халықтың қоныстану тығыздығы бір шаршы шақырым: 23.7 кісі. Этникалық құрамы: Йеменнің 97.3%-ы арабтар, 1%-ы шығыс азияттықтар, 1.2%-ы сомалиліктер, 0.2%-ы малайзиялықтар, 0.04%-ы иахудилер. |
Ауғанстан, Ауғанстан ислам мемлекеті – Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы 652,2 мың км2. Халқы – 32 млн. адам. Астанасы – Кабул. Ауғанстан жері 29 уәлаятқа және 2 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілі – пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен суниттер).
|
Дания, Дания корольдігі– Еуропаның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Ютландия түбегінің негізгі бөлігі мен оған шектесіп жатқан аралдарда (Зеландия, Фюн, Лоллан, Фальстер, Борнхольм, т.б.) орналасқан. Бұған қоса елдің құрамына кіретін Гренландия мен Фарер аралдарының дербес автономиялық құқықтары бар. Соңғы екеуін қоспағанда жерінің жалпы аумағы 43 мың км2. Халқы 5,5 млн.
|
Киев Русі – шығыс славян тайпаларының бірлесуі нәтижесінде Шығыс Еуропада 8 – 9 ғ-лар аралығында пайда болған мемлекет. 10 – 12 ғ-ларда Киев пен Новгородта жазылған жылнамаларда Киев Русінің тарихы 852 жылдан бастап көрсетіледі. Жылнамалар бойынша, 862 ж.
|
Грекия, Грек Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км2. Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б.
|
Грузия, Грузия республикасы (Сакартвело) – Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Алпыс алты әкімшілік ауданға бөлінеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан, Армения, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі – 69,7 мың км2. Халқы – 4,5 млн. адам (2007). Астанасы – Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Тұрғындарының 70,1%-ы грузиндер. Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады.
|
Германия, Германия Федеративтік Республикасы – Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аумағы 356,96 мың км2. Халқы 81,7 млн. Астанасы 1991 жылдан Берлин қаласы. Халқының 94%-ы немістер (1998). Ресми тілі – неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика.
|
Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралады. Халқының көпшілігін (70%) бирмалықтар құрайды, қалған этникалық топтардың арасында саны жағынан ірілері: шан, карен, чин, мон, т.б. Ресми тілі – бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер (карен, мон) де қолданылады. Дінге сенушілердің 85%-ы будда дінін ұстанады, қалғандары: христиандар, индуистер, мұсылмандар. Мьянмадағы басқару формасы – республика.
|