| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1011-1020 |
Страницы: « 1 2 ... 100 101 102 103 104 ... 290 291 » |
|
Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина,Фирдауси, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген сұрақ заңды туады. Оның негізі де бар. Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афроеуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған көптеген елдерде (әсіресе, Иран, Үндістан, Египет,Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді. |
|
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Музей алғашқы келушілерді Мемлекет басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады. Музей экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады. |
|
Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме. Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. |
|
Бірата - екі-үш ұрпақтан (ата - әке - бала) тұратын патронимиялық құрылым. Төрт ұрпақтан тұратын мұндай агнаттық құрылым сирек те болса кездесетін. Дегенмен, біратаның басым көпшілігі жоғарыда айтылғандай екі-үш ұрпақтан құралды. Біратаны ата балалары деп те атай береді. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихнамасында шаруашылық ауыл (орыс. хозяйственный ауыл) деген атпен белгілі. Дәстүрлі қазақы ортадағы материалдық және рухани игіліктің басты өндірушілері, яғни экономикалық және рухани (мәдени, ғұрыптық және т.б.) қарекеттің бірден бір корпоративтік субъектілері болды. |
|
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. |
|
Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті. |
|
Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - өңдеу, тәрбиелеу] - · әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени қүбылыстардың жиынтығы; · нақтьшы белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен (жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны және т.б.; |
|
Армения телевизиясының тарихы (1950 ж) — КСРО Министірлік Кеңесі одақтас республикаларда 27 бағдарламалық орталық және 5 таратушы станция жасау туралы шешім қабылдаған 1955 жылы 5 қыркүйектен басталады. Таратушы станцияның құрылысы Ереван қаласында басталды, ал Арменияның телевизия жөніндегі комитетінің бірінші директоры Каграманов Нерсес болды. 1956 жылдың 29 қарашасында Шлепчан Нара Армения телевизиясының алғашқы әуе толқынын ашты. Онда бейнефильм және Мәскеудегі Армения өнері мен әдебиеті онкүндігінің қорытынды концертіне арналған сюжет көрсетілді. |
|
Армения баспасөзі, радио, теледидары — Арменияда кітап бастыру ісі Венецияда 1512 жылы шықкан "Парзатумар" ("Түсіндірме календарь") атты тұңғыш армян кітабынан басталады. Алғашқы армян баспаханасы 1567 жылы Константинопольде құрылды, кейін Римде (1584), Парижде (1633), Лейпцигте (1680) армян баспаханалары ашылды. Армян тілінде тұңғыш географиялық карта 1696 жылы шамасында Амстердамда, армян журналы "Аздарар" ("Хабаршы") 1794 жылы Мадраста (Индия), армян газеті "Аревелян цануцманц" ("Шығыс хабарнамасы") 1815 жылы Астраханда шықты. Шығыс Армения Ресейге қосылғаннан кейін (1828) армян тіліндегі кітаптар мен мерзімді басылымдар Ереванда, Петербург, Астрахан, Тбилиси, Бакуде басылып шығарылды. 19 ғасырдың 2-жартысында "Мету Айастанн" ("Армения арасы", Тбилиси, 1858-86) газеті мен "Масяц Агавни" ("Масис көгершіні", Париж, Феодосия, 1855-65), "Мурч" ("Балга", Тбилиси, 1889-1907) журналдары шығып тұрды. |
|
Қарағанды облысында мәдениет пен өнер ұйымдарының кең ауқымды жүйесі жұмыс істейді, 2009 жылдың I жартыжылында олардың саны 701-ге жетті, соның ішінде мемлекеттік жүйедегілер саны - 643 нысан. Мемлекеттік жүйеге кіретіндер: 339 кітапхана, 244 клуб үлгісіндегі ұйым, 21 бейнемобиль, 5 театр, 17 мұражай, 2 концерттік ұйым, мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция, хайуанаттар бағы, 10 мәдениет және демалыс саябағы, кинопрокат, көрме залы. |

