Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1001-1010
Страницы: « 1 2 ... 99 100 101 102 103 ... 290 291 »

Соңғы кездері Оқапты туған ауылы, ондағы қыр суреттері, әсіресе өзеннен балық аулап, жағадан шөп орған кездері көз алдын кес-кестейтін боп жүр. Таңғы таза ауада көк құрақтың бұрқыраған иісі қылы сыртқа қылтиған қоңқақ танауына шым-шымдап ке­ліп, сол шөпті уыстап ұстап, сол иісті құ­шырланып иіскегісі-ақ келеді. Мырс ете қала­тыны, міне, жарты ғасыр болыпты, қала­ның иісін иіскегелі. Тұрғын үй басқармасына сантехник-жөндеуші боп орналасқалы да осыншама уақыт өтіпті. Ауылдан әскерге аттанды. «Жауырының жалпақ әрі жүзуден алдыңа жан салмайды екенсің», деп Қара теңізге қалдырды. Үш жыл матростың алабажақ жейдесін киіп, теңізге қарап тұрып төзімі таусылып, елді сағынды. Ол да болса қазір аңсары ауып, армандап отырған Сыр суының сиқыры. Бала күнінен ағын суға тік шаншылып сүңгіп, жүзуден алдына жан салмай, арнаның арғы бетіне демалмай барып-қайтпаса, буырқанған Қара теңізде қызмет етуге қалдырушы ма еді. Бүгін ғана: «Туған жер, бәрі сенің арқаң», деп жетпіске кеп есін жиып, дір-дір етіп дамылдап отыр.
Барлық реферат | Просмотров: 975 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Бекен күндегіден ерте оянды. Ұйқы­сы шайдай ашылған. Сергек. Тез-тез киініп, аспай-саспай бипаздана жуынып, жүрісі де жеп-жеңіл… тіл ұшында: «жаным, деп маған үн қатқан» деген құштарлық, құмарлық сөз…осы сөзді іштей «Аһылата» айтқызған назды әуез еркелете жетелеп, ол сыртқа шықты. Алатаудың көкке тірелген шың басынан сарғайып атып келе жатқан алтын арай «Алтыбасар» әніндегі: «Астынан ақсаңдақтың шығарып сап» деген іңкәрлік сөзді заматта есіне түсіріп, осы көрініс Бекенді тырп еткізбеді. Ол таң нұрын алғаш рет көріп тұрғандай сұқтана қарады. Қоңыр көзі тұңғиық сырға тұнды. 
Барлық реферат | Просмотров: 768 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Бекен түс мезгілінде Нұтфолла Шәкеновті филармониядан тапты. Композитор Бақытжан Байқадамов екеуі концерттік залда рояльдің қасында әңгімелесіп отыр екен. Бекенді көрген сәтте Нұтфолла: – О, Бекенжан, оу, қа­шан келдің Семейден, а? Саламат па! Ел-жұртың аман ба? Бақа, бұл Жамақаев деген ініміз, – деп құшақтай алды.
– Ә, Жамақаев па? Білем… сырттай ғана. Әндерін тыңдап жүрмін, – дей бергенде бір қыз келіп: – Бақытжан аға, сізді телефонға! – деді.
Байқадамов шыға жөнелді.
Барлық реферат | Просмотров: 753 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1976 жылғы маусым айының орта тұсы. Ол кезде Катонқарағай аудандық радио редакциясының жауапты редакторы болып істеп жүргем. Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетінің 2-курсында сырттай оқимын. Бір күні аудандық атқару комитетінің төрағасы Ермак Абушаев өзіне шақыртты. Бардым.
Барлық реферат | Просмотров: 923 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

 (Қаз-қалпында)

…Ойда жоқ жердегі ұшырасу деп осындайды айтса керек. Троллейбус есігінің табалдырығында. Мен сыртқа шығып келе жатқам. Ентелеп ішке кірген ол күлімдеген қалпы кері түсті. Бір-бірімізді көрмегелі талай жыл. Шамасы, ширек ғасыр. Әй, қайдам одан да көптеу ме?! Заматында басыма жетіп келгені: "Дәл өзі. Аты кім еді, ә?..”.

Түс әлеті. Алматының шіліңгір шілдесі жер-көкті шыжғырып тұр. Бір жақсысы, аялдамада жүргін­ші­лер аз. Самбырлай ілгері адым­даған жүзтаныс ағай адамдардың аяғынан шеткерірек оқшауланып барды да, қапсыра құшақтап, қо­лымды ұзақ қысып жібермеді.

Барлық реферат | Просмотров: 756 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

  Содан бері қаншама жыл өтсе де, көкейімде дәл кешегідей сайрап тұр.

     Соғысқа біздің әулеттен төрт бірдей азамат аттаныпты. Екеуі ғана оралды. Балалардың үлкені менің әкем мен ең кенже көкеме топырақ алыстан бұйырды. Есімді біле бастағанда көргенім - үй толы бала, сосын бұрымдары тобықтарына түскен жас әйелдер еді. Анашымды мың әйелдің арасынан дәл ажыратамын ғой. Қалғандары жеңгелерім екен. Майданға аттанарда, төрт ағайынды жігіт не көрсе де, бірге көрсін деп, төрт отбасын бір жерге жинап кетсе керек. Сірә, түгел оралмасын сезген шығар.

Барлық реферат | Просмотров: 1323 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1976 жылғы маусым айының орта тұсы. Ол кезде Катонқарағай аудандық радио редакциясының жауапты редакторы болып істеп жүргем. Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетінің 2-курсында сырттай оқимын. Бір күні аудандық атқару комитетінің төрағасы Ермак Абушаев өзіне шақыртты. Бардым.
Барлық реферат | Просмотров: 934 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Александр Александрович Фадеев (партизандық лақап аты — Булыга; 24 желтоқсан, 1901 — 13 мамыр 1956) — орыскеңес жазушысыжәне қоғам қайраткерлері. Бригада комиссары (1942 жылдан бастап полковник). Бірінші дәрежелі Сталин орденінің лауреаты (1946). 1918 жылдан бастап КОКП-ның мүшесі.
Барлық реферат | Просмотров: 965 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Соғыс уақытындағы шығармашылығы

Соғыс жылдары Алексей Толстой соғыстың бірінші күнінен (1941 жылдың 27 маусымында – «Біз нені қорғаймыз») бастап, 1945 жылдың қысының аяғында қайтыс болғанға дейін 60-тар шамасында публицистикалық материалдар (очерктер, мақалалар, үндеулер, батырлар жайындағы суреттемелері, соғыс операциялары) жазады. Алексей Толстойдың соғыс туралы танымал туындысы «Отан» («Родина») очеркі.

Барлық реферат | Просмотров: 1158 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Түріктер заманындағы жерлеудің сипатты белгісі — адамды атымен бірге жерлеу ғұрпы. Түрік заманының Шығыс Қазақстан мен Алтайдағы, Жетісудағы обалары құрылымы және олжалары жағынан өте жақын. Жерлеудің сыртқы белгілері — тастан немесе топырақтан уйілген аласа үйінділер, олардың астына әдетте тік немесе төрт бұрыш түрінде қаланған қабірлер. Өлік жерден сопақша етіп қазылған шұңқырға жерленген, өлікпен бірге киім- кешектері, сәндік заттары, қаруы қойылған. Аттың өлігін қуысқа, шұңқырдың түбінен жоғары таман, аяқтарын бүгіп бүйірінен салған. Кейде аттың орнына қабірге оның басы және кесек еттерін немесе тұяқтарымен бірге терісін көмген. VI — X ғасырлардағы қабірлердің көбі Шығыс Қазақстандағы Ертіс аңғарында зерттелді. Бұлар — Трофимовка-1 және 2, Зевакин, Покровка, Качира және Боброво-1 және 2 қорымдары, Бұқтырма СЭС-і су қоймасының аймағындағы зираттар.
Барлық реферат | Просмотров: 785 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 981-990 991-1000 1001-1010 1011-1020 1021-1030 ... 2891-2900 2901-2903