Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 991-1000
Страницы: « 1 2 ... 98 99 100 101 102 ... 290 291 »

Бір күндері "Екі жиреннің” екінші түрі үлкен симфонияға желі боп тартылды. Оны композитор Теміржан Базарбаев жазды. Шәкен бұл симфонияны әр кез сүйсіне тыңдап жүрді. "Екі жирен” жөнінде оның көңілі әлі де тынған жоқ еді. ”Найзатас” фильміне музыка жазған композитор Сыдық Мұхамеджанов "Екі жиренді” терең тебіреніспен лейтмотив етіп толғағанда Шәкен бір ұлы арманы орындалғандай шабыты тасып, осы фильмде өзі керемет ойнады. Бұл –Шәкеннің соңғы рөлі…
Барлық реферат | Просмотров: 705 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Сол кештен кейін көп ұзаған жоқ, Суат Әбусейітов "Екі жиренді” радиоға жаздырды.
Ән алғаш рет эфирден берілетін күні әнші Шәкеннің үйінде отырды. Тағы да екеуі ғана. Дастарқан жасаулы тұр. Екеуі ептеп коньяк ішті. Шәкен: «Әртістердің үйі осы. Мен де әртіс. Жеңгең де әртіс. Сен де әртіссің. Бірақ, бір айырмамыз – сенің келіншегің дәйім үйде ғой. Отбасын көңірсітеді де отырады. Сен концер­тіңді бересің. Гастроліңе шығасың. Бір күні үйіңе тау қопарғандай пұлданып-тұл­­­­­­­данып, шаршап-шалдығып келесің. Жү­­­зі жайнап, келін қарсы алады. Емін-еркін жуынып-шайынып, келіннің хош иісі бұрқыраған ақбұйра шайын ішіп, бала­ларыңды құшып-сүйіп,"өз үйім-өлең тө­сегім” деп рахаттанасың. Ал, біздің хал… Осы "Екі жиреннің” тұсында екі рет келдің. Екеуінде де жеңгең үйде болмай шықты. Өзімізше шүйіркелесеміз, ен­ді, – деді сағатына әлсін-әлсін қарап қойып.
Барлық реферат | Просмотров: 737 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Осыдан үш жыл бұрын… мау­жыра­­ған мамыр­дың алғашқы күндері Шәкен демалысқа шыққан еді. Арқаны…, мамыр қымызын сағынып, Қара­ғандыға келді. Мұнда дос-жарандары көп. Екі-үш күн сол жайсаңдардың ортасында шашы­лып-төгіліп сейіл құрды.
Бір күні Шәкен "Шахтатресте” инженер боп істейтін құрдасы Сейітті өзі орналасқан "Қараған­ды” қонақ үйіне шақырып алды да: – «Осы жолы Баянау­лаға да барсам ба, деген ойым бар еді, сабындай бұзылдым. Қарқаралыны, Шайтанкөлді көргім келеді. Кент тауы да есімді алады. Мұның бәрі көкейімде жүрген болашақ фильм түсірілетін чудо жерлер ғой», – деді.
Барлық реферат | Просмотров: 668 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Алматыға көктем келді. Алатаудың боз мұнарға бөккен етегі құстар үніне тамылжып, жібек самал лыпылдап, хош иіс көкірек жарды. Наурыздың екінші жартысында Шәкен Москваға барып қайтты. Көңілді оралды. Өзі идея беріп, сценарий жаздырып, соны фильм етуді қуаттап, әлекке түсіп жүрген әуресінің бәрі ой­дағыдай шешілді. Одақтық кинопрокат­тағы мәселелері де сәтті орындалды.
Сондай бір желпіністі күні киностудияда отырып "Екі жиренді” еске алды. Іле Суатқа телефон соқты. Ол пианист Кацманға кеткен екен. Консерватория­ның телефонын тауып алды да, Кацманмен қолма-қол сөйлесті.
– О, Шәке, аман…, аман, – деді сас­қалақтап, күле сөйлеген Кацман. – Нанайын ба, нанбайын ба, менімен маэс­тро Айманов сөйлесіп тұр, а? О, ғажап! Тәңір сыйы бұл!
Барлық реферат | Просмотров: 778 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Арада күндер өтіп жатты.
Шәкен Суатты күтпеген жерде талай рет кездестірді. Көбіне киностудияда. Қат-қабат тірлік арасында Суатты тың­дап та жүрді. Тыңдаған сайын: "Кел… тағы да кел,” – дей берді. Суат та еркін­сіп: "Гонорарым, аға…” дейді күмілжи еркелеп. Шәкен қолына қандай ақша түссе де ойланбастан ұстата салады. Суат осыған дәндеп алды.
Бірде түс мезгілі… қасында сейіл құрып, жүрген жолдастары бар, Суат киностудияға келді.
Ол кіргенде Шәкен кабинетінде бір орыс жігітімен шахмат ойнап отыр екен. Басын көтермеген күйі:
– Ә, Суат. Шұбат… Түйенің қымызы, айта бер, шаруаңды? – деп мырс етті.
Барлық реферат | Просмотров: 830 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1958 жылдың қысы.
Саратовтың қар жамылған орманды алқабы артта қалды да, "Москва– Алматы” жүйрік поезы иен жазыққа көсілте салды. Москвада екінші онкүндікті зор абыроймен дуылдата өткізіп, қай­тып келе жатқан қазақстандықтардың қуанышын­да шек жоқ десе де болғандай-тын. Олар­­дың бәрі мәз еді, мол сүйініш құшағында еді. Бірін-бірі ардақтап, сөздері, күлкі­­­лері, әзіл-қалжың, ықы­лас-пейілі бір-біріне бек жарасып, мерейлері тасыды.
Барлық реферат | Просмотров: 981 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Арада бір апта өтті ме, өтпеді ме, «Махаббат вальсі» Роза Бағланованың орындауында радиодан шалқыды. Жиі-жиі берілді. Көп ұзамай ресторандарда, перронда, студенттер жатақханасында шырқалды. Отырыс-жиындарда сүй­сіне сөз етіліп, жұрт таңдай қағысып, таңырқады.
Сол күндердің бірінде Бекен «Есік» қонақ үйіне келді. Осында ана жолы өзімен бірге орналасқан жігіттер бар еді, солардың бірі аңқылдақ Сапар кездесе кетті. Ол жігіт оған бір хат берді де: «Сыртта жолдастарым күтіп тұр еді, ғафу ет!» деп кетіп қалды. Бекен сәл аңырып, конвертті асығыс ашты. «Інішек Бекен! Сенімен жүздескім келеді. Менің адресім конверттің сыртында, үйге кел. Мұхтар Әуезов» деген жазуды оқыды. Бекен өз көзіне өзі сенбеді. Аң-таң боп тұрды да тездетіп отырып демалыс үйіне қайтты. Әнуарбек сыртта жүр екен. Бекен оған қолындағы хатты үнсіз ұстата салды. Әнуарбек хатқа үңіліп, таңғала күлімсіреді.
Барлық реферат | Просмотров: 948 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Келесі жылы, иә, 1956 жылдың шілде айында Әнуарбек пен Бекен Алатаудың сұлу қойнауындағы «Просвещенец» демалыс үйінде кездесті. Бекеннің Әнуарбекті іздейтін себебі – бұл бір аңқылдаған ақ жарқын жанды туған ағасындай көреді. Әбден бауыр басып қалды. Сонау Семейде жатып, телефон арқылы жиі-жиі сәлемдесіп, бар жағдайын айтып, хабарласып жүреді. Ал, Әнуарбек болса Бекеннің радиодағы әндерінің концерттерде берілу жағын дәйім қадағалап, бәйек болады. Аға мен інінің арасындағы ғайыбынан үйлесе қалған бір игі жақындық. Бекен осыны дәтке қуат етеді. Осы жолы бұл жердің ауасы ұнай қалса біраз күн демалатын да ойы бар еді. Сырттай қызығып жүретін жер. Шырша, қарағайы, қайыңы сіресе өскен терең шатқал. Қалың жыныс. Қыз бұрымындай орап, бұлқына тулап жатқан өзеннің салқын лебі, хош иісі бұрқыраған алуан гүлдер… Ұлы сәске кезінде осы төңіректің жым-жырт боп тынып, сүттей ұйып қалатын мамыражай сәті Бекеннің жанын сергітті. Қайдағы бір ұмыт болған тәтті қиялын оятты. Бекен көңілі желпініп:
Барлық реферат | Просмотров: 934 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Шілденің шыжып тұрған аяқ кезі…

Әнуарбек Байжанбаев біраздан бері Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» ро­­­ма­нының бірінші кітабын радиодан оқи бас­таған-ды. Бүгін соның кезекті бір үзін­дісін майда қоңыр үнімен балбырата оқып, ойлана толқыған күйі студиядан шықты да, дикторлар бөлмесіне кірді. Тамағы құрғап, шөлдеген еді. Бір стакан су ішті. «Қаталатып бара жатқан неткен күн бұл?» деп орамалымен тершіген бе­­тін сүртіп, терезені кеңірек ашып, аядай бөл­меде дегбірі кетті. Ауасы тарлық етті.

Барлық реферат | Просмотров: 1096 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Қолында жалғыз чемоданы бар жалғыз жігіт қала табалдырығын аттағалы тұрды. Жігіттің көз алдында бір шеті сонау түксиген тауға тіреліп, бір шеті жалпақ далаға шегініп мыңғырған үлкен қала жатты. Иін тіресе жалғасқан үйлер, өрмекшінің торындай айқыштанған көшелер, әредік-әредікте аспандап шошайған түтін мұнаралары, қаланың басы да, аяғы да жоқ мың-жыбыр тірлігі өз тынысы, өз ырғағымен жүріп жатты. Қала үстін не түтін, не тұман екені белгісіз салбыраған мұнар басқан. Автобус әлі келмепті. Көпшіліктің қасында қолында жалғыз чемоданы бар жалғыз жігіт емес, күні кеше ғана тұяғы астында жалпақ дала дөңгеленген Асау тұрды. Жылқы баласы қала тірлігіне аспаннан түскендей тосырқана қарайды. Қоршаған қала тірлігі жылқы көзінде қалай жұмбақ көрінсе, бұның осы ортаға қалай түсуі одан да зор жұмбақ. Жалпы ол ештеңе ұға алмай тұр, мынау төрт тұяқ тас көшеде жұқару үшін емес, жалпақ жазираны құшаққа алып көсілу үшін, керек емес пе еді! Жылқы, жылқы болғалы қанша заман.
Барлық реферат | Просмотров: 972 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 971-980 981-990 991-1000 1001-1010 1011-1020 ... 2891-2900 2901-2903