Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1031-1040
Страницы: « 1 2 ... 102 103 104 105 106 ... 290 291 »

Түркі этикасы – түркі халықтарына ортақ моральдық, адамгершілік, құқықтық құндылықтар мен салт-жоралғылар, әдеп жүйесінің түп бастауы. Туркі этикасы түркі дүниетанымындағы адам мәселесінің орталығы, негізгі мәселе болуымен айқындалып, адамның әлемдегі орны және оның жаратылыспен үйлесімде өмір сүруі, рухани-адамгершілік, діни-танымдық ұстанымдары негізінде қалыптасты. Туркі этикасы еуразиялық кеңістіктегі қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. түркі тілдес халықтардың ұлттық этик. көзқарастары мен ұстанымдарының қалыптасуына игі ықпал етті (қ. Қазақ этикасы). Дәстүрлі қоғам өмірі құқықтық, діни-киелілік негіздегі жарғылар мен тыйымдар жүйесі бойынша қалыптасқан. Бұл қоғам бірыңғай экон. тіршілік салты мен қандастық негіздегі бірлікке сүйенді. Көшпелі мәдениет пен тұрмысты жалғастыру оны сыртқы дұшпаннан бірлесе қорғана алатын ру немесе тайпа болғанда мүмкін болады. 
Барлық реферат | Просмотров: 897 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Әлемдік мұра (ағылш. World Heritage, фр. Patrimoine Mondial, ис. Patrimonio Mundial) — табиғи немесе адам қолымен жасалған объектілер, олардың адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылған.

2011 жыл маусымның 30-на сәйкес Әлемдік мұра тізімінде — 936 объектілер (Францияда маусымның 19 мен 29 арасында өткен 35-ші сессиядан кейінгі өзгеріске сәйкес). Тізімдегі 725 мәдениетке жатады, 183  — табиғи және 28 — аралас.

Барлық реферат | Просмотров: 1040 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Түргеш қағанаты — Түргештер (704-756 жж.) дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)
Барлық реферат | Просмотров: 928 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Кеңқол мәдениеті - Талас өзені алқабында ежелгі дәуірден сақталған археологиялық ескерткіштердің ғылымдағы жиынтық атауы. Б.з.б. 1-мыңжылдығының 1-жартысында қалыптасқан. Толық зерттелген негізгі ескерткіші – Кеңқол қорымына байланысты Кеңқол мәдениеті деп аталған. Қырғызстан жеріндегі Таластың жоғары ағысындағы кең алқапта, Кеңқол өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қорым алғаш рет 1930 жылы А.Н. Бернштамның далалық зерттеулері барысында ашылды. Кеңқол мәдениеті ескерткіштерін зерттеуге И.К. Қожамбердиев, С.С. Сорокин, Ю.А. Заднепровский, т.б. қатысты. Кеңқол қорымындағы барлығы 100-ден астам обаның жартысы зерттелген.
Барлық реферат | Просмотров: 949 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

ОЛЬМЕК МӘДЕНИЕТІ, (olmeca ацтекше "каучук елінің тұрғындары”) – б.з.б. 1-мыңжылдықта Мексика жерінде дәуірлеген көне үндіс мәдениеті. 11 – 14 ғ-ларда өмір сүрген кейінгі тұрғындарының тайпалық атауы бойынша аталған. Алғаш рет 1932 ж. Дж.Вайян "Ольмек өнері” деген атауды пайдаланды. Мүсіндер, әшекейлер сияқты жекелеген шағын туындылардың бірінші болып байқалуы себепті "Ольмек стилі” деген ұғым да қолданылды. Ұлттық геогр. қоғам мен Смитсон ин-тының (АҚШ) біріккен экспед. (жетек. М.Стирлинг) жұмыстары аясында 1938 ж. алғашқы қазбалар басталды. Негізгі зерттеушілері қатарында Ф.Дракер, Р.Хейзер, М.Коваррубиас, В.Хименес, М.Портер, Р.Пинья Чан, М.Ко, т.б. американ, мексикан ғалымдары бар. Веракрус, Табаско штаттарының жағалаулық өлкелері мәдениеттің негізгі тараған аумағы болып саналады. 
Барлық реферат | Просмотров: 833 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық, көшпелі қауымның этикалық, мәдени-рухани бірігуінің негізі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық құрылым.

Ауылдың көші-қоны
Жайлауға көшер уақытта бірнеше ауыл бірігіп, үлкен бір қауымды құрады. Жас төл алынып, бойдақ мал қарақұйрық болып, жылқы түлеп, қара тіл болғанда түйенің өркеш қомы толығып, қара қайысқа айналғанда ауыл көші көктеуден жайлауға бет алады. Көш алдында жылқы, қой мен сиыр көш соңында айдалады. Көш басында қара шаңырақ артылған атан түйе, оған іркес-тіркес басқа түйелерге артылған жүк (уық, кереге, абажа, абдыра, жағылан, сандық т.б.) қаз-қатар жүреді. Көш сәні мынадай қара өлең жолдарында әдемі айтылған: Сағым сүйген сары беткей, Жатады саздау жердің қары кетпей. Қызылыңның барында қиғаштай бас Қиялап қырдан асқан сәнді көштей.

Барлық реферат | Просмотров: 1064 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Эрбиль (Ербіл') (Akkadian: Arba-ilu; араб.: اربيل‎ Arbīl; күртше: Arabic Hewlêr; Sumerian: Urbilum; Syriac-Aramaic: Arbaelo; түр. Erbil) — Ирақтағы Бағдат, Басра және Мосулдан кейінгі төртінші ірі қаласы. Эрбиль Мосул қаласынан 80 шақырым Шығысқа қарай орналасқан, Ирақ Күрдістаны астанасы болып табылады.Қала тарихы б.з.б. 6000 жылдардан басталады, сол үшінде әлемдегі ең көне қалалардың бірі болып табылады. Қала орталығында көне Эрбиль цитаделі жатыр. Қала талай аймақтық ірі күштердің қол астында болған:Ассирия, Вавилония, Парсы империясы, Аббасид халифаты, және Осман империясы. Қала мұражайында Исламға дейінгі көптеген көне артефакттары бар, ал қала аймақтық археологиялық қазба орталығында орналасқан.
Барлық реферат | Просмотров: 786 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те қателеспеген болар едік. 
Барлық реферат | Просмотров: 1582 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Эллада мәдениеті, Ежелгі Грекия мәдениеті, ежелгі заманнан бастап эллинизм дәуіріне дейінгі аралықта қалыптасқан. Грек полистеріндегі (қала-мемлекеттер) тау-кен ісі мен металлургияның, құрылыс техникасының, қыш-құмыра және тоқыма өндірісінің дамуы Жерорта т. айналасында шашырай орналасқан грек мәдени дүниесінің әр түрлі бөліктерінің арасындағы сауда қарым-қатынастарының кеңеюіне әсер етіп, Элладаның Таяу Шығыс, Солт. Африка және Жерорта т-нің солт.-батысындағы елдермен байланыстары нығая түсті. Грек полистерінің арасындағы тәжірибе алмасу мен іскерлік белсенділіктің артуына әліпбилік жазудың таралуы да жәрдемдесті. Қоғамдық топтардың көпшілігі сауатты болу мүмкіндігіне ие болды (қ. Грекия). Осының бәрі ғылымның, әдебиет пен бейнелеу өнерінің жедел қарқынмен дамуына әсер етті.
Барлық реферат | Просмотров: 1675 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі Кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, т.б.). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл облысы), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан облысы) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі Кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады.
Барлық реферат | Просмотров: 1494 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1011-1020 1021-1030 1031-1040 1041-1050 1051-1060 ... 2891-2900 2901-2903