| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1021-1030 |
Страницы: « 1 2 ... 101 102 103 104 105 ... 290 291 » |
|
Тастауық. Жас кезінде көне музыкалық аспап тастауықта ойнаған қарияларды да кездестірген едік. Бұл аспапты да үскірік сияқты саздан жасаған. Берік болуы үшін сазға жылқы қылын немесе жүн қосқан. Оның қалай жасалатынын өз көздерімен көрген адамдар бізге мүның бәрін әңгімелеп айтып берді, суреттерін сызып көрсетті, ойнаут тәсілдерін де айтты. Осы мәліметтерге сүйене отырып тастауық аспабын жасадық. |
|
Аза күй, реквием — қаралы характердегі көп дауысты хорға арналған топтамалық шығарма, қазақ халқының күй өнеріндегі қайғылы оқиғалармен байланысты шыққан күйлердің түрі. Аза күй ел басындағы, не жеке адамның өміріндегі қаралы жағдайларды муз. арқылы жеткізеді. Бұл тақырып аңыз, тарихи жоқтау, жылау, қоштасу, көңіл айту, жұбату сияқты күй жанрларында кездеседі. Халықтың рухани қазынасында осы тақырыптағы халық күйлері мен жеке күйшілердің күйлері сақталған. "Ақсақ құлан — Жошы хан” аңызында Жошы ханға баласының мерт болғанын күйші «Естірту» күйі арқылы білдірген. Ел тарихында "Зар заман” деп аталған кезеңде қазақ руларының бытырап, қандастарымен қоштасуыына арналып жазылған "Ел айрылған”, "Қазақ пен ноғайлының қоштасуы”, "Ноғайлының зары” күйлерінен орын алған. |
|
Мәдениеттану үшін әрекетті дерексіздендірілген жасаушы, ал халық деп сансыз топты алу көп нәрсе бермейді. Мұны айтып тұрғанымыздың себебі бар. Өйткені әлі күнге дейін мәдениет, сана, рух, әлеуметтік тұтастық қоршаған ортаға, қауымдық болмыстың тіршілік тынысына байланысты дамып отырды деген пікірлер кездеседі. Бұлай болған жағдайда мәдени тұлға енжар, сылбыр, көнбіс, тарихи қуыршаққа айналып кетеді. Біз бұл жерде мәдени тұлға деп тарихи-мәдени процестің субъектісін және оның ұжымдасу бітімдерін алып отырмыз. Генетикалық-туыстық бірлік арқылы да, қарым-қатынастық байланыстардың негізінде де, жалпы типологиялық ұқсастықтардың нәтижесінде де пайда болған ұйымдасушылық типтері әрбір этномәдениеттің өзіндік болмысының төлтума белгілеріне жатады. Оларды айқындау үшін формациялық тәсілдің беретіні аз. Бұрынғыдағы «көшпелі феодализм» (академик Б.Я. Владимирцев) немесе «патриархалдық феодализм» (П. Румянцев) ұғымдарының қазақ мәдениетінің әлеуметтік типтеріне онша жанаспайтындығы туралы соңғы кезде жеткілікті айтылды. |
|
Үскірік. Саздан жасалынған тағы бір музыкалық аспап — үскірік. Ол да ерте заманнан белгілі болған. Алайда соңғы жүз жылда қолданудан мүлде ұмыт қалған екен. 1974 жылы сентябрь айында бүл аспап Маңқыстау маңайынан табылды. Табылған аспапты жасаған шебер алпыстан асқан Балапаш Әнесов — Маңғышлақ облысы Маңқыстау ауданы, Емір совхозының түрғыны. Үскірікті ақсақалдың қызы, Құрманғазы атындағы консерваторияның студенті Хадиша Балапашева арқылы алдырттық. |
|
Халықтың дәстүрлі мәдениетін зерттеу оның негізгі қаңқасын ұстап тұрған бағыттаушы сілемдері мен категорияларын анықтаудан басталғанда ғана, талғамшыл көзді біршама қанағаттандыра алар қорытындылар беруі мүмкін. Сондықтан, тек осы шартты орындағанда ғана, көне мәдениеттің бізге жеткен қиындыларын еппен қиыстырып, біршама сындарлы пішін жасауға болады. Бұл үшін түрлі қилы салалары арасындағы көзге бірден түсе қоймас өзекті тіндерін суырт- пақтай келіп, ондағы әмбебап желім – «жөн» категориясының алатын орны мен маңызын анықтап алайық. Дәстүрлі мәдениеттің тарау-тарау құрамдас бөлімдері негізгі парадигма аясындағы бірнеше принциптер мен категориялар жиынтығынан тұрады. Біз өз мақсатымызға сәйкес «жөн» категориясын және оның әрекетті өрбіген әлеуметтік құндылықтарын ғана шолып өтеміз. «Жөн» категориясы, аты айтып тұрғандай, «қиядан шауып, қисынын тауып» үйлестірген адамның ішкі дүниесімен сыртқы дүниенің арақатынасында қылаудай қайшылық болмауын талап етеді. |
|
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Сипаттамасы Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады. |
|
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды. Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. |
|
Ғасырлар тоғысы — орыс мәдениетінің «күміс ғасыры» деп аталатын ерекше даму кезеңіне қолайлы жағдайлар жасады. Аз ғұмырының өте қысқа болғанына қарамастан «Күміс ғасыры» небәрі 20 жылдың ішінде дүниеге философиялық ой-толғамдардың тамаша үлгілерін берді, дәл осы уақыт шеңберінде орыс иконасы қайтадан жанданды, музыканың, театрдың, кескіндеме өнерінің жаңа бағыттары қалыптасты, поэзия үні жаңа сарында естілді. Міне, сондықтан да болар — «Күміс ғасыры» көркемдік жаңалықтардың, жаңа бағыттардың тұтастай бір дәуіріне айналды. Орыс мәдениетінің сахнасында өнердің әр саласының дарынды өкілдері пайда болды. Олар: А. Блок, К. Станиславский, С. Рахманинов, М. Цветаева, А. Ахматова, В. Иванов пен Г. Иванов, В. Мейерхольд және т.б. Шындығына келcек, осы ұлы жандардың өздері ғана бір дәуірге ғана емес, бүкіл бір халық мәдениетінің тарихына да жеткен болар еді. |
|
Әбу Насыр әл-Фараби (873—950) ежелгі Отырар қаласында туған. Ол іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. «Китаб әл-мусики әл-кабир» («Музыканың ұлы кітабы») деп аталатын еңбегі жарық көрген соңдай-ақ оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельденкейінгі «екінші үстаз» деп таныды. Әл-Фараби музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды, музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған күйші Қорқытпен таныс болған. Олардың орындауында «құс жолы», «Жез табақ», «Сыр сандық», «Желмая» күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен «Шұбар айғыр»1 күйін шығарады. Музыка теориясы саласында әл-Фараби араб философы әл-Киидидің, (800—879) еңбегімен танысады. |
|
Киномузыка, кино музыкасы – кино өнерінің құрамдас бөлігі, негізгі бейнелеу құралдарының бірі. Алғашқы кезде музыка кинематографияда жалаң, қосалқы міндет атқарды. Пианистжүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана тынады. Дегенмен сол кездің өзінде әр фильм үшін жеке музыка жазуға әрекет жасалды [1908 жылы "Герцог Гизаның өлімі” атты фильмге Киномузыка Сен-Санс (1835 – 1921) жазған музыка, т.б.]. Дыбыс жаңғыртқыш аппараттың шығуына байланысты (1920 жылы соңы – 1930 жылы басы) әр фильм жеке фонограммаға ие болды. Осы кезеңдегі Киномузыканың таңдаулы үлгілері Ч.Чаплин фильмдерінен көрініс тапты. |

