Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 581-590 |
Страницы: « 1 2 ... 57 58 59 60 61 ... 175 176 » |
1727 жылы жоңғарлар шабуылы кезінде жаудың бір түмен сарбазы қазіргі қаланың батыс жағында қорған салып, бекінеді. Олардың мақсаты - өздерінің, Ертіс бойындағы қолы әлсірей ме, жоқ Қызылжар жағы әлсірей ме, соған қолғабысқа аттану болса керек. Бұл кезде қазақ сарбаздары орталық терістік жақтан жоңғарлар қолын әлсірете бастаған және 1739-1740 жылдары Абылай қалмақтың ханы Қалден Цереннің қолына түсіп, кейіннен достасып.соғыспау туралы келісімге келген. Осы кезде пайдаланып Шаншар абыздың екінші әйелі Нұрбикеден туған Тілеуке, Бертіс хан кол жинап, түстік Сыр бойынан келіп Қарқаралыға бекініп жатқан жоңғарларды жойып, елді осы жаққа орналастыруды қолға алып, бекіністі тазартудың қамына кіріскен. |
XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетті талдау үшін сол кездегі саяси, қоғамдық - әлеуметтік, рухани, мәдени оқиғаларды еске түсірген жөн. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында басты - басты төмендегідей тарихи оқиғалар болды. 1.1860 жылдардын бастап Ресейдің қазақ жерін, елін отарлауы толық аяқталады. Жер Ресей мемлекетінің меншігіне айналды. Қазақ жерді пайдаланушы ғана болды. |
Қазақ мемлекетінің құрылуы тарихта ғана емес, әдебиетте де үлкен із қалдырғаны сөзсіз. Көшпелі тұрмыс үшін, жаз жайлауын, қыс қыстауын тастап кету - үлкен қасіреттердің бірі. Ел мен жерге деген қимас сезім ғалым М.Мағауиннің жазуынша: «Біздің заманымызға сол кездегі халық зарын көрсететін, «Ноғай қазақтың айналуы», «Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде» сияқты күйлер жетті. Қазақ ССР Ғылым Академиясының қолжазбалар қорындағы қазақ халқының құрылуы дәуініндігі белгілі тарихи оқиғалардан көрініс беретін ұзынды - қысқалы өлең, жыр, поэзиялар бар. Бұл шығармалардан кейбір рулардың ата - қонысынан аууға онша құштар болмағандығы аңғарылады. |
1917 жылғы Қазан төңкерісі Ресейге бағынышты халықтардың тарихына өзгерістер әкелгені белгілі. Осы өзгерістер өз кезегінде әдебиет пен өнерде , мәдениетте көрінді. Әдебиет қоғам көрінісі деген сөзді негізге алсақ, осы кезеңдегі қоғамдағы алмасулар қазақ әдебиетінің түрлі саяси бағыттағы өкілдерінің әр тақырыптағы түрлі бағдар, алуан идеядағы шығармаларын тудырды. |
Баспасөз мен ғаламторда кейбір көкелеріміздің қазақ поэзясын сынай да міней жазған мақалалары, поэзия сүйер патша көңіл оқырманға еріксіз ой салады. Алдаспан қылыштай отты стиль мен орып түсіп, аузымен от шайнап, жалын бүріккен шайрлардың шығармашылығы жайында оңды-солды пікірлер беріліп, біреуді мақтап аспанға ұшырса, біреуді құздан құлата лақтырады. Соңғы кезде поэзия айдынында «дәстүр бұзушылар» мен «тіл бұзушылар» көбейіп кетті деп налиды да, қара найзаның қақ үшін жастарға тіреп, поэзяның қайнар бұлағын жастар былғады деген ұғым қалыптастырады. |
Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді. |
«Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамың мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол. |
«Едіге» эпосы – Алтын Орда дәуіріндегі біздің ата-бабаларымыздың кейінгіге қалдырған үлгі-өсиеті, асыл аманаты. Күні кеше ғана күркіреп тұрған мемлекетін, тұтастығын, рухани бірлігін, басынан ұшқан бағын жоқтауы, жан дауысы, имандай сыры. Бұл жерде: «Народная поэзия не фактографическая хроника: дело здесь в общегосударственных и народных устремлениях и интересах, а не в изображении отдельных, частных событий», – деген Б.Я. Пропптың пікірінің дұрыстығына қол қоймасқа амал жоқ. |
1420 жылы Едіге дүниеден озған соң біздің Алтын Орданың күш-қуаты кеміп, бірлігі кетті. Ақыры жеті хандыққа ыдырап тынды. Бірлігі қашқан олар аяғында тегіс бодан елге айналды. Әуелі өткенін жоқтаушылар көп болды. Кейінгі Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедовтерден соң қайта бірігу идеясы көзден бұл-бұл ұшты, енді мүмкін емес нәрсеге айналды. Ол – ол ма, өткенін білетін, оны көз алдынан қайыра елестетіп, бағасын байыптай алатын адам да қазір онша көп емес. |
Біз тілді қоғамдық құбылыс дегенімізбен де, оның негізі ұлттық мәйегінде, халықтық сипатында екендігі даусыз. Тіл де тірі ағза секілді өмір сүреді немесе өледі, яғни жасарып, жаңарады, түлейді, түрленеді һәм қартаяды, қатардан шығады. Ол сол тілде сөйлейтін ұлттың тағдыр талайына қатысты болмақ. Ұлт бар жерде тіл бар, тіл бар жерде сол ұлттың өмір сүруіне негіз бар. |