Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 591-600 |
Страницы: « 1 2 ... 58 59 60 61 62 ... 175 176 » |
1959 жылдың тамыз айының соңғы күндері еді. Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет ректоры Мәлік Ғабдуллинді үш бозбала іздеп келіп, кеңседен кездестіре алмай, сол маңда сергелдеңмен жүр едік. Ауылға қайту ойымызда, қалта тесік. Шешеміздің берген тиын-тебені біткелі қашан. |
Иә, бәрі есімде… Сонау өткен ғасырдың 70-жылдарының ортасы болатын. Студент кезім. Тұңғыш өлеңдерім мерзімді басылымдарда Әбу ата Сәрсенбаевтың, Фариза апа Оңғарсынованың жылы лебіздерімен жарық көріп, қанаттанып жүрген кезім. Барша қалам ұстаған жастардың қамқоршысына айналып кеткен Әбу атаның үйіне барып тұратынмын. |
«От ауызды, орақ тілді» қаламгер Жұматай Сабыржанұлының өмірден озғанына да он жылға жуықтапты. Көзі тірісінде жарық көрген «Өкпелесең, өзің біл» атты кітабы өшпес туындыға айналды. Өзі өмір сүрген қоғамның қыр-сырын ақтарған бұл кітапты оқырман қауым әлі іздеп жүріп оқиды. Осыдан үш жыл бұрын Жұматайдың жарияланбаған дүниелері «Мен таныған шындық» деген атпен кітап болып шықты. Кітап «Күнделік кезген көңіл», «Жан біткендей жадтағы жазбаларға» және «Ой жүреді келіп-кетіп» атты бөлімдерден тұрады. |
«Ер Тарғын» – батырлық жыр. Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы – ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, кіршіксіз махаббат. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Тарғын мен Ақжүніс. |
«Мұсылмандық шарты» - Шәкәрімнің еңбегі. 1911 ж. Орынборда басылып шыққан. Шәкәрім Ислам дінінің басты қағидаларын, иман, ғибадаттарын қазақ тілінде халыққа түсінікті қылып жазып тығулы мысал еткен. Ең әуелі иман шарттарына тоқталған. Аллаһ Тағаланың барлығына ақылмен ойлап иман келтіруге ерекше мән береді. Өз пікірін Құраннан, ғұламалардың пікірінен мысал келтіре отырып дәлелдейді. Адам кәлима айтқанмен, мағынасын түсінбесе, иманға есеп емес екенін ескертеді. |
Парсы әдебиеті екімыңжылдық тарихты қамтиды. Парсы әдебиеті тарихын шартты түрде 4 дәуірге топтастыруға болады: 1) ежелгі әдебиет (алғашқы қоғамдық құрылыстан б.з. 3 ғ-ына дейін); 2) орта ғасырдағы сөз өнері (4 ғ-дан 17 ғ-дың ортасына дейін); 3) жаңа дәуір әдебиеті (17 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі кезең); 4) ояну ғасыры немесе "машрутият” – конституциялық кезең (1906 жылдан қазіргі уақытқа дейін). Ежелгі әдебиет нұсқаларына көне пеһлеви тілінде жазылған "Динкерд”, "Бәндәхшан”, "Эрдовирноме”, "Ардошир Бобеконның ісі”, "Тонсер хаты” және "Құдайнама” сияқты әдебиет нұсқалар жатады. |
Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған.Осы ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған? Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған? Және қандай істері арқылы осындай дәрежеге жеткен? |
Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл және өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі. Бұл ақкөңіл басқарушының бір жаман мінезі кім не десе соған бірден сенеді екен. |
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ – көркем әдебиет пен бұқаралық ақпарат құралдарында, ғыл. салалары мен іс қағаздарында қолданылатын жалпыхалықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Қ. ә. т-нің тарихын зерттеушілер бастапқы кезде әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде, сөйлеу тіліне қарама-қарсы құбылыс деп түсінді. Әдеби тіл туралы мұндай түсінікке, әдетте, жазба тіл дәстүрі ерте қалыптасқан, жазба мұраларға бай тілдер тәжірибесі негіз болды. Зерттеушілердің кейбірі тілдің әдебилігін оның жалпы қоғам мүшелеріне ортақ қасиетінен іздеді. Мұндай көзқарасты ұстанушылар Қ. ә. т. халықтың поэтикалық сөз өнері, әдет-ғұрып заңдарының тілі ретінде жазба әдебиетке дейінгі кезеңде де болуы мүмкін деп пайымдайды. |
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ» (1960–67) – қазақ әдебиетінің қалыптасу жолын баяндайтын үш томдық (алты кітап). Кітапта ежелгі дәуір әдебиеті, қазақ хандығы тұсындағы жыраулық поэзия, 20 ғ-дың бас кезіндегі демократияшыл әдебиет, сондай-ақ кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің 50 жылдық тарихы жан-жақты зерттеліп, тұжырымдалған. 1-томның 1-кітабы (1960, «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», жалпы редакциясын басқарған |