Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 601-610
Страницы: « 1 2 ... 59 60 61 62 63 ... 175 176 »

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ – қазақтың ұлттық көркем әдебиетін зерттейтін ғылым. Қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сыны, сондай-ақ мәтіні мен библиографиясын қарастыратын салалары бар. Қ. ә. ғ-ның мақсаты мен міндеті – қазақ әдебиетінің туу, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу, әдеби құбылыстар мен сыншылдық-эстетик., әдеби теор. және ғыл.-зерттеушілік ой-пікірлерді анықтап, ғыл. жүйеге түсіру және әр түрлі қоғамдық-әлеум. жағдайлар барысында ұлттық әдебиеттің халық руханиятына, қоғамдық сана-сезімі мен ұлттық таным білігіне жасайтын ықпалын айқындау. 
Барлық реферат | Просмотров: 1522 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақ әліпбиі — қазақша жазу әліпбиі, бұл үшін келесі жүйелер пайдаланылады:
Қазақстан Республикасында — кирил жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстан бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады.
Барлық реферат | Просмотров: 3460 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатыменпайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпашойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. "Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Барлық реферат | Просмотров: 2186 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

«Наполеонның әскерi жетпеген жердi Бальзак қаламмен жаулап алған» дейтін халық арасында тараған сөз бар.  Сөз құдыреті шексіз. Сөздің киесін ұққан өнер иелері болған. Соның бірі Демосфен.
Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған, ал Демосфен сөйлегенде олар үйіне жетіп, шешеннің айтқанын істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Бірақ Демосфен өмірі қызыққа толы, яғни, ол бірден шешен бола қойған жоқ. Тілінің мүкісі бар, р-ға тілі келмейтін, сақау Демосфен алғаш шаршы топқа шыққанда, күлкіге қалып, жұрт оны ортадан қуып шыққан.
Барлық реферат | Просмотров: 1237 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

2012 жылы Нобель сыйлығы қытай жазушысы Мо Яньға берiлдi. Бұл — қытай әдебиетiнiң XXI ғасырда екiншi рет аталмыш сыйлыққа ие болуы. Гау Шиңжиан 2000 жылы осы сыйлықтың иегерi атанған. Биыл 12- қазан күнi (Нобель сыйлығы әр жылы қазан айының екiншi аптасында бейсенбi күнi Стокгольм уақыты бойынша түскi сағат 1-де жария етiледi) әлемнiң бiрқатар ақпарат құралдары Нобель сыйлығының жаңа иегерiнiнiң есiмiн бiрiншi болып есту үшiн тағатсыздана күтiп тұрды. Швеция әдебиет академиясының тұрақты хатшысы П.Инген жылдағы әдетi бойынша көпшiлiк күткендей күлiмсiрей жұрт алдына шығып: «2012 жылдың Нобель сыйлығы шындық пен қиялды шебер тоғыстыра отырып, тарих пен қоғамдық болмысты терең қазбалаған шығармаларында У.Фолкнер мен Г.Маркестi елестететiн, қытайдың дәстүрлi әдебиетi мен ауыз әдебиетiнен тың мүмкiндiктер ашқан Мо Яньға берiлдi», — дедi. 
Барлық реферат | Просмотров: 1125 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақ әдебиетші төлбасыларының бірі Қазтуған Сүйінішұлы шамамен XV ғасырдың 20-30-жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Қрасный Яр қаласы маңында туады. Әкесінің аты Сүйініш. Көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры болады. Дәшті-Қыпшақта XV ғасырдың ұзына бойына созылған бұлғақ кезінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз. Тек ғасырдың екінші жартысында өз қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ Ордасының құрамына өткендігін білеміз. Сірә, бұл - қазақтардың қазіргі Қазақстан жерінің орталық және батыс бөлігін түгелге жуық қайта иеленіп, біршама күшейген шағы, яғни 1460-1480 жылдардың арасы болса керек.
Барлық реферат | Просмотров: 2253 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған.

Шәлгездің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шәлгез әке, шешесі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай.

Барлық реферат | Просмотров: 2761 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Соңғы жылдарда табылған, яки ноғайлар арасынан жазылған Шәлкез өлеңдері де жырау өмірі туралы жаңа деректермен толықтыра түседі. Ноғайлар арасынан филология ғылымының кандидаты А.Сиқалиев жазып алып, жариялаған «Мен иемнің күнінде», «Алай жаным» деген өлеңдеріне, Үпі (Уфа) архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» дәптеріндегі «Әжікам, сен Мансұрұлы Тоқусан» деген өлеңіне қарағанда, Шәлгез бірқатар уақыт Әзике (Әжіке) сырза қарамағында болады.
Барлық реферат | Просмотров: 840 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Шәлгез шыққан Қояс руы қазіргі ноғай халқы құрамындағы тайпалар мен ру аттары арасында кездеспейді. Бұған қарағанда, Ноғай Ордасының көптеген рулары Еділдің Кавказ бетіне көшенде, Қояс руы түгелдей Алшын арасында қалса керек. Немесе Қояс руы Ноғай батыр дәуірінен (ХІІІ ғ-дан бері) Алшын арасында жүрген түрік-моңғол руларының бірі, кейін барып «ноғайлы» не «ноғай-қазақ» руы құрамына кіруі мүмкін. Демек, Қояс руы бағзы «ноғайлы» руы болсын әлде Ноғай Ордасы сарқыншағы болсын, қалай болғанда да, Шәлгез Ноғайлы елінде, Ноғайлы аймағында – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп, бар өмірін Еділ, Жайықтан Қазан мен Түменге, Жемнен Сыр сағасына дейінгі Қыпшақ даласында өткізгендігі аңғарылады.
Барлық реферат | Просмотров: 811 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

XV ғасырдың аягы мен XVII ғасырдың бірінші жартысында Еуропа елдерінде ағарту ісі дами бастады. Біршама діни мектептер ашылып, көптеген адамдар сол мектептерде оқып, хат таныды. Шамасы бар ауқатты адамдар өздерінің балаларын арнаулы білім беретін оқу орындарында оқытып, белгілі бір мамандықты меңгертіп отырды. Осы кезде Батыс Еуропада көптеген гуманист-жазушылар шықты. Олар феодалдық күрылыс пен католик шіркеуін қатал сынады. Бұл ардың көпшілігі өздерінің шығармаларында шын мәніндегі теңдік пен еркіндікке негізделген қоғам туралы армандады. Жеке меншік үстем болып, еңбектід нәтижесі мен қызығын бай топ өкілдері иемденш отырған капиталистік қоғамды аямай сынады. Олардың алдыңғы қатарлы өкілдері капитализмнің топтық, сословиелік, ұлттық қанаулар арқылы елдің экономикалық жағдайын күйзелте түсерін жақсы түсінді. Әділетті қоғамдық құрылысты армандап, оның қандай болатынын көз алдына елестетуге тырысты.
Барлық реферат | Просмотров: 1121 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 581-590 591-600 601-610 611-620 621-630 ... 1741-1750 1751-1756