Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 511-520
Страницы: « 1 2 ... 50 51 52 53 54 ... 175 176 »

Үйде жападан-жалғызбын. Күйеуім жұмысқа кеткен. Ертеңнен кешке дейін құр сенделемін деп зәрезап болдым. Уақытты тіпті өткізе алмағасын терезенің алдына отырып, баққа көз салдым. Әрнеге бір шалынысып отырған жанарым терезе түбіндегі кәрі еменге түсе кетті. Бұл емен менің балалығымның куәсі. Қашан көрсең жап-жасыл күйін өзгертпейтін осы ағаш жанымның ажырамас бір бөлшегіне әлдеқашан айналып кеткен. Тіпті жан адамға ашпаған сырымды осы терекке айтып, түбінде мұң шағатынмын. 
Барлық реферат | Просмотров: 672 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Ес білген бала кезімнен өлеңге құмартып өстім, өсе келе қара өлеңнің құдіретін таныдым. 
Өлең менің тағдырым екен. Соны ұқтым. 
...Бірнәрсе қинағандай болған. Жүрегім аузыма тығылып, алқынып бара жаттым. Сана, түйсік, саусағымның ұштарына дейін белгісіз бір қимылға елтіп, қағаз бен қаламға қол соз деп тұрғандай болды. «Ә» дегеннен бас тартпақшы болғам. Білмеймін, әйтеуір ақын болғым келмеген. Еңкілдеп ұзақ жыладым. Басымнан сипап жанымда отырған жолдасым жүзіме мейірлене қарап: «өлең жаз» деді жай ғана. Мен бас шайқадым. 
Барлық реферат | Просмотров: 833 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Сіз бүгін тағы қатулы келдіңіз. Үстел үстіне дәу қара портфеліңізді тастай сала, бұрқ ете түскен шаңын да елемей, қос қолыңызды тірей тұрып алып: «Әй, қыз, - дедіңіз маған қарата. - Әй, қыз, осы сен ғой күн қатып, түн қатып қиялдағы ханзадаңа жыр жолдайсың да отырасың. Жоқ қой ол, махаббат деген». 
Дым дей алмадым. Деген күнде де сіз әлденені түсіне қоятындай жағдайда емес едіңіз. 
Сізге қарап отырып үнемі бір ғана ойдың тұтқыны болатынмын: сонда, шынымен сезім өткінші де, сыйластық қана мәнге ие ме? Сонда Мұхтар ақынның «Жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме» дегені шын өмірдің мысалы болғаны ғой? 
Барлық реферат | Просмотров: 822 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Түн ортасы. Көзге түртсе көргісіз қараңғылық. Бейіт жанындағы сүрлеумен екеу келеді. Бұл екеуі беймезгіл уақытта осындай жолмен жүреміз деп тіпті ойламаған да. Енді қарасаңшы, бәрі аяқ астынан... 
- Тура Майкл Джексонның бейнеклипіндегідей, - деді бойжеткен. 
- Иә! Тек табыт үстінде шайқалу ғана қалды, - деп қостады жігіт. 
Барлық реферат | Просмотров: 800 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Өзі сүйкімді-ақ. Сұқтанып қарай бергің келеді. Алғашында ешнәрсе байқамаған секілді едім. Екінші күні мойылдай көзіне көзім түсісімен, бойым тітіркеніп сала берді. Жанарым қашаннан бергі міз бақпайтын піл сауырлы қара жерге ауған. 
Үшінші күні де ол баяғы орнынан табылды. Тіпті мені көріп, қуанып кеткендей болды. Сонда да жанына барып, тілдесуге батылым бармады. Біртүрлі жүрексіндім.
Барлық реферат | Просмотров: 772 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

—Неткен бақытсыз едім.... 
(Бір қызығы, бұл туралы ешкім олай ойлай алмайды.Оған себеп те жоқ емес. Қашан көрсең өзіне ғана жарасатын жазық маңдайын көлеңкелей беретін балапан шаштарын бір жақ құлағына қыстырған күйі мәз-мәйрам қалыпта.Тіпті тап қазір бар дүниені өрт алып кетсе де бәрібір дерсің.) 
—Ей,тәйірі, сол да сөз боп па? 
Барлық реферат | Просмотров: 862 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

— Сағаттың тілі нешені соққанын айтып жіберіңізші... 
— Тоқтап қалған... 
Күлкім келді. «Сағат неше болды екен. Мәдина бүгін де келмейтін болды-ау». 
Күн ысып кетті. Орталық паркте қол ұстасқан қыз-жігіттер көп болушы еді. Бүгіндікке бірлі-жарым ғана жұп ұшырасты. Әдеттегіндей тоқтатып алып, бақытты болуларын тіледім. Бірі бес жүз теңге, енді бірі мыңдықты аямады. Әйтеу, қолымды ешқайсысы да бос қайтарған жоқ. Тапқан ақшама әдемі бір роза сатып алдым. 
— Қандай кітап оқып отырсыз? 
Барлық реферат | Просмотров: 724 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

— Сіз менің періштемсіз... 
Ол әне бір жылы Текес бойына құм алуға барған-ды. Жүк машинаны құмға батып кетпейді-ау деген жерге тоқтатқан да, сусылдаған құмды тией берген. Бір мезетте күрегі атам заманғы мүрденің бетін ашып жіберген-ді. Адам сиятындай үңгір жасады да, ақымның ішіне қарғып түскен. Қолына қараңғы да кең қабірдің ішінен алдымен жез шәйнек ілінді. Оны сәуле төгілген үңгірдің өзі ашқан аузынан асырып лақтырып жіберді. Тағы қарманып еді алақанына алтын белдік түсті. 
Барлық реферат | Просмотров: 763 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Бүгін ағаң Әлім ағаң басқа қырынан танылады. Сенің ағаңа деген көзқарасың жүз пайызға өзгереді. Ақиқат ашылып, қарындастық махаббатың жиіркенішке ұласады. Ал, бұл қырымнан танылмайын десем, бәрібір де болашақта шындық деген «Құдай» келіп, бет пердемді жұлып алады. Шымылдықтың ар жағына жасырынған Шындықтың кіп-кішкене «Ар» деген жаратылысы шыбын боп көкке өрлейді. Сен сол сәт мені мүсіркеп қарап тұрасың. Жер шұқылап кетер едім. Ол кезде екеуміздің де ұғымымызда «жер» деген жаратылыс болмайды. Рухымыз ғана беттеседі. Ардан айрылған Рухтан не пайда, тәйірі?! 
Барлық реферат | Просмотров: 784 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

— Бұл көктем өзгеше-ә? 
— Өйткені, сіз барсыз... 
— Қысы да өзгеше болыпты-ау, ызғарсыз... 
Күліп жібердік. Шылым тұтаттым. 
— Тағдыр бізді шылым етіп шегіп тастай салады деген мәтіндегі өлең кімдікі еді? 
Иығымды қоқаң еткіздім. «Білмеймін.» 
Түннің құшағында тек екеуміз ғана бармыз. Мейрамыңа тарту еткен ал қызыл гүлдер жатақхана есігіндегі вахташы апайдың қолында қалған еді. 
Барлық реферат | Просмотров: 871 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 491-500 501-510 511-520 521-530 531-540 ... 1741-1750 1751-1756