Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 371-380 |
Страницы: « 1 2 ... 36 37 38 39 40 ... 175 176 » |
Әбу Насыр әл-Фараби (873—950) ежелгі Отырар қаласында туған. Ол іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. «Китаб әл-мусики әл-кабир» («Музыканың ұлы кітабы») деп аталатын еңбегі жарық көрген соңдай-ақ оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельденкейінгі «екінші үстаз» деп таныды. Әл-Фараби музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды, музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған күйші Қорқытпен таныс болған. Олардың орындауында «құс жолы», «Жез табақ», «Сыр сандық», «Желмая» күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен «Шұбар айғыр»1 күйін шығарады. Музыка теориясы саласында әл-Фараби араб философы әл-Киидидің, (800—879) еңбегімен танысады. |
Киномузыка, кино музыкасы – кино өнерінің құрамдас бөлігі, негізгі бейнелеу құралдарының бірі. Алғашқы кезде музыка кинематографияда жалаң, қосалқы міндет атқарды. Пианистжүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана тынады. Дегенмен сол кездің өзінде әр фильм үшін жеке музыка жазуға әрекет жасалды [1908 жылы "Герцог Гизаның өлімі” атты фильмге Киномузыка Сен-Санс (1835 – 1921) жазған музыка, т.б.]. Дыбыс жаңғыртқыш аппараттың шығуына байланысты (1920 жылы соңы – 1930 жылы басы) әр фильм жеке фонограммаға ие болды. Осы кезеңдегі Киномузыканың таңдаулы үлгілері Ч.Чаплин фильмдерінен көрініс тапты. |
Түркі этикасы – түркі халықтарына ортақ моральдық, адамгершілік, құқықтық құндылықтар мен салт-жоралғылар, әдеп жүйесінің түп бастауы. Туркі этикасы түркі дүниетанымындағы адам мәселесінің орталығы, негізгі мәселе болуымен айқындалып, адамның әлемдегі орны және оның жаратылыспен үйлесімде өмір сүруі, рухани-адамгершілік, діни-танымдық ұстанымдары негізінде қалыптасты. Туркі этикасы еуразиялық кеңістіктегі қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. түркі тілдес халықтардың ұлттық этик. көзқарастары мен ұстанымдарының қалыптасуына игі ықпал етті (қ. Қазақ этикасы). Дәстүрлі қоғам өмірі құқықтық, діни-киелілік негіздегі жарғылар мен тыйымдар жүйесі бойынша қалыптасқан. Бұл қоғам бірыңғай экон. тіршілік салты мен қандастық негіздегі бірлікке сүйенді. Көшпелі мәдениет пен тұрмысты жалғастыру оны сыртқы дұшпаннан бірлесе қорғана алатын ру немесе тайпа болғанда мүмкін болады. |
Әлемдік мұра (ағылш. World Heritage, фр. Patrimoine Mondial, ис. Patrimonio Mundial) — табиғи немесе адам қолымен жасалған объектілер, олардың адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылған. 2011 жыл маусымның 30-на сәйкес Әлемдік мұра тізімінде — 936 объектілер (Францияда маусымның 19 мен 29 арасында өткен 35-ші сессиядан кейінгі өзгеріске сәйкес). Тізімдегі 725 мәдениетке жатады, 183 — табиғи және 28 — аралас. |
Түргеш қағанаты — Түргештер (704-756 жж.) дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".) |
Кеңқол мәдениеті - Талас өзені алқабында ежелгі дәуірден сақталған археологиялық ескерткіштердің ғылымдағы жиынтық атауы. Б.з.б. 1-мыңжылдығының 1-жартысында қалыптасқан. Толық зерттелген негізгі ескерткіші – Кеңқол қорымына байланысты Кеңқол мәдениеті деп аталған. Қырғызстан жеріндегі Таластың жоғары ағысындағы кең алқапта, Кеңқол өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қорым алғаш рет 1930 жылы А.Н. Бернштамның далалық зерттеулері барысында ашылды. Кеңқол мәдениеті ескерткіштерін зерттеуге И.К. Қожамбердиев, С.С. Сорокин, Ю.А. Заднепровский, т.б. қатысты. Кеңқол қорымындағы барлығы 100-ден астам обаның жартысы зерттелген. |
ОЛЬМЕК МӘДЕНИЕТІ, (olmeca ацтекше "каучук елінің тұрғындары”) – б.з.б. 1-мыңжылдықта Мексика жерінде дәуірлеген көне үндіс мәдениеті. 11 – 14 ғ-ларда өмір сүрген кейінгі тұрғындарының тайпалық атауы бойынша аталған. Алғаш рет 1932 ж. Дж.Вайян "Ольмек өнері” деген атауды пайдаланды. Мүсіндер, әшекейлер сияқты жекелеген шағын туындылардың бірінші болып байқалуы себепті "Ольмек стилі” деген ұғым да қолданылды. Ұлттық геогр. қоғам мен Смитсон ин-тының (АҚШ) біріккен экспед. (жетек. М.Стирлинг) жұмыстары аясында 1938 ж. алғашқы қазбалар басталды. Негізгі зерттеушілері қатарында Ф.Дракер, Р.Хейзер, М.Коваррубиас, В.Хименес, М.Портер, Р.Пинья Чан, М.Ко, т.б. американ, мексикан ғалымдары бар. Веракрус, Табаско штаттарының жағалаулық өлкелері мәдениеттің негізгі тараған аумағы болып саналады. |
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық, көшпелі қауымның этикалық, мәдени-рухани бірігуінің негізі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық құрылым. Ауылдың көші-қоны |
Эрбиль (Ербіл') (Akkadian: Arba-ilu; араб.: اربيل Arbīl; күртше: Arabic Hewlêr; Sumerian: Urbilum; Syriac-Aramaic: Arbaelo; түр. Erbil) — Ирақтағы Бағдат, Басра және Мосулдан кейінгі төртінші ірі қаласы. Эрбиль Мосул қаласынан 80 шақырым Шығысқа қарай орналасқан, Ирақ Күрдістаны астанасы болып табылады.Қала тарихы б.з.б. 6000 жылдардан басталады, сол үшінде әлемдегі ең көне қалалардың бірі болып табылады. Қала орталығында көне Эрбиль цитаделі жатыр. Қала талай аймақтық ірі күштердің қол астында болған:Ассирия, Вавилония, Парсы империясы, Аббасид халифаты, және Осман империясы. Қала мұражайында Исламға дейінгі көптеген көне артефакттары бар, ал қала аймақтық археологиялық қазба орталығында орналасқан. |
Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (біздің заманымызға дейінгі 356—323 жылдар) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол он жыл ішінде, біздің заманымызға дейінгі 334 жылдан 324 жылға дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, Қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланөғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дөл осындай орасан зор мемелекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Батыc елдері мәдениетінің тогысу кезеңі десек те қателеспеген болар едік. |