Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Моғолстан
10.04.2013, 15:57
Моғолстан – 14-ғасырдың орта тұсынан 16-ғасырдың бас кезіне дейін Жетісу мен қазіргі Шығыс Түркістан жерінде өмір сүрген мемлекет. Шағатай әулеті билеген ұлыс ыдырағаннан кейін 1346(47) ж. Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған билеушілер тобы Тоғлұқ Темірді хан етіп сайлады. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат Моғолстанның шекарасын былай деп көрсетті: "Шығыс шеті қалмақтар жерімен шектесіп, Барыскөл, Емел, Ертісті қамтиды. Солтүстікте оның жеріне Көкше теңіз (Балқаш), Бұм және Қаратал кірді. Батыста Түркістанмен және Ташкентпен, оңтүстікте Ферғана уәлаятымен, Қашғармен, Ақсу, Чалышпен және Тұрфанмен шектеседі”. Халқының құрамына жалпы моғол атанған дулат (доғлат), қаңлы (беншік), керейіт (керей), арғанұт, барын, арлат, барлас, т.б. түркі және түркіленген моңғол тайпалары кірді. Бұлардың басым көпшілігі кейіннен қазақ халқының, қалған бөлігі қырғыз, ұйғыр халықтарының құрамына қосылды. Шағатай әулеті билеген мемлекеттердегі ұзаққа созылған тартыс 14-ғасырдың ортасына таман Жетісудың тұрақты егіншілік пен қала мәдениетін жойып жіберді. Баласағұн, Алмалық, Алматы (Алмату), Тараз, Ілебалық (Иланбалық), Қойлық, Екіөгіз және басқа көптеген ежелгі қалалар жойылып кетті. Моғолстанның алғашқы хандары Тоғлұқ Темір мен Ілияс Қожа Мауереннахрды өздеріне бағындыруға әрекет етті. 1370 – 90 ж. Қызыр Қожа хан (1389 – 99), Қамар ад-Дин әмір, Еңке төре, т.б. Әмір Темірдің жаулап алушылық жорықтарына қарсы тұрды. 15-ғасырдың 1-жартысында елдің ішкі жағдайы қиындап, өзара қырқысу соғыстары күшейе түсті. Елдің шығыс жағынан ойраттардың шабуылдары жиілеп, Уәйіс хан (1418 – 28) олармен бірнеше рет шайқасты. Уәйіс хан қайтыс болған соң өзара қырқысу одан сайын күшейіп, Жүніс пен Есенбұға сұлтандарды жақтаған екі топ пайда болды. Бұл күрес Есенбұғаның пайдасына шешілді. Оның тұсында Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған қазақтардың бір бөлігі Дешті Қыпшақтан Жетісуға қоныс аударды. Жүніс хан (1462 – 87) мемлекеттің жағдайын біршама нығайтты, бірақ 1472 ж. Жетісуда ойраттардан жеңіліп, Сырдарияға қашты. Онда Жүніс хан Сайрам мен Ташкентті басып алды. Оның баласы Ахмет хан 1474 ж. Қырғызстанда тәуелсіз иелік құрды. Махмұд хан (1487 – 1508) Жетісу мен Түркістанда қазақ хандарымен соғысты. Жүніс ханның немересі Сұлтан Саид хан 1514 ж. Шығыс Түркістанда жаңа Моғол мемлекетін құрды. 15-ғасырдың 60-жылдарынан бастап Жетісуді мекендеген түркі тайпалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Моғолстан
Просмотров: 936 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar