Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

В категории материалов: 2396
Показано материалов: 71-80
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8 9 10 ... 239 240 »

Сортировать по: Рейтингу
Барлық реферат | Просмотров: 1075 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай  (түрікше neft – мұнай) – Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; адамзат тіршілігі үшін маңызы зор, пайдалы қазынды. Мұнай 1,2 – 2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65 – 1,05 г/см3 аралығында; жеңіл (тығыздығы 0,83 г/см3-ке дейін), орташа (0,831 – 0,860 г/см3), ауыр (0,860 г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28°С-тан жоғары температурада қайнайды, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7 – 2,1 кДж/(кг.К), меншікті жану жылуы 43,7 – 46,2 МДж/кг, диэлектрлік өтімділігі 2 – 2,5; тұтану температурасы 35 – 120°С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді.
Барлық реферат | Просмотров: 2493 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Монополиялық пайда – рынок пен өндірісті монополиялық бақылау жолымен алынатын жоғары пайда; монополистік бірлестіктердің орташа пайдадан асып түсетін пайдасы. М.п. тауарларды монопол. өндіру мен өткізу жағдайында рыноктың монопол. бақылауға алынуын сипаттайды. Тауар өндірушілер монопол. жағдайға аса білікті жұмыс күшін, жетекші мамандар мен менеджерлерді, ғыл. ашылымдар, патенттер, лицензиялар негізінде жаңа технологияларды пайдалану жолымен қол жеткізеді. Монополияларда сұранымды зерттеу, оны қанағаттандыру, нақты сатып алушылар рыногін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер көп.
Барлық реферат | Просмотров: 1179 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Әкімшілдік-әміршілдік экономика, өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншікке, орталықтандырылған жоспарлауға және қоғам өмірінің барлық аясын директивалық басқаруға негізделеді. Басты белгісі – іс жүзінде барлық экон. ресурстарға (жерге, жер қойнауына, кәсіпорындарға, қаржыға, т.б.) мемл. меншіктің үстемдігі. Тиісінше халық ш. бірыңғай "фабрика” болып табылады, ал орт. жоспарлаушы органдар кім үшін, қалай өндіру мәселелерін шешеді, яғни нарықтық жүйедегідей сұраныс емес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынысы айқындаушы фактор болып табылады. Мұндай шарттар монополия мен бюрократияны сөзсіз тудырады, мұның өзі дамуға деген ынтаны төмендетеді.
Барлық реферат | Просмотров: 1030 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.
Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен "отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілді.
Барлық реферат | Просмотров: 2307 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1946 – 1991 ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ – халық шаруашылығындағы тарихи кезең. 1941 – 45 ж. соғыстан кейін халық ш. бейбіт бағытқа көшті. Ауыр өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. Республикада 4-бесжылдықта (1946 – 50) егіс көлемі бір миллион га-дан астам ұлғайды. А. ш. дақылдарының түсімі артты. Керісінше, мал басының өсу қарқыны төмен болды. 50-жылдары Қазақстанның экон. күш-қуатының өсуі үшін шаруашылық айналымға жаңа қорларды тарту, өндірістің тех. дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ жеңіл және тамақ өнеркәсіп салалары артта қалып, шикізат және отын өндіретін салалар озық дамыды. А. ш-ның даму қарқыны өнеркәсіптен едәуір төмен болды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1278 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру. Мұндай ұйымдасуды жоғары дамыған экономика мен адам өмірінің жоғары сапасы ерекшелендіреді.
Барлық реферат | Просмотров: 3860 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, әрі пайдаланушылар болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез келген эқономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Халықты көптеген ғылымдар, ең алдымен - халықтар географиясы, демография мен этнография зерттейді.
Барлық реферат | Просмотров: 2383 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экон. байланыстардың негізгі бөлігі Ш. б-тің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғ-дың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Ш. б-тің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1511 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 51-60 61-70 71-80 81-90 91-100 ... 2381-2390 2391-2396