Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

В категории материалов: 2396
Показано материалов: 51-60
Страницы: « 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 239 240 »

Сортировать по: Рейтингу
КАПИТАЛ (нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Барлық реферат | Просмотров: 2234 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАРЖЫ, финанс (ағыл. және фран. fіnances, орта лат. fіnantіa – ақшалай қаржы, аяқтау, төлем төлеу туралы бұйрық) – ақша қорын жасау және пайдалану барысындағы экон. қатынастар жиынтығы. Мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарының, жинақ қорларының қалыптасуы барысында ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі және қайта бөлінуі процесін, осыған орай туындайтын ақша қатынастарын сипаттайтын іргелі, жалпылама, көп мәнді экон. категория ретінде қарастырылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1935 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ,  қаржы рыногі – капитал несие берушілер мен қарыз алушылар арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары рыногінің бір бөлігі. Қ. н-н бастапқы және қайталама рыноктардың жиынтығы деп қарауға болады. Бастапқы рынок бағалы қағаздарды шығару сәтінде пайда болады, оған қаржы қорлары жұмылдырылады. Қайталама рынокта бұл қорлар бірнеше рет қайта бөлінеді. Қайталама рынок биржалық және биржадан тыс рыноктарға ажыратылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1825 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ, Халық банкі – аса ірі әмбебап коммерциялық банк; Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Банктің Қазақстанда 528 құрылымдық бөлімшесі, Ұлыбританияда (Лондон), ҚХР-да (Пекин) және Ресейде (Мәскеу) шетелдік өкілдіктері бар. Банк өз тарихын 1923 ж. тамызда Ақтөбе қ-нда мемл. еңбек жинақ кассасының ашылған кезінен бастайды.  1988 жылғы банк реформасы бойынша екі деңгейлі банк жүйесіне: орт. банкке және мамандандырылған банктерге көшу межеленіп, мемл. еңбек жинақ кассалары жүйесі халық пен заңды тұлғаларға қызмет көрсететін КСРО жинақ банкі болып қайта құрылды. 

Барлық реферат | Просмотров: 1506 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ – орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, салааралық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1075 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ, Қазақстанның ұлттық банкі (ҚҰБ) – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, айналысқа түсіру, бағалы қағаздар шығару және олармен түрлі операциялар жасаумен айналысатын республикалық орталық мекеме. Біздің республикамызда екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. ҚҰБ 1993 ж. 13 сәуірде қабылданған "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” ҚР Заңына сәйкес КСРО Мембанкінің Қазақ респ. банкі негізінде құрылды. Республиканың банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңдық негіздері 1990 ж. 7 желтоқсанда қабылданған "Қазақ КСР-ндағы банктер және банк қызметі туралы” Заңда қаланды. ҚҰБ-нің атқарымдары мен өкілеттіктері ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” 1995 ж. 31 тамыздағы заң күші бар Жарлығымен белгіленді. ҚҰБ басқа елдердің орт. банктерімен және басқа банктерімен қарым-қатынаста Қазақстанның мүддесін білдіреді.
Барлық реферат | Просмотров: 1638 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қаржы саясаты – мемлекеттің өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін қаржыны ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі шараларының жиынтығы. Қаржы қорларын жұмылдыру нысандары мен әдістері жүйесінде, оларды халықтың әлеум. топтары, қызмет салалары арасында бөлуде, қаржы заңдарында, шығыс пен кіріс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясатына мемл. бюджет қызмет көрсетеді және ол экон. саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан ел экономикасы өркендеуінің басым бағыттарына байланысты түрде де, өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы және құрылым құрайтын мәні бар басқа да салалардағы, сондай-ақ, а. ш-ндағы мемл. сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып та қалыптастырылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1399 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК – лицензияға және қолданыстағы заңнамаға сүйеніп коммерциялық негізде банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілген заңи тұлға, яки кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар үшін әмбебап банк операцияларын: есеп айырысу, төлем төлеу, салымдар тарту, несие беру операцияларын, сондай-ақ, құнды қағаздар рыногіндегі операцияларды жүзеге асырушы ірі несие мекемесі. К. б. үлеспұлдық немесе акцион. негізде құрылады. 
Барлық реферат | Просмотров: 1261 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Ұлтаралық банк  түрлі елдерде, түрлі аяларда, түрлі валюталармен операциялар жасайтын әмбебап тұрпаттағы халықаралық қаржы-несие кешені. Ұ. б. өнеркәсіптік монополиялармен біте қайнасуы арқасында несие капиталдары мен көрсетілетін несие-қаржы қызметінің әлемдік нарығын экон. бөлісуге нақты қатысады. Ұ. б-інің несие капиталдарының әлемдік нарығын монополияландыруы оның орталықтандырылған басшылықтың, бас мекеменің бірыңғай стратегиясы мен тактикасы арқасында өзінен ірілігі төмендеу банкілерге өктемдігін жүргізуіне мүмкіндік береді. Қарызгерлердің несие капиталдарының әлемдік нарығына қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі әрі сараланған. 
Барлық реферат | Просмотров: 950 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

КРЕДИТ-АҚША САЯСАТЫ – мемлекет экономикасында ақша мөлшерін реттеу мақсатында қолданылатын шаралар кешені. К.-а.с. жалпы ұлттық өнім, баға деңгейі және ұлттық табыс сияқты аса маңызды макроэкон. көрсеткіштерге айтарлықтай әсерін тигізетіндіктен мемл. экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады. Бүкіл 20 ғ. бойына мынадай заңдылық орын алды: неғұрлым дамыған мемлекеттер, экон. өсуді ынталандыру, экон. жағдаяттың ауытқуын реттеу үшін нақ осы К.-а. с. құралын қарқынды пайдалануға тырысты, әйтсе де мұндай жанама ынталандыру әрқашан да күткендегідей нәтижелер бермеді.
Барлық реферат | Просмотров: 1420 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 31-40 41-50 51-60 61-70 71-80 ... 2381-2390 2391-2396