Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Көмір өнеркәсібі - Қазақша реферат
05.02.2014, 22:59
Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.
Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен "отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілді. Одан кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың тонна көмір қазылды. 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болса, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, "Кариб”, "Карно”, "Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. 19-ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран,  Шерубайнұра  тіліктерінің  игерілуі,  сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. тоннаға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштеріндегі сапалы көмірдің үлесін молайту есебінен өндірілетін көмірдің құрылымын жақсартуға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды.
Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 2303 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar