Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

В категории материалов: 2396
Показано материалов: 61-70
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 239 240 »

Сортировать по: Рейтингу
ИНФЛЯЦИЯ (лат. іnflatіo – желбуаз), ақшаның құнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Бағаның кез келген өсуін инфляциялық өсу деп есептеуге болмайды. Баға өсуінің инфляциялық себептерінің арасында мемл. шығыстар мен кірістердің теңдестірілмеуі, яғни мемл. бюджеттің тапшылығы неғұрлым елеулі себепке жатады. Көбінесе, бұл тапшылық ақша шығару жолымен жабылады, мұның өзі ақша көлемінің көбейіп, соның салдарынан И-ға әкеліп соғады, яғни айналыстағы қағаз ақша құнсызданып, валютаны сатып алуға жарамдылығы құлдырайды.
Барлық реферат | Просмотров: 975 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ – экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын қанағаттандыруға, мемлекеттік борышты өтеуге, т.б. арналған мемлекеттік ақша қорларын құрау мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынасы. Елдің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. М. қ. экон. мазмұнына қарай әртекті болып келеді, онда мемл. бюджет, мемл. бюджеттен тыс қорлар, мемл. несие, мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындардың қаржысы қамтылады. М. қ-ның аталған буындарының сан алуан атқарымдық мақсатына орай мемлекет қоғамда болып жатқан экон. және әлеум. үдерістерге түрліше ықпал етеді, салалық және аумақтық мәселелердің қолайлы шешімін табады.
Барлық реферат | Просмотров: 1470 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан халық жинақ банкі, Халық банкі – аса ірі әмбебап коммерциялық банк; Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Банктің Қазақстанда 528 құрылымдық бөлімшесі, Ұлыбританияда (Лондон), ҚХР-да (Пекин) және Ресейде (Мәскеу) шетелдік өкілдіктері бар. Банк өз тарихын 1923 ж. тамызда Ақтөбе қ-нда мемл. еңбек жинақ кассасының ашылған кезінен бастайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1294 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы: Бюджет жүйесі – мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен бюджет тұрғысынан дербес мекемелер бюджеттерінің жиынтығы. Қ. Р. б. ж. елдің түрлі деңгейлердегі бюджеттерінің экон. қатынастар мен заңды нормативтеріне негізделген. Оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесін біріктіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік жіктелімді (кіріс пен шығыстың міндетті топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистик. және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қ. Р. б. ж-нің құрылымы екі деңгейлі – респ.
Барлық реферат | Просмотров: 1665 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Кредит жүйесі – кең мағынада: елде орын алып отырған кредиттік қатынастардың, кредит мекемелерінің, кредит түрлері мен әдістерінің жиынтығы; тар мағынада: кредиттік-есептілік қатынастарды ұйымдастыратын, ақша айналысын реттейтін кредит мекемелерінің (банктердің, сақтандыру қоғамдарының, ломбардтардың, т.б.) жиынтығы. Ақша және ақша қорларына иелік етіп отырғандар арасындағы қатынастар кредиттік қатынастардың негізгі және бастапқы түрі болып табылады. Осы қатынастардың аясында кредиттің негізгі түрлері дами түседі. Банктер мен бейбанктік (банктен тыс) кредит-қаржы мекемелері елдегі К. ж-нің негізгі буындары болып табылады. Банктер – ақша қаражаты мен жиналымын шоғырландыратын, кредит беретін, ақшалай есеп айырысуларды, айналысқа ақша шығаруды, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды, т.б. жүзеге асыратын айрықша мекемелер. 
Барлық реферат | Просмотров: 1338 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. ҚР-ның "Қазақстан даму банкі туралы” Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 ж. 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%. ҚДБ-ның құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы мин.), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғ. органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол ҚР Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды. ҚДБ қызметінің мақсаты – мемл. инвестиц. қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу. 
Барлық реферат | Просмотров: 1158 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. К-ті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. К. кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны (мемл., ашық акцион. қоғам, жабық акцион. қоғам, серіктестік, жекеше кәсіпорын, өндірістік кооператив, муниципалдық кәсіпорын) арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.
Барлық реферат | Просмотров: 1604 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Әлемдік экономиканың жаһандануы – шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Ә. э. ж-ның жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғ-дың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаїандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 ж. өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты.
Барлық реферат | Просмотров: 1465 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1111 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта-Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды.

Барлық реферат | Просмотров: 3349 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 41-50 51-60 61-70 71-80 81-90 ... 2381-2390 2391-2396