Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Қаржы нарығы - РЕФЕРАТ
05.02.2014, 23:50

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ,  қаржы рыногі – капитал несие берушілер мен қарыз алушылар арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары рыногінің бір бөлігі. Қ. н-н бастапқы және қайталама рыноктардың жиынтығы деп қарауға болады. Бастапқы рынок бағалы қағаздарды шығару сәтінде пайда болады, оған қаржы қорлары жұмылдырылады. Қайталама рынокта бұл қорлар бірнеше рет қайта бөлінеді. Қайталама рынок биржалық және биржадан тыс рыноктарға ажыратылады. Мамандандырылған қор биржалары болып табылатын биржалық рынокта жетекші компаниялардың акциялары, ал биржадан тыс рынокта түрлі себептермен биржада бағасы белгіленбеген бағалы қағаздар сатып алынады және сатылады.

Институттық тұрғыдан Қ. н. несие-қаржы ин-ттары болып табылады, осы ин-ттар арқылы қаржы ағыны меншіктенушілерден қарызгерлерге және керісінше құйылып отырады. Мұндай құйылу қаржы қорларын ешқандай қаржы делдалдарынсыз несие берушілерден тікелей қарыз алушыларға беру нысанында болады. Мүдделердің үйлеспеушілігін қаржы делдалдары жойып отырады, оларға қаржы ин-ттары: коммерц. банктер, несие одақтары, қор биржалары, қаржы компаниялары, зейнетақы және сақтандыру қорлары, инвестиц. банктер, құрылыс қоғамдары, т.б. жатады. Қаржы делдалдары қажет болған жағдайда қарыз алушылардың елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірнеше несие берушілердің қаражатын біріктіреді және ықтимал қатерді (тәуекелдікті) мойнына алады, сөйтіп, Қ. н-ның тұрақтануында маңызды рөл атқарады.

Қ. н. несие капиталдары нарығының бір бөлігі ретінде уақытша бос ақша қысқа мерзімді депозиттер түрінде бір күннен екі жылға дейін банкаралық рынокта орналастырылатын қысқа мерзімді ақша рыногімен тығыз ұштасып жатады. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық Қ. н. әлемдік Қ. н-ның бір бөлігі болып табылады. Бұған Қ. н-нда сауданы ұйымдастырушылардың көрсетілетін қызметтері ұсынымын ақпараттық технологиялар негізінде интернализациялау септігін тигізеді. Қ. н-на қатысушылардың қызметін мемл. арнаулы мекемелер (мыс. Францияда Биржа операциялары жөніндегі француз комиссиясы, Қазақстанда ҚР Ұлттық банкінің құрамындағы Бағалы қағаздар рыногін реттеу департаменті) арқылы реттеп отырады.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1822 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar