Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 931-940
Страницы: « 1 2 ... 92 93 94 95 96 ... 290 291 »

ИРАК-КУВЕЙТ СОҒЫСЫ – 1990 – 91 ж. болған соғыс. Осының алдындағы Иран-Ирак соғысы салдарынан Ирак үкіметі Кувейтке 20 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде қарыз болды. С.Хусейн үкіметі Парсы бұғазындағы Кувейттің мұнай қорлары Иракқа тиесілі деп есептеп, қарыз төлеуден бас тартты, әрі аталған жерлерді Иракқа беруді талап етті. 1990 ж. 2 тамыз күні Ирак әскерлері Кувейтке басып кіріп, елді толығымен жаулап алды. 8 тамыз күні Ирак үкіметі Кувейттің Иракқа "толығымен әрі біржолата қосылғандығын” жариялады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирактың Кувейтті басып алуын заңсыз деп тапты және әскерлерін елден дереу шығаруын талап етті. 1991 ж. 15 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иракқа Кувейттен әскер шығаруға белгілеген мерзімі бітті де, 17 қаңтар күні 29 мемлекеттен тұратын біріккен күштер
Барлық реферат | Просмотров: 986 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

САҚТАР — ерте темір дәуірінде Қазақстан, Таулы Алтай, Орта Азия, Солт. Үндістан, Ауғанстан өлкелерін мекендеген тайпаларға байланысты көне дәуірден жеткен жазба деректер арқылы танымал жалпылама атау. Сақ бірлестіктері туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антика дәуірінің авторлары (гректер) — Геродот (б.з.б. 5 ғ.), Ксенофонт (б.з.б. 6 — 5 ғ-лар), Птоломей (б.з.б. 2 ғ.), т.б. жазба деректері; 2) ахемен әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Ішінара Қытай деректерінде де "се” тайпалары аталады. Жазба деректерде кездесетін "сақтар” және олардың түрлі тайпаларының атауларына байланысты мәліметтер  қысқа, үстірт айтылғандығымен ерекшеленеді, толық, неғұрлым көлемді сипаттамалар жоқ. Парсы жазбалары тұрақты түрде "сақ” атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды "Азия скифтері” деп атайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1542 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

ИСПАНИЯДАҒЫ АЗАМАТ СОҒЫСЫ – 1936 – 39 жылдары Халықтық майдан мен ген. Франко арасында болған соғыс. 1931 ж. сәуірде Испанияда революция болып, республика жарияланды да, саяси күштер екі топқа жіктеле бастады. Оңшыл күштер әскерилермен және фашистік топтармен бірлесті. Солшыл күштер (социалистер, коммунистер, кәсіподақ өкілдері) Халықтық майданға бірікті. 1936 ж. 16 ақпанда өткен парламент сайлауында Халықтық майдан жеңіске жетіп, М.Асанье басқарған үкімет құрылды. Олар саяси тұтқындарды босату, жалақыны көбейту, шаруаларға жер беру, т.б. шараларды жүзеге асырды. Бірақ, 1936 ж. 17 шілдеде Испания Мороккосында ген. Ф.Франко басқарған әскерилер төңкеріс жасады. Қле-шала жер-жерде әскери бүліктер бас көтерді. Испанияда азамат соғысы басталды. 
Барлық реферат | Просмотров: 2981 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

КӨКМАРДАН – Отырар өңірінде 1 – 7 ғ-ларда болған қала орны. Арыс өз-нің сол жағасында, Көкмардан жайлауында орналасқан. Отырар жазығындағы ортағасырлық қалалардың ең ірілерінің бірі. 1977, 1978 – 83 жылдары Оңт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев) зерттеген. Қаланың орт. бөлігі қазір сол-тен оңт-ке қарай созылып жатқан биікт. 15 м және аум. 3,2 га төбе түрінде сақталған. Қаланың неғұрлым биік солт. бөлігінде биікт. 16 м қамал-сарай орны бар. Мұның үстінде аум. 25*25 м алаңқай орналасқан. Ормен қоршалған және қазір Арыс өз-нің жайылма суы толған орт. төбенің айналасына тік бұрышты және дөңгелек төбелер пішіндес рабад бар. Оның аум. 4 га. 
Барлық реферат | Просмотров: 1031 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

САУРАН — ортағасырлық қала. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ-нан солт.-батысқа қарай 35 км жерде. Қалашықты 1866 ж. А.К. Гейнс, 1867 ж. П.И. Лерх, 1947 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1967 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. К.Ақышев), 1986 ж. Қазақстан ҒА Археол. ин-тының археол. экспед. зерттеген. 2004 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспед. қазба жұмыстарын жүргізді. Биікт. 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай — 800 м, солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай — 550 м, мәдени қабатының биікт. 2 м. Жазба деректерде 10 ғ-дан бастап кездеседі. Әл-Магдиси ол туралы "Сауран (Савран, Сабран) үлкен қала, оны жеті қатар қамал қоршаған, рабады бар, мешіті қаланың ішінде орналасқан” деп жазған. Шыңғыс ханның шапқыншылығы туралы деректерде С. аталмайды. 13 ғ-да Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум С-ды Савран деген атпен Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харчук), Иасы (Асон) қ-ларымен бірге атаған. Содан кейінгі деректерде қала аты аталмайды.
Барлық реферат | Просмотров: 2531 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Түркістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым. Өлкедегі барлық билікті өз қолына алуға ұмтылған Ташкенттегі Түркістан Халық комиссарлары кеңесіне балама түрде Қоқан қ-нда Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезі шешіміне орай құрылды. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Т. а.  Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. 1 желтоқсан күні Т. а-ның Уақытша үкіметі өлке халқына арнап үндеу жариялады. 
Барлық реферат | Просмотров: 2349 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАРЫ – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемл. төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңт. Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж.
Барлық реферат | Просмотров: 1206 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Сарайшық - ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан. Қала іргесі 11 ғасырда қаланған. Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Қаланың гүлденген дөуірі 13 - 14 ғасырлар аралығы. Алтын Орданың күйреуіне қарай қала әлсірегенімен артынша Ноғай ордасының астанасы атанып, қайтадан дәуірледі. Қасымхан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына дендеп кіріп, тағылық шапқыншылық жасау нәтижесінде Сарайшық біржолата қирады. Кейін гүлденген кала орнына Ресей патшалығы отаршылдық бекініс салды.
Барлық реферат | Просмотров: 3012 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб – ортағасырлық қала орны. Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд-ның Темір т. ж. ст-нан солт.-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. О. 8 ғ-дың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут "Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің О. патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, О. 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орт. қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал ФарабКедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және геогр. жазбаларда аталмайды, 
Барлық реферат | Просмотров: 3638 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

ОХХУМ – ортағасырлық қала орны. Жамбыл обл. Байзақ ауд. Шахан а-нан солт.-шығысқа қарай 11 – 13 км жерде. Алғаш 1894 ж. В.В. Бартольд, 1936 – 38 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1983 ж. қазіргі ҚазҰУ-дың археол. отряды (жетек. М.Елеуов), 2000 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. К.Байпақов, Д.А. Ловас) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ескерткіш төрт бұрышты, екі қатар қорғаныс қабырғасымен қоршалған күрделі құрылыстан тұрады. Дүниенің төрт нүктесімен бағыттас орналасқан ішкі қорғаныс қабырғасының өлшемі 250× 250 м, биікт. 4 – 4,5 м, табаны 18 м, үстіңгі қабаты 5 м. Төрт бұрышы мен қабырғаларының бойында орналасқан мұнараларының биікт. 5 м, олар қабырғаның сыртынан 13 – 15 м-ге дейін жайылған. Барлығы 14 мұнараның ізі байқалады. 
Барлық реферат | Просмотров: 784 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 911-920 921-930 931-940 941-950 951-960 ... 2891-2900 2901-2903