Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 381-390 |
Страницы: « 1 2 ... 37 38 39 40 41 ... 290 291 » |
1. Этнопедагогиканың зерттеу объектісі. 2. «Халық педагогикасы» ұғымын зерттеушілер. 3. «Этнопедагогика» ұғымын зерттеушілер. Этнопедагогика мен халық педагогикасы деген ұғымдар бiр ме? Болмаса олардың өзiндiк ерекшелiктерi, ғылыми анықтамасы бар ма? Бар болса, ол қандай? Этнопедагогиканың зерттеу объектiсi не? Ендi осы мөселелерге арнайы тоқталайық. |
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелiгi адамдардың әлеуметтiк қарым-қатынасынан, киiм киюiнен, спорттық ойын түрлерiнен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келiн түсiру, қыз ұзату, қонақ күту, өлiк жөнелту рәсiмдерiнен т. б.), ұлттық тағам түрлерiнен байқалады. Ұлттық психикалық құрылым үш бөлiктен тұрады: ол ұлттық сезiм, салт-дәстүрлер және ұлттық мiнез. Осы үш бiрлестiк ұлттық мәдени ерекшелiктiң шартты белгiлерi болып табылады. |
Тоқтардың магниттік әсерлесуі , электр тоғының магнит өрісінтудыру қабілеті
ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процес –
магнит өрісі әсерінен электр тогын тудыру мүмкіншілігін іздестірді . Осы
мәселені 1831 жылы М.Фарадей алғашқы болып шешті . Ол өткізгіштен жасалған
катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде , катушкада ток пайда болатынын
анықтады. Бұл құбылыс электромагниттік
индукция деп аталады . Электромагниттік индукция
нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық
ток деп атайды . Тәжірибелер катушкадағы
индукциялық токты әр түрлі әдістермен тудыруға болатынын
көрсетті: катушкаға магнитті кіргізуге немесе одан шығаруға болады , катушканы магнитке кигізуге
немесе магниттен суырып алуға болады . Индукциялық токтың ешқандай механикалық
қозғалыс болмағанда да туындауы мүмкін . Ол үшін жақын тұрған екі катушканың
біреуін ток көзімен қосу керек . Егер бірінші катушкадағы токтың магнит өрісі екінші катушканың
орамдарын олардың жазықтарынан перпендикулярлы өтетін болса , онда кез келген бірінші катушкадағы ток
өзгерісі екінші катушкада индукциялық ток тудырады . |
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. |
Мен таңғаламын: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаның баласының: "Халық қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар. |
Семей өңiрiне қарасты Шыңғыстау тауы патша заманының
зерттеушiлерi назарына өткен ғасырларда-ақ iлiнiп, алғаш 1896 жылы өлкетанушы
В.Никитин жазбасына түскен. Сол кезде Шыңғыстау обаларын зерттеудiң болашағы
бары болжанған едi. Өлкенi археологиялық қырынан зерттеуге байланысты «Семей
уезiнiң оңтүстiк шегарасы және ең бастысы, Шыңғыс тауы ескерткiштерiмен маңызды
мәнге ие» деп жазды ғалым еңбектерiнде. |
Тарихи танымы мен рухани дамуы есте жоқ ескі
замандардан бермен қарай сабақтасып жататын қазақ-қырғыз ұлыстарының ұлағат
биігінен орын алған ортақ мұралары туралы сөз болғанда, ойға оралатын
құндылықтар шоғыры адамзат өркениетінің өзекті бір бөлшегін құрайтынын
байқаймыз. Санадан туындайтын салт пен дәстүр, таныммен сабақтасатын тылсым
сырлы толғаулар жүйесі тоғысатын тұстарда да қазақ пен қырғыз жұртының рухани
үндестігі менмұндалап тұрады.
Басыма кидім ақ қалпақ, Оюлап шетін сырғызған. Менің де бетім жап-жалпақ Айырмам қане қырғыздан!?
– деп жырлаған көрнекті қазақ ақыны Әбіділда
Тәжібаев өлеңіндегі тірлігі бір ордалы жұрттардың абзал бейнесі – рухани бірлік
пен адами үндестіктің тарихи дамуда сирек кездесетін нұсқасы. Адамзатқа ортақ
құндылық – ұлы "Манасты” құбылмалы саясаттан арашалап алуға ат салысқан ұлы
Мұхтар Әуезов дәстүрінен дәрмен көрген текті тұлғалар, қай-қай заманалар
болсын, "бір туған” ниетті қос ұлыстың игі бірлігіне дәнекер болудан жазған
емес. |
Сабақтың мақсаты: адам анатомиясы мен физиологиясы тұрғысынан шылым шегудің денсаулыққа зиян екендігі жайлы алғашқы ұғымды қалыптастару : - жеке бас пен әдеп мәдениетіне баулу - алған білімді талдау өмірде қолдана білуге үйрету Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру 2. Сабақ тақырыбымен таныстыру 3. Шылым шегу жайлы біз не білеміз атты тест |
Шығыс Қазақстан табиғаты және оны қорғау. Сабақ
мақсаты: 1. Құрмалас сөйлемді қайталау, бекіту; 2. Өз өлкесінің табиғи
әсемдігімен таныстыру; 3. Туған жерге деген
сүйіспеншілікті арттыру. Сабақ көрнектілігі: ТҚ (ТСО) плакат
жазуымен, кітап көрмесі, суреттер. |
Шығарма тілін лингвистикалық талдау әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген мәселелерін шешуге тигізеді. М. Жұмабаевтің шығармалары тіліндегі тілдік құралдар мен олардың семантика-стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен жоқ. М. Жұмабаев прозасы мен өлендеріңдегі тілдік құралдар лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элемнттері мен дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады. |