Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 391-400 |
Страницы: « 1 2 ... 38 39 40 41 42 ... 290 291 » |
1973-1974 жылдары С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде бізге (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археология мен этнография ғылымы негіздерінен У. X. Шәлекенов дәріс оқыды. Ғалымның әрбір лекциясы ғылымға деген ізденісті, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін. Әлі есімде Уахит Хамзаұлы: «Қазақстан тарихын зерттеу болашақтың ісі. Түбінде қазақ елі өз алдына мемлекет болады, сонда ғана халқымыздың шын тарихы жазылады», дегенде бала көзімізден кеңестік идеология санамызда берік қалыптасқан студенттер бір-бірімізге таңырқаса қараушы едік. |
Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында. Ғаламшардың айналу осі перпендикулярдан оның орбита жазықтығына бар болғаны 3°-қа қиғаш. Ғаламшар осінде шығыстан батысқа қарай (яғни Жер айналысына қарсы) P = 243,0 тәулік периодта айналады, сондықтан жердегіше көзге елестетсек, ғаламшардағы шығыс көкжиек Күн шығар жақ болғанымен, онда Күн батыстан шығып, шығысқа басқандай көрінеді. Шолпанның айналуы кері болғандықтан оның айналу периодына теріс таңба қосылады, ал осыны есте ұстау үшін ғаламшар осінің қисаюы 177°-қа тең деп алынады. |
Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 –
1865) – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф,
географ, ағартушы, демократ. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен,
«Шоқан» аталып кеткен. |
Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші. Қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде) дүниеге келген. Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің хандары болған. Әкесі – Аманқарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың Күнтимес қыстауында ашқан қазақ мектебінде бастауыш білім алған. Шоқан осы мектепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанды. Көне шағатай тіліндегі дүниелерді тануды, арабша, парсыша оқу дағдыларын меңгерді. Халық мұрасын жинауды қолға алған әкесіне көмектесе жүріп, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге» жырларының нұсқаларын жазып алуға қатысты. |
Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды. |
Музыка зерттеуші ғалымдар мен музыка қайраткерлері Шоқан кезеңін қазақ халқы музыка мәдениетінің гүлдену шағы, халық музыка шығармашылының профессионалды –(классикалық) деңгейге көтерілген дәуірі деп санайды. Алайда, ғалымдардың бір тобы ХІХ ғасырдың екінші жартысында музыка өнерінде демократиялық тенденцияның өрістеуін орыс мәдениетінің әсерінен қарастырса, екінші бір қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннің өзі тікелей тұлғалаған дәстүрлі өнер түрінде таниды. |
Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып,
дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының
қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір
ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың
ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде
қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан
оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы
медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды
училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс
тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады. |
Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан... |
Күні бүгінге дейін қазақ лирикасының тарихы мен жанрлық табиғаты турасында сөз қозғағанда, қазақ лирикасын қалыптастырушылардың бірі ретінде Абай дәстүрін жалғастырушы әрі ақындық мектебінің тікелей шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі ерекше ілтипатпен аталары рас. Оған басты себеп, ақынның поәзиялық шығармалары ұлттық әдебиетіміздегі лирика жанрының көркемдік биіктігін асқақтатып және қазақ лирика жанрын әлемдік үлгідегі туындылармен қатарластыра алған поэзиялық қуаты мен ақындық мұратына қатысты еді. |
Қазақ халқының тарихы мен
мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың
бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен
кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев
белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды. |