Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 191-200
Страницы: « 1 2 ... 18 19 20 21 22 ... 290 291 »

Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Сейдахмет Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарық көрді. Ол кезде «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шығып жататын көркем туындылар қалың оқырманға тез жететін. Сол кезде оқырман қолына тиген Сейдағаңның кітабы спорт тақырыбына жазылған деректі еңбектерден мазмұны жағынан да, оқиғаларының ауқымы жағынан да, тақырыбы жағынан да, баяндау тәсілі жағынан да өзгеше болды.
Барлық реферат | Просмотров: 2455 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

МАРС, қызылжұлдыз — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-планетасы. Марс жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диам. 6800 км, яғни Жер диаметрінің жартысынан сәл үлкен (0,53). Полярлық диаметрі экваторлы диаметрінен 1:190 есе кіші. Марстың көл. 0,15 Жердің көлеміндей. Массасы 6,4231023км (0,017 Жер массасындай). Орташа тығызд. 3,97 г/см3, яғни 1,4 Жер тығыздығындай. Марс бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,72 м/с2 (яғни жер бетіндегі ауырлык күші үдеуінің 0,38 бөлігіндей). Марс бетіндегі екінші ғарыштық жылдамдық, яғни ауырлық күшін жеңіп, планетаны тастап ұшып кететін дене жылд. 5,0 км/с. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен айналады, одан орташа қашықтығы 228 млн. км (перигелийінде 206 млн. км, афелийінде 249 млн. км). Марстың орбита бойымен орташа қозғалу жылд. 24,2 км/с. Орбитасының эклиптика жазықтығына еңкеюі 1,8°. Сидерлік айналу периоды 1,881 жыл (687 күн тәулігі). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады (синодтық айналу кезеңі). 
Барлық реферат | Просмотров: 1014 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Мұқан Төлебаев есімі еліміздің музыка өнері тарихында аса көрнекті композитор, қайталанбас ерекше дарын иесі ретінде есте қалғаны мәлім. Оның бойындағы қасиеттің қай-қайсысына да бүгін жеке-жеке тоқталып, рухына иіліп тағзым ету ұстаз алдындағы бәріміздің ортақ парызымыз бен адалдығымыз болып саналады. Менің де қолыма алып, өткен белестердегі ағаға деген сағыныш пен сүйіспеншілікті, жүрекжарды лебізді ақтаруыма бүгінгі ел-жұртының осынау ақ, адал пейілі әсер етіп отыр.
Барлық реферат | Просмотров: 2975 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады.Бұл тек қана тандау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті.
Қазіргі уақытта нарықтық қарым-қатынасқа көшкенде  жұмыскерлердің   негізгі мотивациялық факторы бұл кепілді жалақы алу.  Сонын өзінде жұмысқа берілгендігі, жұмыс сапалығы есепке алынбайды. Көбінесе орташа жұмыс кепіліді жалақысы бар, Жалақысы көп күрделі жұмыс емес. Қазіргі кезде нарықта жұмысты ұқыпты орындайтын және негізі салтты жұмыскерлер. Сондада оларда жас тосқауылынан жақсы жұмыс табуға үміт аз, көбінесе олар (50жастан төмен немесе улкен) немесе рекомендацияның болмауынан. Жұмыскерлердің қажеттеліктері мен мотевациялары әрі қарай зерттеліп және жүйеленуі қажет. Сонымен, мотивация деген не?       

Барлық реферат | Просмотров: 1686 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Аталған Жарлық қазақ даласын өте ауыр жағдайда қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру (мобилизациялау) егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоныс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұқсан келтірді. Іс-жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып, Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды. Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады.
Барлық реферат | Просмотров: 1287 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Нарықты зерттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің  нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1  - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан "таза” құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Барлық реферат | Просмотров: 997 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Әрбір әулеттің, әрбір шаңырақтың өзіндік дәстүрі, жазылмаған ережесі, ұстанар қағидасы болады. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті мен тіршілік қарекеті де осынау қалыптасқан дәстүр аясынан табылып, өніп-өрбіп отырады. Бұл тәлім-тәрбие бір кіндіктен тараған ұрпақтың алдағы өмірлеріне  бағдар, тіршілік-тұрмысына - таусылмас азық. Мұны қалыптастыратын отбасының ұйытқысы, әулеттің ақылшысы әрі алтын қазығы  Ана.

Халық даналығында «Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана жүрек, жүректі құдірет те, Ана тірек, тіректі құрметте. Анашыңың, шыңыңа сағынып жет, Ана күнің, күніңе табынып өт» деп айтуынан-ақ Ана сөзінің қасиетін аңғаруға болады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміздің өнегеге толы өмірі жоғарыда айтылған қасиеттерге толы. Өзінің ғұмырында ел үшін аянбай етіп, балаларын бақытым деп білген Әбуева Төре апайдың ғұмырнамасы өзінше жеке бір тарих.

Барлық реферат | Просмотров: 933 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін— жан біткеннің қамқоршысы, жанашыры. Қасиетті кітап Құран Кәрімде де аяулы да асыл жанның алар орны ерекше. Он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла Тағала адамзат баласын аналарды құрметтеуге шақырады. «Жұмақ ана табанының астында» деген бір ауыз сөздің өзінде анаға деген құрмет пен ізет жатыр. Дана қазақ, анаңды қасиетті шаһар Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның алдындағы парызыңнан құтылмайсың дейді. Иә, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлетін абзал жанға қанша жақсылық жасап, қанша құрмет көрсетсек те артық етпейді. «Баланың табанына кірген тікен, ананың маңдайына қадалады» демекші, бауыр еті баласы үшін өмірдің азабы мен қуанышына, жылуы мен суығына қатар шыдайтын ақ жүректі аналарымыз — Жаратушы Иемізден кейінгі қамқоршымыз.
Барлық реферат | Просмотров: 864 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Қытай философиясының негізгі кезеңдерімен ерекше белгілері.

Қытай философиясы. Қытай философиясының дамуынының негізгі кезеңдері.

VII б.э.д -  III б.э Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің қалыптасуы мен тууы.

 III-XIXб.э –Индиадан Қытайға буддизмнің кіруі және оның ұлттық философиялық мектептердің әсері.

XXб.э – қазіргі таңғы кезең Қытай қоғымының үнсіздігінен өту, Қытай философиясының Еуропамен  әлем философиясының жетістіктерімен толуы.Қытай философиясында көрсетілген әлем мен қоршаған ортаны қытайша көрудің ерекше белгілері .Өз мемлекеті Өытайды әлемнің орталығы деп қабылдау.

Барлық реферат | Просмотров: 794 | Загрузок: 0 | Добавил: adilbek | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Өмірге осы сауалды ән етіп қалдырған Жақсыгелді 1949 жылы құс жолындай созылған Жарық-Жезқазған теміржолы бойындағы Теректінің 70-ші разьезінде дүниеге келді. Әкесі Уәли теміржол бойының шебері болып еңбек етіп, анасы Ақбала үй тіршілігімен айналысқан өз шаруасы өзінде болған қарапайым жандар еді. Тағдыры ауыр басталып, Жақсыгелдінің айлығында «берсен жаныңды, таласып түріңді, көздесем көзіңді аламын» деп келетін аты өшкір «әулие» ауруы бас салды. Іңгәлаған дауысымен ата-анаға қуаныш сыйлағаннан басқа жазығы жоқ сәбиеге осыдан артық қасірет болмады. Баланың бойына дарып кеткен «әулие» ауруы жас сәбиді мүлдем қимылсыз сұлатып тастады. 
Барлық реферат | Просмотров: 1704 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 171-180 181-190 191-200 201-210 211-220 ... 2891-2900 2901-2903