Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 211-220 |
Страницы: « 1 2 ... 20 21 22 23 24 ... 290 291 » |
Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелеп отырмыз. Өткен 2011 жылы Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің дәл сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басылғанымен түсіндірген еді. Осылайша «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде Тұңғыш Президент күні болып белгіленсе, жалпы мұның әлемде бар үрдіс болып табылатынын айрықша атап көрсеткен орынды. |
Қос сөздердің құрамындағы компоненттер я бір сөздің өзінің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан, я оның бір сыңарының не бір буынның, бір дыбысының өзгеріп жамалуынан құралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден салаласып құралады. Қос сөз: қайталама, қосарлама Қайталама қос сөздер - белгілі бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайтьалануы арқылы, не сол сөздің не бір дыбыстың немесе бір буынның өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. М, қора – қора, мая – мая, үлкен – үлкен, қолма – қол, қап – қара т.б. Қайталама қос сөздер компонентерінің ерешеліктеріне сәйкес, қалыптасқан сыртқы дыбысының және морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай төрт түрлі болады. |
Бұлар негізгі грамматикалық мағынасы жағынан сөзжасам аффикстер тобына жатады да, сөйлемде қолданылу, соған сәйкес сөздің түрлену сипатына байланысты, басқа әуелгі сөзжасам қасиетінен арылып, тұлғажасамдық сипат алып кететін реттері бар. Бұлар: -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -қы, -кі, -шы, -ші, -лық –лік – сын есім тудыратын сөзжасамдық қосымшалар. -ша, -ше – үстеу тудыратын сөзжасамдық қосымшалар Бұл аффикстер сөйлеу барысында қолданылатын сөздердің әр алуан құбылыстарға ұшырауына байланысты, реті келген жерде тікелей түбір морфемаларға қосылмай түбірден соң қолданылатын сөзбайлам немесе тұлғажасам аффикстерден кейін барып айтылатын кездері де бар. Дәл осы жағдайда аталмыш аффикстер өзіне тән сөзжасам қабілетін шектеп, тұлғажасам қызметіне ауып кететін жерлері жиі кездеседі. |
Хабарды ести сала қала әкімдігіне хабарласып, Шолпан Исатаеваның мекен-жайы мен байланыс телефонын беруін өтіндім. Іздестіру жұмысын да өзім мойныма алғым келетінін тағы айттым. Дереу Шолпан Исатаеваға қоңырау шалып: «Шенеуніктерге жүктеген аманатыңызды маған тапсырсаңыз екен. Мүмкіндік болса, жұмыс орныма келсеңіз. Мәселенің мән-жайына қанығу үшін әңгімелескім келеді» деп өтінішімді білдірдім. Араға көп уақыт өткізбей Шолпан апайдың өзі де жетті. Самайын ақ шалып, жоғалған жаннан үміті үзілмегені ашық жарқын бейнесінен –ақ көрініп тұр. Қолында қат-қат қағаз. Екі бумаға орап әкелген қағазда екі жанның тағдыры жатыр екен. Амандасып, танысып біліскен соң іле-шала Шолпан апай: «Балам, ақыры менің шаруамды мойныңа алады екенсің. Іздеуге көмек беремін дейсің. |
1. Мәдениет жайлы философиялық түсiнiк 2. Өркениет ұғымы, оның түрлерi 3. Осы заманғы ғаламдық мәселелерi 1. Қоғам және мәдениет ұғымдарың жиi ұштастырады, бiр мағынада қолданады. Бiрақ бұл дұрыс емес, өйткенi бұлар әр-түрлi екi ұғым болып табылады. Қоғам дамып отыратың тiрi организм ретiнде көпсапалы қатынастарда болатың адамдар жиынтығы болап табылады. Мәдениет феноменiн көптеген ғылымдар зерттейдi, олардың әрқайсысы мәдениетке әр-түрлi тұрғыдаң өз анықтамасың бередi. Солардың iшiнде эвристикалық мәнi бар анықтамалар келесi: |
Аманкүл апай дүниеге келгенде анасы ырым етіп, бірнеше ошақтың асты мен қарт аналардың етегіне орап өткізіп, шоқпытқа орап босағаға тастай салған екен. Дүниеге келген сәтінде кіндігін үй арасында ойнап жүрген 13 жасар ер балаға кестіріп ырым етті. Осылай етуіне де себеп болатын. Осы уақытқа дейін дүниеге келген сәбилердің барлығы шетінеп, ана байғұсты зар жылатып кеткен. Жас сәбиін босағаға тастап, қырық күн ырымдағаны да осы себептен болса керек. Бұл оқиға 1943 жылдың 28 тамызында Ұлытауда болған еді. Дүниеге келген нәрестеге Аманкүл деп азан шақырылып ат қойылды. Босағада шоқпытқа оранып, ауыры мен жеңілі қатар жүретін мынау жарық дүниенің адам төзбес азабы мен бас айналдырар бақытынан хабарсыз бейкүнә сәбиді расымен де не күтіп тұрғанын болжап білу де мүмкін емес-ті. |
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние
заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп,
бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан
қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды
модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған
кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға
туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта
жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың
қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады: |
Жезқазған-Ұлытау жұртын былай қойып, әрісі Сыр елі мен берісіндегі Қызылжар аралығындағы даланы кішкене ғана қара сөмкесімен аралап жүріп суретке түсіретін «фотограф Ағаны» ешкім ұмыта қойған жоқ. Әсіресе, бүгінгі күні жасы отыздан асып, қырықтың қырқасына шыққан аға-апаларымыз. Қара сөмкелі ағай ауылға кіре бергенде алдынан жүгіріп шықпай қоймайтын бала болмаушы еді. Бәрінің де жапа тармағай таласып, алдыңғы қатарға бірінші жетуге асығатын себебі - суретке түсіп қалу. |
Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары Мазмұны
|
Мен Жетіқоңыр жерінің «Күлік» деген .қыстағында дүниеге келіппін. Менің әкем – Өксекбай Ақжолұлы, осы жердегі «Қаратүзген» деген қыстақты өмірінің соңына дейін мекен еткен. Баққаны ғұмырының соңына дейін мал болсада, әкем менің қолма – қол сөз қарастыра қоятын ақындығы бар, күмбірлетіп домбыра шертіп, күңірентіп қобыз тарта білетін өнері мен қатар аса әңгімешіл, көне хисса-дастандарды жатқа соғатын, арабша сауаты бар, аласапыран кезеңдердің әр-түрлі оқиғаларын, көз алдыға елестете тұрып, айта білетін, қадірлі де қасиетті адам болды. Жаңа ақындығы бар деп айтып едім ғой, өтірік болмасын төрт жол өлеңін сөзім куә етейін! Екі жеңгем қатар босанып, екеуі де ұл туып, кейіннен өсіп, ойнай бастағанда, әкем екеуін алдына алып отырып, былай деп әзілдейтін: |